Accessibility links

ҰҚК-нің қызметтегі генералы Ілиясов 13 жылға сотталды


ҰҚК генералы Әбдіразақ Ілиясов. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.

ҰҚК генералы Әбдіразақ Ілиясов. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.

2013 жылдың соңғы айында Қазақстан шекара әскерлері тағы бір басшысынан айырылды. Жемқорлық бабы бойынша айыпталып, 13 жылға сотталған Әбдіразақ Ілиясовтың генерал шенін әлі қайтарып алған жоқ.

Желтоқсанның 30-ы күні Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы Ербол Ахметжанов «жемқорлыққа жол берді, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптармен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметі «Батыс» басқармасының бұрынғы басшысы, генерал Әбдіразақ Ілиясов пен оның қарамағында жұмыс істеген үш қызметкерге қатысты үкім шығарды.

Шекара әскерлері басқармасында қызмет істеген Әбдіразақ Ілиясов – сотталған алғашқы ҰҚК генерал.

АЙЫПТЫ МОЙЫНДАУ МЕН МОЙЫНДАМАУДЫҢ ҚҰНЫ

ҰҚК-нің 56 жастағы генералы Әбдіразақ Ілиясов – 13 жылға, 29 жастағы капитан Айдос Ғабдуллин – 11 жылға, шарт бойынша қызмет атқарған 32 жастағы аға сержант Абай Есімов 10 жылға сотталды. Тағылған айыптарды үшеуі де Судья Ербол Ахметжанов. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.

Судья Ербол Ахметжанов. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.

мойындамайды. Үкімге сәйкес, сотталғандардың мүлкі де тәркіленеді. Сот әскери шенінен айыру туралы өтініш жолдағандықтан, Әбдіразақ Ілиясовті генерал шенінен де айыруы мүмкін.

Өз айыбын толық мойындап, жасаған қылмысына шын өкінетінін айтқан 38 жастағы подполковник Думан Елемісов қылмыстық жазадан босатылды.

Ілиясов, Ғабдуллин және Есімов Алматы қаласындағы тергеу абақтысында отырғанына көп болды. Подполковник Елемісовке қатысты қолданылып келген үйқамақ түріндегі шектеу шарасы тоқтатылып, сот оны босату туралы қаулы шығарды.

Бұл іс бойынша әуелі 21 адам айыпталған еді. Бірақ жасаған қылмысына өкінгені үшін олардың 17-сі тергеу барысында куәгерлер қатарына ауыстырылды.
Генерал Әбдіразақ Ілиясов қарамағындағы қызметкерлермен бірге қылмыстық топ ұйымдастырып, шетелдік кәсіпкерлерден ақша бопсалаған.

Прокуратура «генерал Әбдіразақ Ілиясов қарамағындағы қызметкерлермен бірге қылмыстық топ ұйымдастырып, пойызбен немесе автокөлікпен Өзбекстаннан Ресейге барып, кері қайтатын шетелдік кәсіпкерлерден Қазақстан шекарасы арқылы кедергісіз өту үшін ақша бопсалаған» деп санайды. Прокурордың мәлімдеуінше, «Бейнеу», «Тәжен Авто» және «Сырым Авто» бекеттері арқылы өткені үшін шетел азаматтары қылмыстық топқа 100 миллион теңгеден асатын (660 мың долларға жуық) пара төлеген.

Елемісовтен басқа сотталушылардың адвокаттары үкімге қатысты шағымданатынын мәлімдеді. Сот процесіне алқабилер қатысты.

ІЛИЯСОВ ГЕНЕРАЛ ШЕНІНЕН АЙЫРЫЛУЫ МҮМКІН

«Қорғаныс министрлігінен сотталған генерал көп, ал ҰҚК-ден сотталып отырған алғашқы генерал – осы Ілиясов» дегенді прокурор бұрынғы айыптау сөздерінде талай айтқан.

Генерал Әбдіразақ Ілиясовтың адвокаты Геннадий Нам: «Куәгерлердің айтуынша, Қазақстанның батыс шекарасындағы пара алу фактілері генерал Адвокат Геннадий Нам. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.

Адвокат Геннадий Нам. Алматы, 30 желтоқсан 2013 жыл.

Ілиясов «Батыс» шекара қызметінің аймақтық басқармасына басшылыққа тағайындалғанға дейін де болған, ол қамалғаннан кейін де тыйылған жоқ» дейді Азаттық тілшісіне.

Адвокаттың айтуынша, прокурор тағылған айыптарды дәлелдейтін бір де бір айғақ келтірген жоқ. Генерал Ілиясовқа тағылған «пара алды» деген айыпқа қатысты Геннадий Нам: «Айып тағылғанымен, оны дәлелдейтін ақша жоқ» дейді.
Бастықтарға күйеуімнің принципшілдігі жақпады.

Генерал Әбдіразақ Ілиясовтың әйелі: «Бастықтарға күйеуімнің принципшілдігі жақпады. Бұрын ол Шонжыдағы спирт контрабандасы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі заңсыз ұн тасымалдау жолын кескені үшін бастықтардың қаһарына ұшыраған. Енді «героин жолын» жапқаны үшін оның өзін түрмеге жауып қойды» дейді.

Генералдың әйелі «Оның үстіне, Қазақстан генералдарының ішінде элиталық білім тек менің күйеуімде ғана бар. Сондықтан көбі оны шекара қызметі басшысы етіп тағайындай ма деп қорықты» деген уәж айтады. Оның айтуынша, Мәскеудегі Михаил Фрунзе атындағы академия мен Бас штаб академиясының күндізгі бөлімін бітірген генерал Әбдіразақ Ілиясовтың әскери ғылым докторы деген ғылыми дәрежесі бар.
«Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты тексеру орталығы» (OCCRP) халықаралық ұйымы Қазақстанның әскери басшылығын жемқорлық жайлаған деп санайды.

«Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты тексеру орталығы» (OCCRP) халықаралық ұйымы Қазақстанның әскери басшылығын жемқорлық жайлаған деп санайды. Былтырғы желтоқсан айынан бері Қазақстан шекара әскерлерінің бірнеше басшысы қамауға алынды. 2012 жылдың желтоқсанында Шымкент түбінде апатқа ұшыраған әскери ұшақ бортында отырған адамның барлығы қаза тапты. Оның ішінде шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен шекара әскерлерінің басқа да басшылары болған. Апатқа ұшыраған ұшақты жөндеу кезінде жемқорлыққа жол берілгені анықталды. Биыл қаңтар айында осы апатқа байланысты генерал Алмас Әсенов тұтқындалып, «әскери техниканы жөндеу барысында коррупциялық қылмыс жасады» деген айыппен 11 жылға сотталды.

2013 жылы қаңтар айының соңында Қазақстан шекара қызметі бас басқарамасының бұрынғы бастығы, әскери техниканы жөндеу мен қару-жарақ сатып алу жөніндегі келісім-шарттарға қатысы болған генерал Талғат Есетовтің кабинетінен оның оқ тиген өлі денесі табылды. Тергеу орындары генерал «өзіне өзі қол салған» деген ұйғарым жасады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG