Accessibility links

Қазақ марафоншысы халықаралық жарысқа қатысуға 300 доллар таппай отыр


Марафоншы Любовь Асанова. Теміртау, 2010 жылдың мамыры.
Марафоншы Любовь Асанова. Теміртау, 2010 жылдың мамыры.

Әлемдегі ірі марафондарға талай мәрте қатысқан Любовь Асанова Гагариннің ғарышқа ұшуының 50 жылдығына арналған Байқоңыр-Саратов үлкен марафонына қатысу үшін 300 доллар таппай отыр.


«Гагарин шақырымдары» деп аталатын марафон Байқоңырда 12 сәуірде басталып, сәуірдің 24-інде Энгельс қаласының маңындағы Гагариннің қонған жерінде аяқталмақ. Марафон Арал, Хромтау, Ақтөбе, Соль-Илецк, Орынбор, Бузулук, Балаково, Саратов, Самара қалалары арқылы өтпек. Марафоншылар Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы 2,1 мың шақырым жолды жүгіріп өтеді.

ГАГАРИННІҢ ҰШУЫ МЕН МАРАФОНШЫНЫҢ ҚОНУЫ

Жыл сайын жүгіруден түрлі жарыстарға қатысып жүрген қазақ желаяғы, 54 жастағы Любовь Асанова жайында Азаттық радиосы бұдан бұрын да бірнеше мәрте әңгімелеген. Ол - Теміртаудағы жалғыз желаяқ және үлкен марафон бойынша Қазақстандағы бірінші рекордшы әйел. Ол жайында газеттерде, кітаптарда жазылып, теледидарда айтып жатады. Тіпті Түркияда ол туралы фильм түсіріп, жаттықтырушы болып жұмыс істеуіне ұсыныс жасалған.

Любовь Асанованың жүгірумен айналысқанына 25 жылдан асты. Осы уақыт аралығында 40-тан астам марафонға қатысты. Ол велоспорт бойынша спорт шебері, Қазақстан спортының құрметті қайраткері, Үлкен марафондардың халықаралық қауымдастығының мүшесі (Мәскеу), марафон бойынша Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Еуропа – Азия халықаралық Стамбул марафонының өз жас тобы бойынша жеңімпазы. Любовь Асанова – жеңілатлетикалық манеждегі алты сағаттық жарыстың жеңімпазы (2010 жыл), Мәскеу – Йоханнесбург (2002 жыл), Алматы – Санкт-Петербург халықаралық үлкен марафондарының қатысушысы. Соңғы марафон Қазақстанның Ресейдегі жылы мен Санкт-Петербургтің 300 жылдығына арналды. Любовь Асанова 20 жылдан астам уақыттан бері Теміртау қаласының мемлекеттік мұрағатында жұмыс істейді.

Любовь Асанова Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 50 жылдығына және Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай сәуір айында өткізілетін халықаралық үлкен марафонға қатысқалы отыр.

- Алдымен Қарағандыдан Байқоңырға дейін жүгірмекші болғанбыз. Бірақ бізде әдеттегідей кедергі жасайтындар жетеді ғой: біресе хатқа қол қоймайды, біресе тағы бір себеп табады. Осылайша, бірінші кезеңнен қалып қоятын болып отырмыз. Сол себепті Байқоңырға өздігімізбен жетіп, сол жақтан
Қазақстанның марафоннан бірнеше дүркін жеңімпазы Любовь Асанова Африкадағы жарыста.
Саратовтағы Гагариннің қонған жеріне дейін жүгіреміз. Жол ұзақ, ара қашықтығы екі мың шақырымнан асады. Жарыстың мәресі сәуір айының соңына жоспарланып отыр, - дейді желаяқ Любовь Асанова Азаттық радиосының тілшісіне.

ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҒЫ

Спортшы әйелдің айтуынша, сәуірдегі үлкен марафонға қатысу үшін ең кемі үш жүз доллар қажет көрінеді, бірақ бұл соманы ол әзірге таба алмай отыр. Мәслихат депутаттарынан, әкімдіктен, спорт бөлімінен сұрап көрдім, бірақ барлығы бас тартты дейді ол. Любовь Асанованың айтуынша, қалыптасқан дәстүр бойынша ресейліктерге Теміртау туралы кітапты сыйға тартпақ болған, бірақ оған осы кітапты да бермей отырған көрінеді.

- Әдеттегідей ақшаның жоқтығы қолбайлау болып жатыр: жалақым аз, оның үстіне мойынымда төлейтін несием бар. Ақшам осыдан-ақ артылмайды. Барлық марафондар мен үлкен марафондарға қатысқан кезімде өзімнің жиған-тергенімді жұмсаймын, кәсіпкер-демеушілер де жиі көмектесіп тұрады. Мемлекеттен ешқандай қолдау жасалмайды. Неге екені белгісіз, барлығы енжар, ешкімге ешнәрсенің қажеті жоқ. Ал енді әлдебір халықаралық марафонда табысқа қол жеткізіп, Қазақстанның атын шығара қалсаң, біздің шенеуніктер бірден «әнеки, біздің жерлесіміз жеңімпаз болды» деп мақтануға даяр тұрады, - дейді спортшы.

Любовь Асанованың айтуынша, оның соңғы үміті - кәсіпкерлерде. Егер олар да көмек беруден бас тартса, онда бұл жолы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған үлкен марафонға Қазақстаннан ешкім қатыспайды.

- Өзге елдердің өз желаяқтарына қалай көмектесетіндігін көргенде қызығасың. Мысалы, Украина желаяқ әйелдерін доллармен көміп тастайды, жан-жақты көмек көрсетеді. Жарыстарда жүрген кезінде олардың жұмысындағы жалақысы да сақталады. Халықаралық жарыстарға өз елінің
Ақша онсыз да жетпейді, сондықтан бассейнді қоюға тура келді
атынан қатысып отыр ғой, сондықтан оны қолдайды. Маған ешкімнің көмектеспейтіндігі жаныма батады. Бұрын, ең болмаса, спорт ардагерлеріне бассейнде тегін жүзуге мүмкіндік берілетін. Ал енді оған да ақша төле деп жатыр. Ақша онсыз да жетпейді, сондықтан бассейнді қоюға тура келді, - дейді Любовь Асанова.

АФРИКАДАН ЖЕТКЕН SOS

Спортшының айтуынша, алдағы үлкен марафонға қатысты жағдай 2002 жылы Африкада болған оқиғаны еске салады. 20 адамнан тұратын команда шілде айында жарысқа шығып, қыркүйек айында ғана қайтып оралған. Сол жолы өлім аузынан қалдық дейді спортшы әйел.

- Сол жолы тіпті қайтып оралмайтын шығармыз деп ойлағанмын. Ол кезде бізді демеушілеріміз алдап кетті. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Ақшасыз, тамақсыз қалдық. Жерге қатты картон қағаз төсеп ұйықтадық. Алдымен бізді паромға жібермей қойғандықтан бірнеше күн Анталияда тоқтап қалдық. Бұдан соң Иорданияға кіргізген сияқты болады, біресе кері қайтарады. Суданға дейін жүгіріп жетіп, сол жерде тағы тұрып қалдық. Суданда ол кезде азамат соғысы болып жатқан, сондықтан бізді ары қарай жібермей қойды. Енді қайда барамыз? Дәл осы кезде джунгли ормандары басталған. Амалсыздан SOS белгісін жіберуімізге тура келді. Бағымызға орай, біздің жіберген белгімізді естіген «Аэрофлот» компаниясы елге қайтуымызға көмектесті, - деп еске алады Любовь Асанова.

Биыл желаяқ әйел тағы бір үлкен марафонға, Қытайдан Қазанға дейінгі халықаралық жарысқа қатыспақ.

- Әзірге бұл спорт түрін тастайтын ойым жоқ. Жасым 54-ке келсе де, бұған денсаулығым жарайтын сияқты. Бірақ ақшаның жоқтығы қолбайлау болып тұр. Дәл қазір дәруменді тағамдар жейтін уақыт, бірақ оған қол қысқа. Әрине, қиындау. Сәуір айындағы үлкен марафонда қалай жүгіретінімді білмеймін. Тек тамақ жағы ғана емес, талай нәрсеге ақшам жоқ.

ЛЮБОВЬ АСАНОВАНЫҢ БАНК РЕКВИЗИТТЕРІ

Құрметті оқырмандар, спортшыға қаржылық көмек бермек ойыңыз болса, Любовь Асанованың банк реквизиттерін хабарлаймыз. Оған бар болғаны 300 доллар қажет. Оның валюталық шоты жоқ, жедел аша қоюдың да біраз әуре-сарсаңы бар. Сол себепті спортшының теңгелік реквизиттерін хабарлаймыз.

«Қазақстанның Халық банкі» АҚ
Банктің СТН-і (РНН) 600200048129
БИН 94 014 0000 385
БИК HSBKKZKX
ИИК KZ 76 60 11 000 22 03 06 55 77
Любовь Асанованың шот нөмірі: KZ 81 60 10 00 20 00 23 27 64
XS
SM
MD
LG