Accessibility links

​Курамшин және камерадағы егеуқұйрықтар


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 19 шілде 2011 жыл.

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 19 шілде 2011 жыл.

Түрмеге қамалған азаматтық белсенді Вадим Курамшин камерасындағы кеміргіштерді құрту жұмыстары дұрыс жасалмағанын, денсаулығына зақым келгенін айтып шағымданды. Түрме әкімшілігі оның камерасында егеуқұйрықтар жоқ дейді. Курамшинге құқық қорғаушының барғаны туралы есеп омбудсменге жіберілді.

Түрмеге қамалған азаматтық белсенді Вадим Курамшин Солтүстік Қазақстан облысының Горный ауылындағы ерекше режимдегі колония камерасындағы санитария талаптарына қарсы жағдайды айтқан. Оның камерасын егеуқұйрықтардан зарарсыздандырады, бірақ ол шарадан кеміргіштерге қарағанда белсендінің өзі қатты жапа шегеді.

- Ол камерада тыныстау, ұйықтау, отыру мүмкін емес дейді. Содан кейін жүрек-қан тамырлары сырқаты қайтадан күшейіп кетті. «Тек шағын терезе (форточка) алдында ғана ұйықтай аламын дейді, - деп жеткізді оның сөзін Екатерина Курамшина.

Ол камерада тыныстау, ұйықтау, отыру мүмкін емес дейді. Содан кейін жүрек-қан тамырлары сырқаты қайтадан күшейіп кетті. «Тек шағын терезе (форточка) алдында ғана ұйықтай аламын дейді.

Соңғы рет ол жұбайымен маусымның 16-сы күні қысқа кездесу өткізді.

- Соңғы рет кездескенде ол бір егеуқұйрықтың екіншісін көз алдында кеміріп тастағанын айтты, - дейді Екатерина Курамшина.

Шағымнан соң оны серуенге шығарып, камераға улы химикат сепкен, бірақ бұл құрал кеміргіштерге ықпал етпепті, «мүлдем шіріген еден олардың жүгіруіне кедергі келтіре алмайды» дейді азаматтық белсендінің әйелі.

Курамшиннің «санитарлық тәртіпке қарсы ең жаман жағдайда» екені туралы шілденің 8-і күні Socialismkz.info сайты «Вадим Курамшинді наразылық ретінде аштық жариялауға итермелеп жатыр» деген мақалада баяндады.

Бұл мақалада Курамшинді басқа камераға ауыстырмағаны, «оның дымқыл карцеріне дезинфекция жасаймыз деген желеумен хлор мен кеміргіштерге қарсы у құйғанын, ғимаратты жуу немесе желдету мүмкін еместігі» туралы айтылады.

ІН МЕН ИІС

Түрмеге қамалған азаматтық белсендінің жақтастары мен бірқатар құқық қорғаушылар бұл жағдайды азаппен теңестіруге болады дейді. Олар Вадим Курамшиннің денсаулығына алаңдайды.

СҚО бойынша қоғамдық бақылау комиссиясы төрағасы Александр Верстаков Курамшинге маусымда барып қайтыпты.

- Камерада егеуқұйрықтар бар, оны растадық, кірсең олардың іні де, олар тескен жерлерді де көресің, исі де шығып тұр. Оны басқа ғимаратқа ауыстыруға кеңес бердік, - дейді ол Азаттыққа.

Камерада егеуқұйрықтар бар, оны растадық, кірсең олардың іні де, олар тескен жерлерді де көресің, исі де шығып тұр. Оны басқа ғимаратқа ауыстыруға кеңес бердік.

Курамшин отырған «Жамансопка» түрмесіне бару туралы СҚО бойынша Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) филиалының есебі қазақстандық омбудсмен Асқар Шакировке жіберілген. ҰАТ облыстық филиалы төрайымы Марина Нистолий маусым айында Вадим Курамшинге барды, бірақ Азаттыққа тиісті «келісімсіз» оның қамаудағы жағдайы туралы ештеңе айтпайтынын мәлімдеді.

«ЕШҚАНДАЙ ЕГЕУҚҰЙРЫҚ ЖОҚ»

Курамшин жазасын өтеп жатқан түрмені Жамансопка атайды. Курамшин былтыр көктемнен бері қатаң тәртіпте қамауда отыр. Ақпан айында бұл режимді тағы бір жылға созды. Қатаң тәртіпте қамау түрме ішінен шықпау дегенді білдіреді, тұтқын ұзақ уақыт кездесу мен телефон шалу құқығынан айырылады.

«Жамансопка» түрме басшысы полковник Уәлихан Байтасов Азаттық тілшісімен сөйлескен кезде түрмедегі антисанитарлық жағдайды теріске шығарды, Курамшиннің ақпараты кезекті «жарнама» дейді:

Жалғызтау аталатын бұл жотаны жұрт "Жамансопка" атап кеткен.

Жалғызтау аталатын бұл жотаны жұрт "Жамансопка" атап кеткен.

- Тағы да өзіне назар аударғысы келеді, жарнама жасап отыр. Ойдан шығарды. Ешкімде жоқ, ал оның камерасында егеуқұйрық бар екен. Мен ол егеуқұйрықтарға «Курамшиннің камерасына барыңдар! Шықпаңдар!» деген бұйрық беріппін бе? Күлкілі ғой! Кезекті жарнама. Қалыпты камера, ешқандай егеуқұйрық жоқ.

Түрмеге барған прокуратура мен санэпидемстанция қызметкерлері, түрме басшысының айтуынша, оны түрмеде ұстау жағдайынан еш тәртіп бұзушылық таппаған.

Тұтқын Вадим Курамшин камерада жалғыз отыр, түрме басшысының сөзіне қарағанда, «қасына ешкімді отырғызбауды» өзі қалаған.

- Бұдан соң, артық әңгіме шықпасын деп оны жалғыз отырғыздық, - деп түсіндіреді полковник Байтасов.

Ешкімде жоқ, ал оның камерасында егеуқұйрық бар екен. Мен ол егеуқұйрықтарға «Курамшиннің камерасына барыңдар! Шықпаңдар!» деген бұйрық беріппін бе? Күлкілі ғой! Кезекті жарнама. Қалыпты камера, ешқандай егеуқұйрық жоқ.

Екатерина Курамшина күйеуінің жалғыз отыруды қалағанын растайды, себебі арандатудан қорқады және камерада жалғыз отырғанда жалғыздықты сезінбейді, алаңсыз ойланып, жаза алады деді. Бірақ жаңа жылдан соң оны егеуқұйрығы бар суық және дымқыл камераға ауыстырды дейді ол.

Тұтқын Вадим Курамшиннің осы жағдайы туралы әйелі бас прокуратура мен қазақстандық омбудсмен атына жазды. Бір апта бұрын бас прокуратурадан «түрме қызметкерлерінің заңсыз әрекеті» туралы шағымы СҚО облысы прокуратурасына жіберілгені жайлы хат келді. Басқа мекемелер тіпті ондай да жауап бермеді деп күйінеді Екатерина Курамшина.

Тұтқындар құқын қорғау үшін күрескен құқық қорғаушы Вадим Курамшин 2012 жылдан бері «бопса жасады» деген айыппен түрмеде отыр. Ол бұл айыптауды терістейді. Қазақстандық құқық қорғау ұйымдарының бірқатары оны саяси тұтқын деп таныды. Билік Вадим Курамшинді қудалауда саяси астар бар дегенді жоққа шығарады.

Мақаланы орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG