Accessibility links

Алматыда өткен БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған медиа құрылтайда Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Сарапшылар елдің ақпарат кеңістігі ресейлік телеарналардың ықпалында қалғанын, қазақстандық телеарналарды дамыту жолдарын айтты. Олардың айтуынша, мұндай тенденция интернетте де қайталанып келеді. Мамандардың бірі «елдегі ақпарат кеңістігінің иесі өзіміз болу үшін» ақпарат құралдарын мемлекет қаржылық тұрғыда көмектесу қажет десе, тағы бірі табиғи жолмен бәсекелестікті күшейтіп, ақпарат құралдарына еркіндік беру керектігін айтты. Алматы, 14 қараша, 2014 жыл. Видео авторы Мақпал Мұқанқызы

XS
SM
MD
LG