Accessibility links

Сотқа Атабаевтың өзі келмеді, бірақ жауабы оқылды


Режиссер Болат Атабаев. Германия, 27 тамыз 2012 жыл.

Режиссер Болат Атабаев. Германия, 27 тамыз 2012 жыл.

Адвокаттар қарсы болса да, Германияда сапарда жүрген режиссер және оппозициялық саясаткер Болат Атабаевтың куәгер ретінде берген жауабы Ақтаудағы сотта оқылды.

31 тамыз, жұма күні Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында «әлеуметтік алауыздықты қоздырды», «елдің конституциялық құрылымын күшпен құлатуға шақырды» және «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айып тағылған азаматтар – «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов, оппозициялық саясатшы Серік Сапарғали және азаматтық белсенді Ақжанат Әминовқа қатысты сот процесі жалғасты.

Бүгін азаматтық белсенді, куәгер Айжангүл Әміровадан жауап алу аяқталып, театр режиссері Болат Атабаевтың тергеу кезінде куәгер ретінде берген жауабы оқылды. Режиссердің өзі Германиядан әлі оралған жоқ. Оған мәдениет қайраткерлері арасында жоғары беделге ие Гете халықаралық медалі тапсырылған еді.

АТАБАЕВТЫҢ ЖАУАБЫ

Қорғаушы тарап Болат Атабаевтың сотта болмауына байланысты оның жауаптарын өзі Қазақстанға оралып, сот отырысына қатысқан кезде жариялау жөнінде өтініш берген. Алайда прокурорлар бұл өтінішке қарсы шықты. Судья Атабаевтың жауаптарын өзі жоқта тыңдау туралы шешім қабылдады.

Сот отырысынан жүргізілген блог-репортаждарда тергеушілердің «Қазмұнайгаз» компаниясы мұнайшылардың тұрмысын жақсарту үшін қандай істер атқарып Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Екінші қатарда солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

жатқанын білесіз бе?» деген сұрағына Атабаев бұл жайында білмейтінін айтқаны жазылған.

«Ереуілге шыққандармен кездесу кезінде өзіңіздің іс-әрекетіңіздің салдары тәртіпсіздікке ұласатыны туралы ойладыңыз ба?» деген сұраққа Болат Атабаев «ондай салдар жайында ойламағанын» айтқан.

Болат Атабаев мұнайшылардың бірнеше айға созылған ереуіліне байланысты тағылған саяси айыптар бойынша қамауда болған. Алайда шілденің 3-інде Атабаевтан барлық айып алынып тасталып, ол «өз ісіне өкінген» адам ретінде куәгерлер қатарына өткен. Атабаев «тергеу кезінде куәгер ретінде берген жауаптарында Козлов пен оппозиция ісі бойынша істері қаралып жатқан басқа жандарға зиян келтіретіндей ештеңе айтпағанын» хабарлаған.

Тәуелсіз блогер Дмитрий Щелоковтың айтуынша, прокурор Атабаевтың жауаптарын тез оқыған. Ал азаматтық белсенді Әміровадан жауап алу үш күнге созылды.

КОЗЛОВ ӘМІРОВАҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

Сот барысындағы тағы бір маңызды кезең – Айжангүл Әміровадан жауап алу аяқталды. Одан жауап алу үш күнге созылды. Соңғы күні Әмірова ерекше мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұрын сотта жауап алу үстінде куәгер Әмірова Козловтың қорғаушыларының бірі Венера Сәрсенбинаның араға кісі салып, қысым көрсеткенін айтқан. Венера Сәрсенбина бұл айыпты арандату деп атап, мойындамады.

Айжангүл Әміровадан жауап алу аяқталған соң кейбір сотталушылар күтпеген "Алға" партиясы Алматы қалалық комитетінің жетекшісі Айжангүл Әмірова мұнайшыларға байланысты баспасөз мәслихатында. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.

"Алға" партиясы Алматы қалалық комитетінің жетекшісі Айжангүл Әмірова мұнайшыларға байланысты баспасөз мәслихатында. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.

жерден сөз алып, тілектерін жеткізді. Серік Сапарғали Айжангүл Әміровадан «өткен жылы жазда көп көмегі тиген» анасына алғыс айта баруды өтінді.

Козлов былтыр Жаңаөзеннің ереуілге шыққан мұнайшыларына көрсеткен көмегі үшін Әміроваға алғыс айтты. Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаровпен телефон арқылы сөйлескен сөзінен үзінді келтірді. Бұл әңгіменің «құпиясы» осы процесте жария болған. Козлов Жаңаөзенде тек Айжангүл Әміроваға ғана толық сенетінін Алдамжаровқа айтқан.

– Владимир Козлов Айжангүл Әміроваға «осы күнге дейін сол пікірінде қалатынын» айтты, – дейді оқиға орнынан хабар таратқан тәуелсіз блогер Дмитрий Щелоков.

Азаматтық белсенді Айжангүл Әмірова «әлеуметтік алауыздықты қоздырды» деген айыппен 2012 жылы қаңтарда Ақтауда қамауға алынған. Ол маусымның 22-сінде айыпкерлер қатарынан куәгерлер қатарына ауыстыруға байланысты босатылды. «Халық майданы» оппозициялық қозғалысының белсенді мүшесі ретінде Әмірова Жаңаөзен мұнайшыларына өткен жылдың жаз-күз айларында қолдау көрсеткен.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG