Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекара дауы


Қазақстанға кететін канал басына киіз үй тігіп отырған қырғыз азаматтары. Қырғызстан, 8 шілде 2013 жыл.

Қазақстанға кететін канал басына киіз үй тігіп отырған қырғыз азаматтары. Қырғызстан, 8 шілде 2013 жыл.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су дауына енді жер дауы қосылды. Қырғыздың сегіз малшысы қазақ шекарасынан өтіп мал жайғаны үшін қамауда отыр.

Қырғызстандық Динара Бегинбаева есімді адамның 16 шілдеде Азаттық радиосы Қырғыз қызметіне айтуынша, Ыстықкөл облысының сегіз тұрғыны 11 шілдеден бері Қазақстанда қамауда жатыр.

«ШЕКАРАДАН МАЛ ӨТІП КЕТІПТІ»

– 11 шілдеде Көккөл жайлауындағы бес малшының малы байқаусызда Қазақстан шекарасына кіріп кетіп, малды айдап шығып бара жатқанда оларды қазақ шекарашылары ұстап алған. Олардан малын алуға барған үш қырғызстандықты да қазақ шекарашылары қамаған. Ертеңінде Қырғызстан шекара қызметінің өкілдері барып, келіссөз жүргізгеннен кейін 800 қой мен 18 жылқыны қайтарып берді. Ал балалар аттарымен қамауда жатыр, – дейді Динара Бегинбаева.

Оның айтуынша, «оқиға болған жерде шекара сымы тартылмаған, жұрт бұрын да малдары өтіп кетіп, қайта айдап әкеліп жүрген».

Динара Бегинбаева «Қазақстанның талабы бойынша қамаудағы азаматтар жайлы анықтама жібергендерін, оларды қазақ билігі өз заңдары бойынша жауапқа тартқалы жатқанын» айтты.

Қырғызстан шекара қызметінің хатшысы Гүлмира Бөрібаеваның Азаттыққа айтуынша, Қазақстан шекарасында ұсталған сегіз адамның бірінен аңшы мылтығы табылғанына байланысты келіссөз қиынға айналуы мүмкін.

– Қазақ тарабы бұл оқиғаны тергеп жатыр. Тергеу аяқталса, ол азаматтарды Қырғызстанға қайтарып алу туралы келіссөз жүргіземіз, – деді Қырғызстан шекара қызметінің хатшысы Гүлмира Бөрібаева 16 шілде күні Азаттық тілшісіне.

«МАЛ ЖАЮҒА РҰҚСАТ ЕТКЕНБІЗ»

Ал Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеевтің Азаттық тілшісіне айтуынша, қырғыз азаматтарының Қазақстан аумағына мал Қазақстанға кететін судың бөгелген тұсы. Қырғызстан, 8 шілде 2013 жыл.

Қазақстанға кететін судың бөгелген тұсы. Қырғызстан, 8 шілде 2013 жыл.

жаюына Жамбыл облысы басшылығы рұқсат еткен. Ол бұл рұқсатты көрші ел азаматтары Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойған соң бергенін айтады.

– Шекараның ортасынан кесіп, мал айдайтын жерді ашып бердік. Енді біздің территориямызға кіріп мал жаяйық деді. Оны да мақұл дедік: «Таудың арасы ғой, жайса жая берсін» деп. Оған да келісіп отыр облыс әкімі. Кеше Жамбыл облысының әкімі Қырғызстанның Талас облысының губернаторымен кездескен. Бірақ су мәселесі әлі шешілмей жатыр, – деді Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеев шілденің 16-сы күні Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, «Қызыларық және Ақтөбе ауылдары бір аптадан бері сусыз отыр».

Азаттық тілшісі Жамбыл облысы әкімшілігінен мәлімет ала алмады. «Облыс әкімінің қырғыз малшыларының шекарадан мал өткізіп жаюына рұқсат еткені рас па?» деген сауалды ҰҚК шекара қызметінің оңтүстік бөлімшесінің баспасөз өкілі Пернебек Біләлбековке қойдық. Ол түске дейін хабарласқанымызда «Тиісті мекемелерден нақты ақпарат алып беремін» деп уәде еткен еді. Алайда түстен кейін «Орталық аппараттың баспасөз қызметі өздері жауап беретін болды» деді. Ал ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен бұл мақала жарияланғанша жауап болмады.

ДАУДЫҢ БАСЫ

Қазақстан мен Қырғызстан арасында соңғы кезде шыққан шекара дауы 7 шілдеде басталған. Сол күні Қырғызстанның Талас облысы Қарабура ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары Қазақстанмен арадағы шекара бөлісімен келіспей, өзеннен тартылған «Быстроток» су каналын бөгеп, Қазақстанның Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойған еді.

ВИДЕО: Қазақ-қырғыз жер дауы


Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі 16 шілде күні осы оқиға жайлы мәлімдеме жасап, қырғыз билігін су каналын тезірек қалпына келтіруге шақырды.

Елшіліктің дерегінше, «бір аптадан бері судың жоқтығынан Жамбыл облысы Жуалы ауылының диқандары ғана емес, төмен жақтағы қырғыз ауылдары да жапа шегіп жатыр».

– Мұндай тәртіп бұзу шекарадағы су ресурстарын бірге пайдалану келісімдеріне Қазақстанға кететін су басында отырған қырғыз азаматтары. Қырғызстан, 8 шілде 2013 жыл.

Қазақстанға кететін су басында отырған қырғыз азаматтары. Қырғызстан, 8 шілде 2013 жыл.

және халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді, – деді елшіліктің баспасөз хатшысы Ғали Шаймақов Азаттық тілшісіне.

Осы аптада Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Бішкекке барады деп хабарланды. Ол сапарда шекара мәселесі айтылар-айтылмасы әзірше белгісіз.

Қырғызстанның Талас ауданындағы суды бөгеген азаматтар Қазақстандыкі деп танылған, ұзындығы 13 шақырым, аумағы 4,5 мың гектар жерді Қырғызстанға қайтару; екі ел арасында 2012 жылғы келісім бойынша бөлінген 2,6 мың гектар жердегі белгілерді алып тастау; екі ел шекарасын өзен арқылы өткізу туралы талап қойған еді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 1241 шақырымдық шекараны бөлісу келісімі 2009 жылы аяқталып, екі тарап та оны ресми түрде мойындаған.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG