Accessibility links

Әмірова Әблязов пен Еуропарламентті де айтты


"Алға" партиясы Алматы қалалық комитетінің жетекшісі Айжангүл Әмірова мұнайшыларға байланысты баспасөз мәслихатында. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.

"Алға" партиясы Алматы қалалық комитетінің жетекшісі Айжангүл Әмірова мұнайшыларға байланысты баспасөз мәслихатында. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.

Ақтаудағы сотта 29 тамызда күні бойы «Халық майданы» қозғалысының бұрынғы белсендісі Айжангүл Әміровадан жауап алынды.

Кеше Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовке байланысты Ақтауда өтіп жатқан сот процесінде адвокаттар куәгер, «Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшысы Наталья Әжіғалиеваға психологиялық сараптама жасау туралы өтініш жасаған еді. Бүгін сот ол өтінішті қанағаттандырмады.

Кеше сот алдында жауап бере бастаған тағы бір куәгер Айжангүл Әмірова бүгін «қорғау тарапы өзіне қысым жасап жүргенін» айтып, сотқа шағымданды.

«ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ТІРІ ЖҮРСІҢ БЕ?»

– Бұрындары телефон шалып, «Әлі күнге дейін тірі жүрсің бе?» деген мазмұндағы хаттарды электронды жәшігіме жіберетін. Ал кешенің арғы күні түс кезінде сағат 14:24-те маған ортақ танысымыз – жас қыз хабарласты. Адвокат Сәрсембина, оның кім екенін білетін боларсыз. Сіз оған хабарласып, маған «шектен шықпау туралы айтуды» тапсырған екенсіз. Құрметті сот, осы мәселені қарастыруыңызды сұраймын, – деді Айжангүл Әмірова.

Владимир Козловтың адвокаты Венера Сәрсембина ешкімге мұндай «өтініш Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

жасамағанын» айты. Сот бұл сұрақты басы ашық күйде қалдырды.

Айыпталушы Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова: «Бұл Сәрсембинаны істен алшақтатудың амалы болуы мүмкін. Себебі қазақ тілін жақсы меңгерген адвокат істе айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоқ екенін талай мәрте айтып, куәгерлердің айтқанына күдік келтірген еді» деп жазды Facebook желісінде.

«АЛҒА» МЕН ЕУРОПАРЛАМЕНТ

Айжангүл Әмірова бүгінгі сотта тіркелмеген «Алға» партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің жетекшісі болып жүрген кездегі қызметі жайлы да айтты. Ол көбінесе партияның ұйымдастыру ісіне ғана қатысқанын, үнемі «шетте жүргенін» баяндады. «Партиядағы үйлестірушілік қызметіңіз үшін қанша төледі?» деген сұраққа «60 мың теңге» деп жауап берді.

Айжангүл Әмірованың сөзіне қарағанда, «Алға» партиясының ереуілшілерді қолдап, қуғындалған мұнайшыларға адвокат жалдауға көмектесіп отырған». «Алға» Солдан оңға қарай: тіркелмеген «Алға» партиясының өкілдері Кенже Әденов, Владимир Козлов және Айжан Әмірова. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Солдан оңға қарай: тіркелмеген «Алға» партиясының өкілдері Кенже Әденов, Владимир Козлов және Айжан Әмірова. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

партиясы ереуілшілерге қанша ақша бөлді?» деген прокурордың сұрағына:

– Нақты сома көлемі айтылған жоқ. Бірақ қаржы сол жаққа бағытталып отырды, – деп жауап берді Әмірова.

Ол сотқа берген жауабында Жаңаөзендегі оқиғаны халықаралық деңгейде айтқан Еуропарламент депутаттары мен «Алға» партиясының арасында байланыс бар деп сендіруге тырысты.

– Европарламент депутаты (Марек) Мигальскиймен кездесу Козловтың үйінде өтті. Ол журналистермен әңгімелескен жоқ. Оны 10 метр жерден түсірді, – деді Айжангүл Әмірова.

«БІЗДІҢ РЕСУРСТАР»

Айжангүл Әмірова 2011 жылы ЕҚЫҰ жиынына мұнайшылардың баруын Владимир Козлов ұйымдастырғанын, «Мұхтар Әблязовтың маңғыстаулықтарға арналған 1500 үнпарақтан тұратын үндеуін де» алғанын, ол үндеу мұнайшыларға таратылғанын айтты.

Мемлекеттік айыптаушылардың бірі «Республика», «К-Плюс», «Взгляд» газеттерінің арасында қандай байланыс бар?» деп сұраған кезде:

– Олар – бір-бірімен байланысты ақпарат құралдары. Мен «Алғада» жүрген кезде Полицей "Алға" партиясының белсендісі Айжангүл Әмірованы тұтқындап жатыр. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Полицей "Алға" партиясының белсендісі Айжангүл Әмірованы тұтқындап жатыр. Алматы, 19 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

оларды «біздің ресурстар» деп жиі айтатын, – деп жауап берді Айжангүл Әмірова.

Адвокат Алексей Плугов Әмірованың «ақпарат құралдары біржақты, мұнайшыларға қалай ыңғайлы, соны береді» деген сөзін мысалға келтіріп:

– Ал сіз айтып отырған нәрсенің екінші қыры қалай? Сіз мысал келтіре аласыз ба? – деп сұрады.

– Есімде жоқ. Жазып алып, ертең жауап берсем бола ма? – деді Айжангүл Әмірова.

Twitter-де соттан тікелей трансляция жасап отырған адамдар «бүгін Әмірованың даусында қатты толқыныс сезілгенін» жазды. Соған байланысты сотта анда-санда шағын үзіліс жарияланып отырды.

Айжангүл Әмірова 2012 жылы қаңтардың 6-сында Ақтау қаласында тұтқындалып, маусымның 22-сінде босап шыққан. Оған да «әлеуметтік араздық қоздырды» деген айып тағылған. «Халық майданы» оппозициялық қозғалысының белсендісі Әмірова 2011 жылдың жазы мен күзінде ереуіл жасаған Жаңаөзен мұнайшыларына моральдық және ақпараттық қолдау көрсеткен адам ретінде аталған.

Оппозициялық ұйымдар 2012 жылы қаңтарда Айжангүл Әмірованы «Азаттық» сыйлығына лайық деп тапқан.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG