Accessibility links

"Құрманғазы-Пушкин" постері соты


"Құрманғазы-Пушкин" постері соты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:56 0:00
Жүктеп алу

Бүгін Алматының Алмалы аудандық 2-сотында Құрманғазы мен Пушкиннің суреті бейнеленген даулы постерге қатысты сот басталды. Сот басталарда судья Талғат Садықов «кедергі жасайсыңдар» деп, ақпарат құралдары өкілдерін залдан шығарып жіберді. Сотқа бақылаушы ретінде келген Қазақстандағы Freedom House өкілі де қатыса алмады. Жауапкер жақтың - Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің адвокаты Жохар Өтебеков "сотқа түскен шағымның бұлыңғыр тұстары бар" екенін айтады. Адвокаттың сөзінше, судья қосымша дайындыққа және мәселені бейбіт түрде шешу туралы ойлануға үш күн уақыт берген. Ал шағым беруші жақтың - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы студенттерінің өкілі журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Алматы, 13 қазан 2014 жыл. (Видео авторы Мақпал Мұқанқызы).

XS
SM
MD
LG