Accessibility links

Жер комиссиясының алғашқы сыңайы


Жер комиссиясының алғашқы отырысы. Астана, 14 мамыр 2016 жыл.

Жер комиссиясының алғашқы отырысы. Астана, 14 мамыр 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында Қазақстанда құрылған жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысының нәтижелері талқыланды. Хабар сарапшысы - осы комиссияның мүшесі, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім.

Мамырдың 14-і күні Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы Астанада өтті. 75 адамнан тұратын комиссияның 70 мүшесі қатысқан отырыс жеті сағатқа созылды.

«Жер кодексіндегі» бірнеше бап – жерді сату және жалға беру мәселелері бойынша Қазақстанның бірнеше қаласында наразылық акциялары болған еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев шілденің 1-і күні күшіне енуі тиіс заң жобасына мораторий жариялап, мәселені шешу үшін арнайы комиссия құруды тапсырған.

Құрылған комиссияның алғашқы отырысы нендей нәтиже берді? Комиссияның құзіреті қандай? Комиссия мүшелерін кім, қандай шартпен жасақтады? Комиссия шешімдерін қандай тәсілмен қабылдайды? Осы және өзге де сауалдарға комиссия мүшесі Дос Көшім жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG