Accessibility links

Куәгерлер «президент болу» туралы да айтты


Оппозициялық саясаткер Владимир Козлов сотта отыр. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Оппозициялық саясаткер Владимир Козлов сотта отыр. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Қыркүйектің 3-і күні Ақтау қаласында Козлов, Сапарғали және Әминов ісі бойынша өтіп жатқан сотта Жаңаөзен оқиғасы бойынша төрт жылға сотталған мұнайшы Талғат Сақтағанов та куәгер ретінде жауап берді.

Бүгін сотқа куәгер ретінде әуелі мұнайшы Ұлан Имашев шақырылды. Сөзін мұнайшылардың ереуілінен бастаған Ұлан Имашев қарапайым жұмысшылардың «саяси талап қоймағанын, Жаңаөзенге оппозициялық саясаткерлер келгеннен кейін еңбек дауы саясилана бастағанын» айтты.

«ПАРТИЯ КӨМЕКТЕСТІ»

«2006 жылы да ереуіл болды. Бірақ 2011 жылғы ереуіл неліктен қантөгіспен аяқталды?» деп сұрақ қойған прокурорға:

– 2006 жылы мұнайшыларға ешкім көмектескен жоқ, ереуіл мұнайшылардың пайдасына шешілді. Ал соңғы ереуіл ұзаққа созылды және ешкім ештеңе шешпеді. Бізге партия («Алға» – ред.) көмектесті, – деп жауап берді мұнайшы Ұлан Имашев.

Ол Жаңаөзенге келген азаматтардың еңбек дауын шешу үшін заңгерлер мен экономистер әкелуге уәде бергенін, бірақ ол уәде орындалмағанын айтты.

Айыпталушы Владимир Козлов куәгер Ұлан Имашевқа:

– «Халық майданы» қозғалысы заңгерлер мен экономистер әкелуге уәде етті» деп айттыңыз. Ал маусымның 6-сы күні бірден үш заңгерді Жаңаөзенге әкелгенін білесіз бе? – деп сұрап еді, Ұлан Имашев «жоқ, білмеймін» деп жауап берді.

«БАСШЫЛАР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІДЕН ҚОРЫҚТЫҚ»

Бүгінгі сотта куәгер ретінде шақырылған азамат, Жаңаөзен оқиғасы бойынша төрт жылға сотталған мұнайшы Талғат Сақтағанов өзгелерге қарағанда ұзақ сөйледі. Ол түске дейін 2008 жылы басталған ереуілдер туралы, жұмысшылардың жалақысы, ЕҚЫҰ жиынына сапары, Козлов пен Әблязов жайында айтты.

«1,8 және 1,7 коэфициент туралы мұнайшылардың талабы заңсыз болғанын кеш түсінген» Талғат Сақтағанов 2011 жылы Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның жиынына Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

экономист Қанат Берентаев, қоғам белсенділері Жанболат Мамай және Болат Атабаевпен бірге барғанын, өзінің сапарын Владимир Козлов қаржыландырғанын хабарлады.

Талғат Сақтағанов сол кезде Владимир Козловпен сөйлескенін, Козловтың «елбасы мен оның күйеу баласы, отбасы туралы жиі айтып, сынағанын» айтты.

– Козловпен болған әңгіме есімде. Ол Әблязовтың шахматты жақсы ойнайтынын, тактикасы мықты екенін айтты. «Әблязовтың президент болғанын қалайсыз ба?» деп сұрағанымда «оның өзі болмайды, бірақ айналасында президент болуға лайық адамдар көп» деп жауап берді, – деді Талғат Сақтағанов сотта.

– Козлов билікке Әблязовты әкеліп, адамдарды соңынан ерту туралы айтқан. Мұны растайсыз ба? – деп сұрады прокурор

Бұл сұраққа «иә, растаймын» деп жауап берген Талғат Сақтағанов Еуропадағы Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

ЕҚЫҰ жиынында сөйлеген баяндамасының мәтінін Козловтың өзі жазып бергенін, ол жаққа не себепті барғанын түсінбегенін және барғанына өкінетінін мәлімдеді.

Түстен кейін қорғау тарапының сұрақтарына жауап берген Талғат Сақтағанов «Неліктен өздеріңіз заңгерлер мен экономистерге жүгінбедіңіздер? деген сұраққа «Жергілікті басшылар мен жұмыс берушілерден қорықтық» деп жауап берді.

Ол өзінің саясаткер емес екенін, саясаттан хабары жоғын баса айтып отырды.

Бүгін кешке қарай сотта қорғау тарабынан келген куәгерлер сұрала бастады. Бірінші болып Ахмет Еркін Мұқанұлы жауап берді. Ол Козлов пен Сапарғалиға жақсы мінездеме бере келе, Сапарғалидың «Әблязовпен байланысы жоғын», Жаңаөзенге мұнайшыларға көмектесу үшін өз еркімен келгенін айтты.

Мұнан кейін тіркелмеген «Алға» партиясының белсенді мүшесі Фатима Қасенова сұралды.

ЖАУАП БҰРМАЛАУ, ЗАҢ БҰЗУ

Ақпарат бойынша, «әлеуметтік араздықты қоздырды», «елдің конституциялық құрылымын күшпен құлатуға шақырды» және «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айып тағылған азаматтардың («Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов, оппозициялық саясатшы Серік Сапарғали және азаматтық белсенді Ақжанат Әминов) сотына бүгін Ұлыбритания және Польшадан бірнеше құқық қорғаушы келген.

Ақтауда өтіп жатқан сотта 1 тамыз, жұма күні Германияда сапарда жүрген режиссер және оппозициялық саясаткер Болат Атабаевтың куәгер ретінде берген жауабы оқылған еді. Режиссер бүгін Facebook әлеуметтік желісінде «сотта оқылған жазбаша жауаппен келіспейтінін», жауаптың «бұрмаланғанын» айтты.

Өткен аптада Еуропарламент депутаты Марек Мигальский халықаралық құқық қорғау ұйымдарының деректеріне сүйене отырып, оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың сотында өрескел заң бұзушылықтар болғанына алаңдайтынын мәлімдеді. Депутат қазақ билігін «саяси астары бар қылмыстық істі мүлде тоқтатуға» шақырған еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG