Accessibility links

Қазақстанда қазақ тілінің мәселелері орыс тілінде талқыға салынады


Мұхтар Тайжан, Болатхан Тайжан қорының президенті. Aлматы, 25 мамыр 2010 жыл.

Мұхтар Тайжан, Болатхан Тайжан қорының президенті. Aлматы, 25 мамыр 2010 жыл.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылы Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлесі 60 пайыздан 95 пайызға ұлғаюы тиіс. Алайда осы күнге дейін қабылданған бағдарламалардың іс жүзінде көрінбеуі мәселенің дұрыс жолға қойылмағанын көрсетеді дейді мамандар.




Қыркүйектің аяғында Алматыдағы Саяси шешімдер институтында 2020 жылға дейінгі қазақ тілін дамытуға арналған бағдарлама талқыға салынды. Жиналған мамандар 10 жыл ішінде Қазақстанның 95 пайызын қазақ тілінде сөйлету мүмкін бе деген сұрақ жауап іздеп әлек болды. Жиын бастан аяқ орыс тілінде өтіп, бағдарламаның ұтымды және кемшін тұстары талқыланды.

Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан Қазақстанда тұратын қазақ бола тұра қалада қазақ тілінде сөйлеуде қиындықтарға тап болу дискриминацияның белгісі екенін айтты.

Ал Аспандау ғылыми білім қорының мүшесі Қанат Нұров «Ағылшын тілі – жаһандық шындық болса, орыс тілі – аймақтық шындық. Яғни мен бұрын көтерілген үш тілді саясатты жақтаймын. Себебі біздің басты мақсатымыз мемлекетті сақтап қалу» - деді.

Мемлекеттік тіл мәселелері оырс тілінде талқыға салынған жиында айтылған ой-пікірлерді толығымен хабарымыздан тыңдаңыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG