Accessibility links

Facebook-тегі жазба сотқа ұласты


«Мегаполис» басылымының тілшісі Леонид Юрьев.

«Мегаполис» басылымының тілшісі Леонид Юрьев.

Алматыда интернет портал мен журналист арасындағы дау сотта қаралып жатыр. Сарапшылар мұндай оқиғаның себебін заңның кемшілігінен көреді.

Қарашаның 13-і күні Алматы қаласының Медеу аудандық сотында sports.kz порталының «Мегаполис» тілшісі Леонид Юрьевтің үстінен түсірген шағымы бойынша кезекті сот отырысы өтуі керек еді. Бірақ филологиялық сараптама қорытындысы дайын болмағандықтан сот өтпей қалды.

Бұл сотқа журналист Леонид Юрьевтің биыл маусым айында Facebook парақшасына жариялаған жазбасы себеп болған. Ол sports.kz порталын «ресейлік блогшының интернеттегі материалын сілтеме жасамай қолданып отыр» деп айыптап, портал өзінің де авторлық құқығын бірнеше рет бұзғанын жазған.

Пост жарияланғаннан кейін sports.kz сайты «ар-намысты қорғау» бабы бойынша сотқа азаматтық шағым түсірді. Шағым иесі журналистен жария түрде кешірім сұрауды, 1 миллион теңге төлеуді талап етті.

«ПОРТАЛ МОРАЛЬДЫҚ ШЫҒЫН ШЕККЕНІН ДӘЛЕЛДЕСІН»

Қазанның 7-сінен бері бұл іс бойынша үш отырыс өтті. Журналист Леонид Юрьевтің айтуынша, соңғы отырыста өзінің жазбасындағы бір сөзге Леонид Юрьевтің Facebook-тегі даулы жазбасы.

Леонид Юрьевтің Facebook-тегі даулы жазбасы.

филологиялық сараптама тағайындалған.

Леонид Юрьев портал заңды тұлға екенін, «заңды тұлғада ар-намыс болуы мүмкін емес» екенін айтып, шағымның заңдылығына да күмән келтіреді.

– Заң бойынша, моральдық шығынды тек жеке тұлғаға ғана өндіріп береді. Екіншіден, кез-келген моральдық шығынды дәлелдеу керек. Үшінші отырыстан кейін судья бітімге келуді ұсынды. Бірақ бұл ұсыныс жауапкер жағынан түсуі керек. Шағым иелерінен мұндай ниет байқалмады. Сондықтан меніңше, мен де, олар да соңына дейін барамыз, – деді Леонид Юрьев Азаттық тілшісіне.

«ЖУРНАЛИСТ ПЛАГИАТ БОЛҒАНЫН ДӘЛЕЛДЕСІН»

Шағым иесі sports.kz порталының басшысы Николай Кудыбин журналистерге тек сот шешімі шыққаннан кейін ғана жауап беретінін айтты.

Ал порталдың соттағы адвокат Ғалымжан Нұрпейісов «журналист әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарау керек» деген пікірде.
– Журналист қарапайым азамат емес. Оның сөзін миллион адам оқиды. Журналист іскерлік этиканы сақтауы тиіс, оның сөздері әлеуметтік шиеленіс тудыруға жетелемеуі тиіс.

– Журналист қарапайым азамат емес. Оның сөзін миллион адам оқиды. Миллионның пікірін қалыптастыру – қымбат іс. Журналист іскерлік этиканы сақтауы тиіс, оның сөздері әлеуметтік шиеленіс тудыруға жетелемеуі тиіс, – дейді ол.

Адвокаттың пікірінше, «журналистің сын-ескертпесі болса, оны әлемге жаймай, заңда қарастырылған тәртіпте жеткізуі тиіс».

«Портал плагиатпен айналысып отыр» деген айыпқа қатысты не айтасыз?» деген сауалға:

– Бұл мәселе сотта да көтерілді. Оған судья нүкте қояды. Заңға сәйкес, шағым иесі ақпарат тарағаны туралы факт келтіреді. Ал қалған позиция жауапкерге жүктеледі. Оны (плагиат жасалғанын – ред.) біз емес, Юрьев дәлелдеуі тиіс. Бұл – азаматтық процестің талабы, – деп жауап берді адвокат Ғалымжан Нұрпейісов.

«ОНДА FACEBOOK-ТІ ДЕ СОТҚА ТАРТУ КЕРЕК ЕДІ»

Заңгер Игорь Лоскутов Қазақстанда ақпарат құралдары мен авторлық құқыққа қатысты заңнамада бұлыңғыр тұстар өте көп болғандықтан мұндай проблемаларды шешуде қауқарсыз болып жататынын айтады.

– Авторлық құқық туралы заңда «жаңалық, ақпараттық хабарламалар авторлық құқықтың нысаны бола алмайды» деп жазылған. Бірақ журналист мақаланың кейбір тұсын өңдегенін, кейбірін әдеби мазмұнмен толықтырғанын айтады. Заңгер Игорь Лоскутов. Алматы, 31 наурыз 2011 жыл.

Заңгер Игорь Лоскутов. Алматы, 31 наурыз 2011 жыл.

Сондықтан ол әдеби шығарма, журналистік туынды болып есептелгендіктен оны өз шығармасы ретінде атауға құқысы бар. Бізде осы мәселелерді анықтаумен ешкім айналысып жатқан жоқ, – дейді заңгер.

Игорь Лоскутов Facebook-тегі жазбаға бола пост авторы ғана жауапқа тартылып жатқанын, сол жазбаны жариялаған Facebook-ті сот шақырмағанын еске салады. Заңгер Қазақстанда интернет-сайттар ақпарат құралы ретінде танылғанын айта келе:

– Сайтқа біреу заңсыз пікір жазса, әуелі сайт иесін жауапқа тартады. Мұнда сот Facebook-ке қолы жетпейтінін біледі. Біздегі судьялар осындай бұрыс позиция ұстанып отыр, – деді.

Игорь Лоскутов Қазақстан заңы бойынша заңды тұлғаның «ар-намысы» болмайтынын, тек «іскерлік беделге нұқсан келтіру» бойынша шағым бере алатынын айтты.

Қазақстанда 2012 жылы қабылданған интеллектуалдық меншік туралы заңға интернетке қатысты ұғымдар да енген. Яғни интернетте жарияланған материал, сурет, видео интеллектуалдық меншік түрі ретінде қарастырылады. Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзғандарға жаза қатайтылады.

Журналист пен портал арасындағы сот жүріп жатқан кезде қазақстандық кейбір мамандар қолданыстағы заңға балама ретінде интернеттегі авторлық құқық мәселесін реттейтін Creative Commons лицензиясын енгізуді де ұсынады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG