Accessibility links

Ақтөбелік майорлар Стингтен көмек сұрайды


Британдық музыкант Стинг Италиядағы концертінде. 13 желтоқсан 2006 жыл.

Британдық музыкант Стинг Италиядағы концертінде. 13 желтоқсан 2006 жыл.

Қазақстанның құқық қорғау органдарынан көңілі қалған ақтөбелік екі азамат британдық әнші Стингrе хат жолдады.


Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкерлері Ғалия Мұхамбетова мен Күмісбек Қанымбеков бүгін британдық әнші Стингке хат жөнелтті. Олар Стинг арқылы мәселелеріне ел президентінің назарын аудартқысы келеді.

Бұл хатта Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкерлері басшылықтың өздерін жұмыстан заңсыз шығарып тастағанын баяндайды.

СТИНГТЕН – КӨМЕК

– 2010 жылдың тамыздың 11-і күні полиция департаментінің бастығы Патрис Нокин «өте құпиялы» санаттағы құжаттардың жоғалғаны үшін мені жұмыстан шығарды, – деп жазады полиция майоры Ғалия
Патрис Нокин «өте құпиялы» санаттағы құжаттардың жоғалғаны үшін мені жұмыстан шығарды

Мұхамбетова.

Оның әріптесі майор Күмісбек Қаныбеков те дәл осылайша жұмыстан босаған. Олар бұл құжаттарға еш қатысы жоқ екендіктерін айтады.

Өткен жылдан бері әділдік іздеп, сотқа жүгінген шағым иелері ешқандай нәтиже болмағанын айтады. Олардың айтуынша, соттың екі инстанциясы да департаменттің әрекетін заңды деп тапқан. Майорлар жоғарғы соттың да шешімді өзгеріссіз қалдырарына сенімді.

Құқық қорғау органдарынан көңілі қалған екі азамат мәселеге енді Стингтің араласқанын қалап отыр. Олардың ойынша, тек сол кезде ғана билік мәселелеріне назар аудара бастайды.

– Стингтің арқасында мәселені анықтау үшін Мәсімовтің сол жаққа баратындығы туралы кеше газеттен оқыдым. Менің ойымша, ол да хатымды (президентке) береді. Келіп, мәселенің мән-жайын анықтайды деп ойлаймын, – деді Ғалия Мұхамбетова Азаттық тілшісіне.

Танымал әншіден көмек сұраған Ғалия Мұхамбетова Азаттық тілшісімен сұхбатта әлі күнге дейін өзіне департаменттің басшысы тарапынан қысым жалғасып жатқанын да айта кетті.

Үш баланың әкесі Күмісбек Қаныбеков конституциялық құқықтарының бұзылғанына шағымданады. «Тіпті бізді не үшін жұмыстан босатуының себебін де жөнді айтқан жоқ» дейді ол.

Олардың хатын әншіге жеткізуге Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі де уәде берген екен. Олар осыған дейін хаттың мәтінін ағылшын тіліне
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев. Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл.

аударып, Нью-Йоркта отбасымен тұратын Стингтің электронды жәшігіне жөнелтетінін айтқан.

«БӘРІ ЗАҢДЫ БОЛҒАН»

Ал Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті екі полицейдің шағымын негізсіз деп санайды.

– Олар бізді сотқа берді. Бірақ сот олардың уәжін қарап, «бәрі заңды болған» деген шешім шықты, – деді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.

Астана күніне орай Қазақстанға арнайы шақырылған британдық әйгілі әнші Стинг Маңғыстау мұнайшыларын қолдағанның белгісі ретінде концерт беруден бас тартқан болатын.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG