Accessibility links

Мұсылмандар "Қадір түнін" ұлықтады


"Қадір түнінде" Орталық мешітте уағыз тыңдап отырған жамағат. Алматы, 15 тамыз 2012.

"Қадір түнінде" Орталық мешітте уағыз тыңдап отырған жамағат. Алматы, 15 тамыз 2012.

Тамыз айының 14-інен 15-іне ауған түні Қазақстан мұсылмандары мешіттерге жиналып, дұға жасап, бір-бірін "Қадір түнімен" құттықтады.

"Қадір түні" Алматының орталық мешіті жамағатқа толды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мешіттің ішінен гөрі ауласына жиналғандар көп болған. Олардың арасында жастармен қатар әйелдер және отбасымен келгендер байқалған.
Алматы қаласының бас имамы Құлмұхаммед Маханбет уағыз айтып отыр. Алматы, 15 тамыз 2012.

Алматы қаласының бас имамы Құлмұхаммед Маханбет уағыз айтып отыр. Алматы, 15 тамыз 2012.


Орталық мешітте тарауық намазынан кейін бас мүфти Әбсаттар Дәрбісәлі, Алматының бас имамы Құлмұхаммед Маханбет және өнер - білім өкілдері сөйлеп, мұсылмандарға "мүбарак болсын" айтты.

Бас мүфти сөз арасында Татарстандағы дінбасыларға жасалған қастандықты ауызға алып, "Қазақстанда мұндай жағдайдан құдай сақтасын" деді.

Исламның адамгершілік діні екендігі айтқан Әбсаттар Дербісәлі "Қазақстанда дінге бет бұрғандардың 80 пайызы - жастар" деді. Одан кейін ғалым Мұрат Жұрынов, актер Асанәлі Әшімов және басқа да адамдар сөйлеп, жиналғандарға өзінің тілегін білдірді.

Мешіт сыртына үлкен монитор қойылған. Онда Құран сүрелері мен хадистер жазылған. Мешіт іші қатты ысып кеткендіктен халықтың біразы мешіттің сыртына монитор маңына ауысып отырған. Алматы орталық мешітінің маңында полиция қызметкерлері мен көліктері байқалған.
Орталық мешіттің екінші қабатынан уағыз тыңдап отырған жігіт. Алматы, 15 тамыз 2012.

Орталық мешіттің екінші қабатынан уағыз тыңдап отырған жігіт. Алматы, 15 тамыз 2012.


"Қадір түні" құрметіне орай Қазақстандағы кей мешіттерде Құран жарысы өтсе, кей мешіттерде жиналғандарға сыйлық үлестірілген. Кейбір мешіттердің жанынан діни медреселер ашылды, жаңа діни сайт іске қосылған.

"Қадір түнінде" орталық мешіт қызметкерлері Азаттық тілшісіне кеңірек түсінік беруден бас тартты. Олар бұған ресми рұқсат жоғын көлденең тартқан.

Мұсылмандар "Қадір түнінде" қасиетті Құран түскен деп есептейді. Бұл түні періштелер көктен жерге түсіп, адамның тағдыры айқындалады, Алланың кешірімі нәсіп болады делінеді. "Қадір түні" Рамазан айының 26-сынан 27-сіне ауған түніне сәйкес келеді деп саналады.

Алматының орталық мешітінде өткен "Қадір түнін" осы жерден көре аласыз:
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG