Accessibility links

Қазақстан мен Қырғызстанның бірігуі Путинсіз де мүмкін емес


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес елдер кеңесінің саммитіне келген Қырғызстан президенті Роза Отынбаеваны қарсы алып тұр. Алматы, 21 қазан 2011 ж.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес елдер кеңесінің саммитіне келген Қырғызстан президенті Роза Отынбаеваны қарсы алып тұр. Алматы, 21 қазан 2011 ж.

Қырғыз ғалымы Зайнудин Құрманов Қазақстан мен Қырғызстанның конфедерацияға бірігуі идеясын айтып қалды. Алайда сарапшылардың айтуынша, Владимир Путин Кремльге қайта оралса да, бұл елдердің бірігуі жолында үлкен кедергілер бар.


Орталық Азия өңірінде әлдебір бірлестік құру жайлы алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. Бұл - ауық-ауық айтылып тұратын мәселе. Мысалы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия одағы жайлы мәлімдеген болатын. 2003 жылы Тәжікстанның демократиялық партиясының лидері Еуроодақ үлгісі бойынша «Орталық Азия – біздің ортақ үйіміз» деген бірлестік атымен бірігуге шақырды.

Қазақстан және Қырғызстан конфедерациясын құру идеясы да айтылды, оның келешекте федерацияға айналар түрі бар секілді. Идея авторы – Бішкектен шыққан профессор Зайнудин Құрманов. Атап айтқанда Орталық Азия өңірі шеңберінде интеграция идеясының түрлі нұсқалары сөз болып жүр.

Бірақ Владимир Путиннің Еуразиялық одақ құру туралы мәлімдемесі тұсында бұл ниеттің келешегі қандай болмақ, ол келесі жылы Кремльге қайтып келгенде не істемек?

СЕЗІМ АРАЛАС ДӘЛЕЛДЕР

Конфедерация жайлы идеяның авторы Зайнудин Құрмановтың мәлімдеуінше, Қазақстан мен Қырғызстанның конфедерация болып одақтасуына ендігәрі ештеңе кедергі бола алмайды.

– Осы іспеттес одақтың құрылуына да едәуір салмақты негіздер бар. Қазақстан мен Қырғызстанның одақтасуына арналған жағдайлар ең жақсы дейтіндей-ақ. Бізді бірыңғай мәдениет пен өркениет кеңістігі біріктіріп тұр. Қазақтар мен қырғыздар арасында бар мұндай бірлік әлемнің еш халқында жоқ. Оның үстіне әлемде қазақтар мен қырғыздар сияқты бір-біріне осыншалықты жақын болатындай халықтар жоқ. Әрі Қырғызстан парламентінің төрағасы Зайнидин Құрманов сөз сөйлеп тұр. 24 желтоқсан 2009 ж.

Қырғызстан парламентінің төрағасы Зайнидин Құрманов сөз сөйлеп тұр. 24 желтоқсан 2009 ж.

бұл интеграция еуразиялық интеграция жолында тосқауыл болмайды. Бұл конфедерацияны әрмен қарай біздің қалайша алға бастыратынымыз өзімізге ғана байланысты, - дейді қырғыз профессоры.

Алайда онымен қазақ саясаттанушысы, «Центр Азии» журналының бас редакторы Сұлтан Әкімбеков келіспейді. Оның ойынша, конфедерация құруға арналған объективті жағдайлар туралы айту біршама ерте.

- Оған қоса, егер біз Қазақстан мен Қырғызстан жайлы нақты ұсыныс туралы айтып отырсақ, осы елдер арасындағы көзге ұрып тұрған өркениет ортақтығын жоққа шығармай-ақ, басқа да факторлардың барын ұмытпау керек. Мәселен, бүгінде біздің саяси жүйелеріміз әр басқа. Бұл - бір. ЖІӨ бірдей емес, бір-бірімен салыстыруға да келмейді,- дейді Сұлтан Әкімбеков.

Оның айтуынша, қырғыз профессоры алға тартып отырған дәлелдерде сезім жағы басым. Бұл дәлелдер, көбінесе, психологиялық сипатта болып келеді. Бірақ
Бізді бірыңғай мәдениет пен өркениет кеңістігі біріктіріп тұр. Қазақтар мен қырғыздар арасында бар мұндай бірлік әлемнің еш халқында жоқ.

нақты саясат тұрғысынан алғанда бұл дәлелдер Қазақстан үшін артықшылық емес.

- Себебі бұл шындығында саяси жүйенің белгілі бір шамада өзгеруіне де әкеліп тірейді. Бұл экономикаға да, бюджетке де салмақ салады. Осы нәрселердің барлығын бәрі бір де теңестіру қажет болады, - дейді Сұлтан Әкімбеков.

Профессор Зайнудин Құрмановтың конфедерация жайлы идеясына белгілі қырғыз саясаткері Алматбек Матубраимов та негіз таппай отыр. Ол осы идеяның негізінде саясат көбірек жатыр деп есептейді. Алматбек Матубраимовтың айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстанның мемлекеттік құрылыстары әртүрлі.

– Басқа қырынан алғанда, қазіргі күні Кеден одағы құрылған, оған Қырғызстан кірмейді, бірақ ол – Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі. Сонымен елдеріміздің арасында бар осы және көптеген басқа да нақты кедергілерді еңсеріп барып, конфедерацияға бірігу аса қиын болмақ, - дейді Матубраимов.

Бірақ Алматбек Матубраимов Қазақстан мен Қырғызстанның нақты бірігуіне бөгет болған толып жатқан қарама-қайшылықтармен қатар, осы елдерді жақын одақтастыққа итермелей алатындай бірқатар факторларды да атап көрсетеді. Осы факторларға ол Орталық Азия үшін өмірлік маңызға ие су және энергетикалық ресурстарды жатқызады. «Не дегенмен, не болса да, бізге бірігу қажет», - деп түйіндеді Алматбек Матубраимов.

БАСҚАЛАРДАН КОНФЕДЕРАЦИЯ ШЫҚПАДЫ

Алматыдағы «Альтернатива» көкейтесті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев әлем ауқымындағы тарихи тәжірибеге сілтеме жасай отырып, конфедерация сияқты әртүрлі мемлекеттерді біріктірудің осындай түрі бүгінгі күні жоқ деп есептейді. Швейцария, конфедерация деп аталғанымен, сонда да, Чеботаревтың ойынша, бәрі бір федерацияға көбірек ұқсайды.

Оның үстіне, саясаттанушы үшінші әлем елдерінде конфедерация құру тәжірибесін үйренуді ұсынып отыр, оларға, Чеботаревтың айтуынша, дәрежелері бойынша Қазақстан мен Қырғызстан жатады. Бірақ олардың барлық үлгілері тым сәтсіз болды деп есептейді саясаттанушы.

Андрей Чеботарев 1958-1961 жылдары Египет пен Сирия кірген Біріккен Солдан оңға: Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев, Қытай басшысы Ху Цзиньтао, Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Өзбекстан президенті Ислам Каримов ШЫҰ әскери жаттығулары кезінде. Челябинск облысы, Ресей, 17 тамыз 2007 ж.

Солдан оңға: Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев, Қытай басшысы Ху Цзиньтао, Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Өзбекстан президенті Ислам Каримов ШЫҰ әскери жаттығулары кезінде. Челябинск облысы, Ресей, 17 тамыз 2007 ж.

араб республикасын құру тәжірибесін мысалға келтірді және Малайзияны Сингапурмен конфедерация немесе тіпті бірыңғай мемлекет түрінде өзінше біріктіріп көру жайлы сөз етті. Бұл әрекет те сәтсіздікпен аяқталды.

– Не дегенмен бұл түрлі деңгейдегі әрі түрлі бағыт ұстанған мемлекеттерге бірігу аса қиынға соғатынын көрсетеді. Екі ел бетке ұстарлары деңгейінде бірікпек ықыластың болуы екі-талай. Ынтымақтастықтың әлдебір түрлерін дамытпақшы болса бір сәрі. Су-энергетикалық консорциумды алсақ та, тек оны құру үшін тараптардың ешбірі де нақты амал-шараға көшпей отыр, - дейді қазақ саясаттанушысы.

Осы тұста егер тиісті елдер осындай мемлекетаралық бірлестік – Қазақстан мен Қырғызстан конфедерациясын құруға келіскен болса, мүдделі мемлекеттердің қарым-қатынастарындағы, соның ішінде су, энергетика және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да көптеген проблемалар шешілсе, мәселе басқа. Андрей Чеботарев мұндайда көбірек тиімді тұстарды байқайтынын жеткізді.

Бірақ оған осы мемлекеттік бірлестікті басқарудың қандай механизмінің анағұрлым лайықты боларын болжап айту қиын. Чеботарев былай деп есептейді: орталықазиялық елдердің кез-келгенінің бетке ұстарлары негізгі өкілеттіліктерді әлдебір мемлекеттен үстем органға тапсыруға келісе қоймас.

Сұлтан Әкімбеков пен Андрей Чеботаревтың пікірінше, Ресей, Владимир Путиннің Кремльге қайтып келген жағдайда, басқа постсоветтік мемлекеттердің, соның ішінде Орталық Азияда да, жаңа интеграциялық бірлестік құруына жол бермеуге талпынады. Бірақ Кремльдің мұны қалай жасай алатынын саясаттанушылар алдын-ала айта алмай отыр. Ал әзірше, олардың ойынша, Ресей Кеден одағы, ЕврАзЭҚ және ҰҚШҰ шеңберіндегі амал-тәсілдерге сүйенеді.

Қазақстан мен Қырғызстанның конфедерация болып бірігуі идеясын талқыға салған Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне Қырғызстан парламентінің бұрынғы спикері, елдің бұрынғы бірінші вице-премьері, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Кеден одағы парламентаралық комитетінің бірінші төрағасы Алматбек Матубраимов, Қырғыз-Ресей университетінің профессоры және Қазақстан мен Қырғызстан конфедерациясы жайлы кезегі бойынша соңғы идеяның авторы Зайнидин Құрманов, Алматыдағы «Альтернатива» көкейтесті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев және «Центр Азии» журналының бас редакторы, қазақ саясаттанушысы Сұлтан Әкімбеков қатысты.

Азаттық радиосы дөңгелек үстелінің орыс тіліндегі толық аудионұсқасын тыңдаңыз:

Қазақстан мен Қырғызстанның конфедерациясы туралы дөңгелек үстел

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG