Accessibility links

Қырғызстандағы сайлау – Қазақстан демократиясына да сын


Қырғызстан президенттігіне кандидат Адахан Мадумаровтың жыртылған билборды. Нарын, 14 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан президенттігіне кандидат Адахан Мадумаровтың жыртылған билборды. Нарын, 14 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан 20 жылдық тәуелсіздік тарихында алғаш рет халық қалауына сай сайлау нәтижесі бойынша шынымен-ақ бәсекелі процесс жолымен таңдалған президентке ие болады деген үміт бар.


Қырғызстан президентінің сайлауы 2011 жылдың 30 қазанына белгіленген. Бірақ әзірге тіркелген кандидаттардың ешбірі халықтың көпшілігінен адалдық күте алмайды, бұны саяси динамиканың белгісі ретінде де, аймақтық келіспеушіліктер ретінде де түсінуге болады.

Нәтижесінде сайлау қорытындысы екінші кезеңінде анықталып жатар деген сенім бар, деп пайымдайды Сайлау жүйелерінің халықаралық қоры (IFES) сарапшылары.

Қырғызстан азаматтары, ал бұл 2 миллион 800 мың сайлаушы, жұртшылықтың сайлау процесін мейлінше ашық өткізу ұмбылыстарын бақылап отыр.

Алдағы президент сайлауында сайлауды бұрмалау мүмкіндігін болғызбау үшін, сайлау заңнамасы реформасының қатысушылары сайлаушылардың қосымша тізімдері пайдаланылған тәжірибені қолға алмауды ұйғарды. Тұрып жатқан жері бір, бірақ тіркелген жері басқа азаматтар тұрғылықты жеріне қарамастан конституциялық құқығын пайдалана алады.

«Азаматтық қоғам жоқта елдегі жағдай анағұрлым ауыр болар еді, өзінің белсенділігімен жұртшылық мемлекеттік институттар жұмысының әділдігін қамтамасыз етеді», – деп түсіндіреді Джефф Голдстейн, Open Society Institute институтының аға қызметкері.

ПРЕЗИДЕНТ ЛАУАЗЫМЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАРБАЛАС

Сайлау алдындағы күрес сағат санап қыза бастады. Қыркүйектің 25-інде президентікке үміткер кандидаттарды ресми тіркеу аяқталды. Сайлау басталғанға дейін аз ғана уақыт қалды, бірақ сайлау алдындағы жарыстың аяғына таман қаншама үміткердің қалатынын басып айту әзірше мүмкін емес.

25 қыркүйекте тізімде 20 кандидат болды, бірақ соңыра, бірқатар талқылаудан соң, Орталық сайлау комиссиясында тағы төртеуі тіркелді: Торобия Колубаев, Турсунбай Бакируулу, Нариман Тюлеев және Акбаралы Айтикеев.

Ертеректе олардың жазылатын қағаздары тексерістен өтпей қалды, осының нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы бірнеше үміткерді тіркеуден бас Сайлауалды жарнама. Бішкек, 29 қыркүйек 2011 ж.

Сайлауалды жарнама. Бішкек, 29 қыркүйек 2011 ж.

тартты. Бірақ қабылданбағандар бұл шешімге наразылық білдіріп, сотқа шағым түсірді.

Үміткерлерді тіркеудің алдында, 4 қазанда Орталық сайлау комиссиясы маңында тіркелмеген үміткерлердің бірінің жақтастары Турсунбай Бакируулуны тізімдерге енгізуді талап еткен наразылық акциясы болып өткен.
Біреулер сайлауға қатысу құқығына бола күресіп жатса, өзгелері кандидатураларын алып тастап жатыр.

Сайлау алдындағы жарыстан тағы бір президент лауазымына үміткер – «Эл Бийлиги» («Ел билігі») саяси партиясы атынан қатысқан Исхак Масалиев шығып кетті. Ақпараттық «Репорт» қырғыз қызметі мәлімдегендей, Исхак Масалиевке, өзінің айтуынша, негізгі кандидаттарға қарсы президент мандатына күресу қиынға түседі.

«Себеп – қалта қалыңдығы әрқалай. 2010 жылғы сәуір «революционерлері» Ақаев пен Бакиев жекешелендіру саясатын қате жүргізді деп сендіріп жатты. Ал билікке өздері келді, не өзгерді? Тонап отыратын жекешелендіру жалғасып жатыр. Бұрынғы жемқорлар «еңбек етуді» қоймайды. Бакиев әулетінің дүние-мүлкін тартып алды, сатуға қойды, бірақ неге екені белгісіз барлығын емес. Билікті шетелден басқарып отыр. Оған себеп – жүйенің өзінің орнықтылығы. Мемлекет жүйесінің өзін түпкілікті өзгертуге кірісу керек деп есептейміз», – делінеді Исхак Масалиевтың мәлімдемесінде.

Кандидаттар тізімінде тіркелуге қол жеткізер-жеткізбестен, «Ата-Журт» фракциясының өкілі Нариман Тюлеев 10 қазанда кандидатурасын қайтып алғанша асықты. Ертеректе сайлау алдындағы жарысқа қатысудан оның пайдасына Марат Султанов бас тартқан. Ол президент лауазымына негізгі үміткерлердің бірі болатын.

11 қазанда сайлау алдындағы жарыстан «Твиттер» әлеуметтік желісінде себептерін хабарлап барып, Акылбек Жапаров шығып кетті: «Шиеленістердің тұтануына жол бермей тұрып, мен осы әрекетім арқылы елдегі әлеуметтік және экономикалық ахуалды жақсартуға үлес қоса аламын деп үміттенемін».

ОЗЫП ШЫҚҚАН КАНДИДАТТАР

Кандидаттар арасынан қазіргі сәтте «Ата-Журт» («Ата жұрт») және «Бутун Кыргызстан» («Біртұтас Қырғызстан») партияларының атынан шығып отырған Алмазбек Атамбаев, сонымен бірге Камчыбек Ташиев пен Адахан Мадумаров озып шығып отыр. Олар жайлы Рейтер агенттігінің басылымында баяндалған қысқаша мағлұматтар мынадай:

Алмазбек Атамбаев, 55 жаста. Ол 24 қыркүйекте өзінің Қырғызстан премьер-министрі өкілеттігін тапсырды, Қырғызстанның социал- Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 6 маусым 2011 ж.

Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 6 маусым 2011 ж.

демократиялық партиясын басқарады. 2007 жылы президент Құрманбек Бакиевтің басшылығымен үкіметті басқарды, бірақ кейіннен оппозицияға қосылып кетті. «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының қазақ редакциясы жазғанындай, Алмазбек Атамбаев 2010 жылғы сәуір төңкерісі көсемдерінің бірі болған.

Мәскеуге жиі сапарлайтын Алмазбек Атамбаев Ресей, Қазақстан және Беларусь кіретін Кеден одағына Қырғызстанның қосылуын жақтайды. Ішкі майдандағы басты мәселе деп Қырғызстанның тұтастығына төнген қауіпті санайды, ал бұл солтүстік пен оңтүстіктегі мәдени қайшылықтар мен елдің оңтүстігіндегі ұлттық тәртіпсіздіктерге тамыр тартады.

Ежелден бекіп қалған ұлттың рушылдық пен тамыр-таныстыққа қарсы шыға отырып, Қырғызстанның солтүстігінен шыққан Алмазбек Атамбаев жемқорлықты жою мен саяси және экономикалық реформаларды нығайту мақсатында тазарту шараларын жүргізуге сөз берді, осылайша ол «біртұтас, қуатты әрі өскелең ел тұрғызбақ».

Камчыбек Ташиев, 42 жаста. Бұрынғы төтенше жағдайлар жөніндегі министр, елдің оңтүстігінде оның қолдауы мықты. Ол Құрманбек Бакиевтың Камчыбек Ташиев Азаттық радиосының Бішкектегі студиясында. 21 шілде 2011 ж.

Камчыбек Ташиев Азаттық радиосының Бішкектегі студиясында. 21 шілде 2011 ж.

бұрынғы басшылығын жақтап шыққандардың арасында болған. Ташиев – «Ата-Журт» партиясы лидерлерінің бірі және ұлтшыл мәлімдемелерімен танымал. Парламент сайлауы кезінде алғашқы болып мәреге жеткен оның партиясы президент өкілеттіктерін қысқартуға бағытталған конституциялық реформаларға табанды түрде қарсы шығып жүр. Биыл ол өз партиясынан шыққан парламент депутатымен болған жанжалға қатысып, басқа партияның мүшесін ұрып-соққан.

Адахан Мадумаров, 46 жаста. Мықты тірегі бар оңтүстікте дүниеге келген, Мадумаров – «Бутун Кыргызстан» партиясының басшысы, сайлауда дауыс Адахан Мадумаров. Бішкек, 8 маусым 2010 ж.

Адахан Мадумаров. Бішкек, 8 маусым 2010 ж.

беру тұсында партия парламентке өтуге қажетті көрсеткіштен төмен бола жаздаған соң, өткен жылдың қазан айында жалпыұлттық наразылықтарды ұйымдастырған.

Бұрынғы парламент спикері әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Адахан Мадумаров – ұлтшыл, қырғыз халқы өзінің рухани құдіретінен айырылып, батыстық даму үлгілеріне соқыр сезіммен еліктеп бағады дейді. Оның пайымдауынша, Қырғызстан қырғыз дәстүрлері мен мәдениетіне сәйкес өзінің сара жолынан ауытқымауға тиіс.

ҚАРА PR

Әр партияның қандай сайлау алды стратегиясын ұстанатынын бақылап отыру қызық.

«Республика» партиясының өкілдері саяси рейтингті көтеру үшін шетелдік демеушілердің мүмкіндіктерін пайдаланады, деп жазады Мукаш Каниметов «Белый Парус» интернет-газетінде. Кейбір қырғызтілді газеттер президенттікке үміткер кандидаттардың бірінің қызметін мінеп көрсетіп жатса, басқасын мадақтап жатады.

Талдаушылардың пікірінше, газеттердегі үгіт-насихат кампаниясының Қырғызстандық басылымдар. Бішкек, 26 тамыз 2011 ж.

Қырғызстандық басылымдар. Бішкек, 26 тамыз 2011 ж.

ережелерін бұзу байқалып отыр. Алғашқы 15 күн ішінде бір кандидаттарды қаралап, басқаларын, керісінше, мадақтайтын республикалық қырғызтілді басылымдарда сайлау алдындағы үгіт-насихат ережелерінің шамамен 30 рет бұзылғаны анықталды. Мұндай қарама-қарсылық бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатарында үйреншікті болып кеткен.

«Журналистер» бірлестігінің төрайымы Мэри Бекешова сайлау заңдарының бұзылғанын атап өтті: «Қырғызтілді газеттер, өткен сайлаудағыдай, дәл сол дәрежеде қалуда. Бір кандидат туралы құптап жазады, ал оның бәсекелесінің беделін түсіреді. Бұл арада журналистика стандарттары ғана сақталмай тұрған жоқ, заңдар да бұзылып отыр. Жауапкершілігі жоқ мазмұнды материалдар басым, олардың авторлары ұялмастан өздеріне „ұнамсыз“ кандидаттарды қаралайды».

Оның үстіне үгіт-насихат материалдарының астында аталмыш мақала үшін президенттікке үміткер кандидаттың сайлау қорынан "ақша төленген" деген белгі қойылмайды. Кейбір редакторлар газеттердің олар жайлы көбірек жазуына кейбір саясаткерлердің өздері-ақ мүдделі деп есептейді. «Учур» газетінің бас редакторы Арслан Сартпаев мұны саяси ұйқы-тұйқымен байланыстырады: «Саясатта бүгінгі күні газет беттеріне түсетін арсыз технологиялар қолданылады. Бар бәленің төркіні осында. Қауесет пен өсек дегенді саясаткерлердің өздері таратады, ал біз, оларға сілтеме жасай отырып, бұл туралы жазамыз, ал одан соң өздері келіп ашынады».

АҒАЙЫНДЫ ЕКІ ЖҰРТ

Үкімет құрылымына осы дауыс берудің қалайша әсер ететіні белгісіз, деп жазады Сайлау жүйелері халықаралық қорының Орталық Азия және Кавказ жөніндегі бағдарламасының менеджері Антони Бауэр. 2010 жылы 27 шілдеде референдумда қабылданған Конституцияға сай Қырғызстанда, яғни Орталық Азиядағы алғашқы парламенттік жүйеде, президент билігі айтарлықтай шектеліп, парламент пен премьер-министрдің рөлі артады. Дегенмен кейбір Қырғызстан президенті Роза Отынбаева Құрманжан датқаның 200 жылдығына арналған жиында сөйлеп тұр. Бішкек, 6 қазан, 2011 ж.

Қырғызстан президенті Роза Отынбаева Құрманжан датқаның 200 жылдығына арналған жиында сөйлеп тұр. Бішкек, 6 қазан, 2011 ж.

кандидаттардың пікірлеріне қарап, оларды сайлаған жағдайда олар құдіретті президенттік биліктің қайта орнығуына ұмтылады деген пайым жасауға болады.

Бұл қазіргі президент Роза Отынбаеваны алаңдатып отыр: «Парламенттік жүйе Конституцияда бекітілген, оны референдум арқылы сайлаушылар қолдады. Мұны өзгерту мүмкін емес».

Тағы бір проблема келесідей, 5,5 миллион адамнан тұратын халқы бар бұл таулы ел авторитарлы басқару түріне қайта ығысып бара жатқан Орталық Азиядағы көршілеріне және оның негізгі сауда серіктесі, сонымен бірге еңбек нарығы Ресейге қатты тәуелді. Қазақстанмен арасы тіптен күрделі, себебі авторитарлы Қазақстан географиялық жағдайы бойынша Ресейден жақын. Былтырғы төңкерістің қызған шағында Қазақстан, мәселен, Қырғызстанға өтетін шекараны жауып тастады, осылайша екі тараптың бизнесін бірдей шығынға ұшыратты.

Қырғызстанның демократиялық тәжірибесіне деген Ақорда көзқарасына келсек, бұл арада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев арагідік мынадай әзіл айтып отырудан қашпайды: «Қырғызстан демократия орнатты, ал мен егер оларға жыл сайын 100 мың тонна астық бермесем – олар демократиясыз қырылып қалады».

Бірақ не дегенмен көршілес елдердің мәртебелі саясаткерлері, дәл қарапайым тұрғындары сияқты жұрт алдында бір-біріне жылы шырай танытып отырады, біртуған екі елдің дәстүрлері осындай. Кейде Қырғызстан парламенті қазақ шекарашыларының жебірлігі туралы мәселе көтерсе, келесі аптада Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсына сала алады. Әйгілі советтік кино кейіпкері сарбаз Сухов айтпақшы, «Шығыс – өте нәзік шаруа».

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG