Accessibility links

Прокуратура жастарға «Мой мир» арқылы жақындамақ


Маңғыстау облыстық прокуратурасының "Мой мир" желісіндегі парақшасы

Маңғыстау облыстық прокуратурасының "Мой мир" желісіндегі парақшасы


Маңғыстау облыстық прокурорының көмекшісі Алмас Сәрсенбаевтың айтуынша, қазіргі кезде жасөспірімдердің басым бөлігі «Мой мир» және «В контакте» әлеуметтік желілерінде көп отыратындықтан аккаунт дәл солардан ашылып отыр.

Прокуратура өкілінің мәлімдеуінше, жасөсіпірімдер өзіне көрсетілген әлімжеттік жағдайларды айтудан қорқып сескенгендіктен көп жағдайда қылмыстар ашылмай қалады. Ол осы аккаунттар арқылы кез-келген жастың анонимді түрде сұрақ қоя алатынын немесе хабарлама жібере алатынын айтады.

БІРТЕ-БІРТЕ FACEBOOK-КЕ ЖЕТУ

Әлеуметтік желі арқылы түскен кез-келген сұрақ немесе хабарлама зерттеліп тескеріледі. Бұл аккаунттарда әртүрлі мазмұндағы арыздар: оқу орындарындағы жемқорлық, ақша жинау, әлімжеттік жасау т.б қарастырылмақ.

Алмас Сәрсенбаевтың сөзінше, бұған байланысты қазір прокуратура өкілдері мен психологтардың жедел тобы құрылған.

- Мобильді топтар мектепте сауалнама жүргізген кезде күштеп тартып алу жағдайлары туралы оқушыларға сұрақ қойды. Көбісі мұндай жағдайда өздерін айтқысы келмейді ғой. Кейбірі «иә» дегенмен нақты айтпады. Сол себепті осы мәселеге басқа жағынан қарап, басқа амал қолданып отырмыз, - деді өкіл Азаттық радиосына.

Ол «әзірге, парақшамызға сұрақтар түскен жоқ» дейді.
Сәрсенбаев алдағы уақытта Facebook сияқты өзге желілерден аккаунт ашу жоспарда бар екенін айтып өтті.

АҚПАРАТ ЖАҢАРТУ МӘСЕЛЕСІ

«Мемлекеттік органдардың интернет арқылы өз халқымен байланыс орнатуға тырысып жатқандығы қуантады» деген блогшы Жалғас Ертай әйтсе де «тек аккаунт ашып қана қоймай ресми орындар мәселеге жан-жақты қарау керек» деп санайды.

- Мысалы, аталған облыстың прокуратурасы тек қана «Мой мир», «В контакте» сервисінен аккаунт қана ашып қоймай, өздерінің сайттарын белсендірек жүргізіп, әсіресе ақпаратты сол сайт арқылы таратып және ол сайттарға жергілікті қолданушылардың қызығушылығын арттырып отыратындай болса, - деді Жалғас Ертай.

Ол елдегі мемлекеттік органдардың әлеуметтік желідегі белсенділігін төмен деп бағалайды.
"Еркін интернет үшін" қозғалысының белсендісі Дмитрий Щелоков. Орал, 18 қазан 2010 жыл.

"Еркін интернет үшін" қозғалысының белсендісі Дмитрий Щелоков. Орал, 18 қазан 2010 жыл.


- Мысалы, «egov.kz» сайты дұрыс қызмет атқармайды. Статистика бойынша жыл сайын ондағы беріліп жатқан құжаттардың көлемі артып келе жатыр екен. Бірақ оны халық әсіресе, интернетті белсенді тұтынып отырған халық сезініп отыр деп айта алмаймын, - деді Жалғас Ертай.

Тәуелсіз блогшы Дмитрий Щелоковтың айтуынша, көптеген дамыған елдерде мысалы, АҚШ-та әрбір полиция органының Facebook-та парақшасы болуы тиіс. «Алайда прокуратураға қатысты естімеген екем, бәлкім бар шығар» деді ол.
Оның айтуынша, ерте ме, кеш пе әйтеуір, ресми органдардың аккаунт ашуына тура келеді.

- Мәселе ол аккаунттың жұмыс істеуінде. Бос парақшаны ашып қойып, одан нәтиже күтіп отыруға болмайды. Әуелі ол парақшаға қажетті ақпараттар салу керек. Тек пайдалы ғана ақпараттарды. Сосын оны күн сайын маңызды жаңалықтармен жаңартып отыру қажет. Пайдалы ақпарат деп нені айтамыз? Сізге қатысты қандай да бір қылмыс жасалды делік, мұндай жағдайда азаматтар не істеуі керек? Қалай істеу керек? Парақшада түрлі заңдарға сілтеме, телефондар, т.б. болса, - деді Дмитрий Щелоков.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG