Accessibility links

Отандық кәсіпкерлерді біріктіретін «Атамекен» экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев жеңіл өнеркәсіп саласы белгілі бір баптар бойынша үкіметтің көмегіне зәру екенін айтады:
- Жүн және мақта шығаратын зауыттарға салық деңгейін төмендету қажет. Оның ішінде жаңа жабдықпен технология алушыларға мемлекет тарапынан лизинг немесе банк несиелерінің пайызын төмендету керек.
Индустрия және сауда министрлігінің мәліметінше,Қазақстан көршілес Қытай, Ресей және Таяу Шығыс елдеріне шикізат емес дайын өнім сатуға қабылетті.Тек бір ғана Ресей базарынан 10 миллиард доллар табыс табуға болады, дейді министрлік басшылығы.
Бірақ, ол үшін аталған елдердегідей жеңіл өнеркәсіп саласына қолдау керек. Мысалы, Ресейде былғары экспорты көбейіп кетпес үшін былғарының әр тоннасы үшін 500 еуро кедендік баж алынады.
Алайда, «Атамекен» экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев, шикізат таситын кәсіпкерлерге кеден төлемдерін өсірмеу керек деп есептейді.
- Біздің импорттық операциялар түрлі кедергілерге кездеседі. Біз нарықтық экономика құрғаннан кейін, осындай бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуге үйренуіміз керек, бұл – бір. Екіншіден, отандық кәсіпорындардың әл-әуқатын ескеру керек. Мысалы, барлық мектеп оқушыларын бір киім үлгісіне көшіру - күрделі мәселе. Себебі, Алматыда бұл болған, бірақ қатардағы тұрғындардан талай сын айтылған болатын, - деп Перуашев пікірін премьерге жеткізді.
Алайда, бұл пікірмен Қазақстан жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова келіспейді.
- Отандық тауар өндірушілер елге шикізат пен жабдық енгізген кезде Кеден кодексіне сәйкес кеден бажын төлейді. Ал жеке кәсіпкерлік тауарды ана жерден сатып алып, мына жерде сатады деп бағаланады. Яғни, қосымша құн елде емес, оның сыртында жасалады, - дейді ол.
Худова, жағдайды реттеу үшін, саладағы кәсіпорындарға қосымша құн салығын азайтып, табысқа салынатын салықты 5 жыл бойы мүлде алмауды ұсынады. Тек сонда ғана қосымша жұмыс орындары ашылып, отандық кәсіпорындар шикізат емес, жоғары қосымша құны бар дайын өнім шығара бастайды дейді жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының өкілі.
Бұл саладан бюджетке түсетін салық жыл сайын 2 миллиард теңгеге ұлғайып отырады деп есептелген. Бірақ, жақында Оңтүстік Қазақстан облысында сапармен болған вице-премьер Өмірзақ Шүкеев, аймақта мақтаны өсірген тиімсіз, одан жүгеріге көшу керек деген пікір ұстанып отыр. Мақта қауымдастығының төрағасы болса, мақтадан жүгеріге көшетін болса жеңілөнеркәсіп фабрикалары негізгі шикізатсыз, ал диқандар үйреншікті кәсібінен айырылып, жұмыссыз қалады деген қарсы уәж айтады.
- Бүгін-ертең жүгеріге, басқа дақылдарға өту өте қиын. Біріншіден, одан кейін үкімет тарапынан қолдау көрсету қажет болады шаруаларға. Олардың шығындары екі есеге өсіп жатыр. Оның үстіне, суармалы жерлерде су тапшыболып жатыр. Мақтаарал секілді оңтүстіктегі аудандарда шаруалар тек сонымен ғанакүнкөріп отыр.
Индустрия және сауда министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда өңдеу саласында тек жеңілөнеркәсіптеғана өндіріс көрсеткіштері жыл сайын төмендеп келеді. Жеңілөнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова, қазір елдесырт киім бойынша импорт экспорттан 200 есе, ал көрпе-жастық, төсек жиынтығында бұл көрсеткіш 1000 есе артық деген мәліметтер айтады.
Қазақстандық тұтынушы пайдаланатын киім-кешектің 75 пайызы Түркия, Қытай, Ресей және Қырғызстаннан әкелінеді. 2007 жылы жалпы жергілікті өндіріс өнімдерінің ішінде жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының үлестік салмағы екі есе кеміп, жарты пайызға дейін азайып кеткен.
XS
SM
MD
LG