Accessibility links

Премьердің әкесінің «ар-намысына тиген» құқық қорғаушы айыппұл төлейді


Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев. Астана, 23 қыркүйек 2011 жыл.

Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев. Астана, 23 қыркүйек 2011 жыл.

Сот қарашаның 7-сі күні Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовтың шағымы бойынша Талас Сағымбаевты «Мәсімовтың ар-намысына тиетін ақпараттар таратқаны» үшін айыпты деп тауып, моральдық өтемақы ретінде 300 мың теңге төлеуге міндеттеген.


Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотының екі апта бұрын шығарған шешімін бүгін ғана алған құқық қорғаушы Талас Сағымбаев ол шешімді аппеляцияға беретінін айтады.

«БІРЖАҚТЫ ШЕШІМ»

Құқық қорғаушының айтуынша, соңғы екі процесc оның қатысуынсыз өткен.

– Мені заңды түрде тыңдамай, сотқа шақырмай, менсіз осындай шешім шығарып жатыр. Мені тіпті сот қарауына да шақырған жоқ, – дейді Талас Сағымбаев.
Мені заңды түрде тыңдамай, сотқа шақырмай, менсіз осындай шешім шығарып жатыр. Мені тіпті сот қарауына да шақырған жоқ

«Сот шешімі біржақты» деген құқық қорғаушы президентке жазған хатын шағым беруші тараптың орта жолда тоқтатып, өзін «заңсыз құқық қорғаушылықпен айналысты» деп айыптағанына да наразы. Талас Сағымбаевтың айтуынша, сот барысында істі қараған судья ешбір өтінішін (судьяны ауыстыру, Мәсімовке психологиялық сараптама тағайындау, т.б.) қарамаған.

Сот сонымен бірге «Время», «КТК» арналарына байланысты да шешім шығарып, олардың осыған дейін Мәсімов туралы шыққан ақпараттарын терістеуді талап еткен.

Талас Сағымбаев 2009 жылы «Время» газетіне, 2010 жылдың ақпан айында «КТК» телеарнасына берген сұхбатында «Қажымқан Мәсімов кәсіпкерлерге қарыз» деген еді.

– Олар менің аузымды жауып, өз проблемаммен әуре болып, кәсіпкерлерге көмектесе алмағанымды қалайды. Осы керек оларға, – дейді Талас Сағымбаев.

«ТАЛАС ШАЛҚАСЫНАН ТҮСТІ»

Қажымқан Мәсімовтің адвокаты Гүлжан Омарова Талас Сағымбаевтың айтқандарын жоққа шығарады. Адвокаттың айтуынша, жауапкер сотқа екі рет шақырылғанмен келмей қойған. Ал заң бойынша мұндай жағдайда сот істі екінші жақсыз жалғастыра береді екен.

– Ол сотқа екі рет келмей қойды. Сотты созуға да құқымыз жоқ, – деді Гүлжан Омарова.

Ол сот Сағымбаевтың өтініштерін қарап, «негіз жоқ» болғандықтан қанағаттандырмағанын айтты.

Шағым иесі «HAS-ER.KZ» компаниясына 250 мың теңгеге куртка бердім деген Гаухар Әйтімбетова ғана емес, өзге де азаматтар алдында «кінәсіз» Қажымқан Мәсімов, "HAS-ER KZ" компаниясының құрылтайшысы. Алматы, 21 желтоқсан 2009 жыл.

Қажымқан Мәсімов, "HAS-ER KZ" компаниясының құрылтайшысы. Алматы, 21 желтоқсан 2009 жыл.

екендігін, оны сот арқылы дәлелдеуге кіріскенін айтады. Қажымқан Мәсімовтің ойынша, «мұның бәрі тапсырыспен жасалған».

– Бәрі ұйымдастырылған болып шықты. Әлгі кранға шыққан (әйел) маған қарыз болып шықты. Ал осыны ай-шайға қарамастан жаза берген ғой. Бір кемпір бар еді – ол ақшаны алған да, бірақ қол қоймай қашып кеткен. Ал куртка жайлы... ол туралы, тіпті, айтуға сөз жоқ. Оны да қазір мен сотқа беріп жатырмын. Осындай жағдай болған соң Талас өзінен-өзі шалқасынан түсті. Түк айта алмай, тіпті, соттың жартысынан қашып кетті, – деді Қажымқан Мәсімов Азаттық тілшісіне.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG