Accessibility links

Министр Абаев қазақстандық BBC туралы армандайды


Мемлекеттік БАҚ-тың парламенттегі көрмесі. Астана, 5 декабря 2016 года.
Мемлекеттік БАҚ-тың парламенттегі көрмесі. Астана, 5 декабря 2016 года.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев парламентке келгенде депутаттардың көбі қазақстандық телеарналарды «көру мүмкін емесіне» және журналистік зерттеулер жоқ екеніне шағымданды. Баспасөзді қорғаушылар БАҚ-қа қатысты заңның бұрынғысынан да күшейгенін айтады.

Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігінің дерегі бойынша, қазақстандықтардың 88 пайызы жергілікті телеарналарды көреді. Парламент депутаты Гүлнәр Ықсанованың айтуынша, көру деңгейі бойынша қазақстандық телеарналар алтыншы және жетінші орындарда тұр. Гүлнәр Ықсанова «қазақстандықтардың 64,8 пайызы жергілікті газеттерді оқымайды және қазақстандық аудиторияның 35 пайызы ақпаратты ресейлік БАҚ-тан алады» дейді.

Қазақстандық БАҚ-тың жағдайы
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:37 0:00
Жүктеп алу

ӘРТҮРЛІ ДЕРЕК

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен депутат Гүлнәр Ықсанова парламенттегі үкіметтік сағатта қатар баяндама жасады, бірақ әртүрлі ақпарат ұсынды. Абаевтың мәлімдеуінше, респонденттердің 40 пайызы жарияланған материалдарға қызығушылық танытпағандықтан газет оқымайды.

Отандық ақпарат ресурстарының арасынан танымал сайттар қатарына енгені – Nur.kz пен Zakon.kz

– Google корпорацияның тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеу Қазақстандағы интернет-пайдаланушылардың 86 пайызы күн сайын онлайн-режимде болатынын көрсетті. Респонденттердің 76 пайызы ақпарат іздеген кезде ең алдымен интернетті қарайды. Отандық ақпарат ресурстарының арасынан танымал сайттар қатарына енгені – екі ақпараттық ресурс Nur.kz және Zakon.kz, қалғандары – шетелдік сайттар, әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелері, – дейді парламент депутаты Гүлнәр Ықсанова.

Парламент депутаттары цифрларға қызықпады. Михаил Чирков неліктен жергілікті телеарналардың алдағы жылы Астанада өтетін EXPO туралы өте аз мәлімет беріп жатқанын сұрады. Өзгелері «журналистер репортаж дайындаған кезде тілдің тазалығы мен көркемдігіне мән бермейді» деп қынжылды, бірақ сол материалдардың сапасы мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында салық төлеушілердің миллиардтаған сомасын шығындау туралы сұрамады.

– Әдеби тіл, BBC тілі болуы керек екеніне ешкім дауласпайды, осы бағытта жұмыс істейміз. Ағылшын тілінің үлгісі BBC болса, біздегі негізгі мемлекеттік арналар соған ұмтылады, – дейді Дәурен Абаев.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС

Министр Абаев өзінің мекемесі «жергілікті БАҚ-ты қолдау үшін бірқатар ынталандырушы тетіктерді» әзірлегенін айтты. Оларға түнгі уақытта алкоголь өнімдерін жарнамалауға рұқсат етпек және журналист емес, бірақ осы салада жұмыс істейтін блогерлер мен фрилансерлерді азаматтардың ақпараттық өрісіне тартпақ. Егер олар өздерін ресми тіркесе, мемлекеттік ақпарат тапсырысын алуға қатыса алады. Бұл мақсатқа келер жылы бюджеттен 1,6 миллиард теңге бөлінеді екен.

Абаевтың айтуынша «Қазақстан ойын-сауық контентін толық қамтамасыз етіп отыр, әртістер стадионға халық толтыра алады», ал жаңалықтар контентінің жағдайы нашарлау. Министр халықаралық жаңалықтар бойынша сарапшылар пікірін беруде қиындық бар екенін айтады.

Астанадағы құқықтық медиа орталықтың заңгері Гүлмира Біржанова Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы БАҚ-тың көбі мемлекеттен ақша алып, оны насихат құралы ретінде қолданатынын айтты.

Тұрғындар қазақстандық арналарды көрмейді, негізінен ресейлік телеарналарды немесе интернетті қарайды.

– Қазір бізде жүріп жатқан мемлекеттік ақпарат саясатын өзгерту қажет, осыншама ақша құюдың қажеті жоқ. Оған татымайды да. Контент өте төмен, тұрғындар қазақстандық арналарды көрмейді, негізінен ресейлік телеарналарды немесе интернетті қарайды, – дейді Гүлмира Біржанова.

ЖОҒАЛА БАСТАҒАН ЖАНР

Депутаттар ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа «қазақстандық БАҚ-та сараптама аз, журналистік зерттеулер жоқ» деп шағымданды.

Парламент депутаттары ЕҚЫҰ мен жергілікті медиа белсенділердің Қазақстандағы ғайбатты қылмыс деп танымау туралы ұсынысын сол беті қолдамады, «қоғамның мәдениеті мен менталитеті оған дайын емес» деп сылтауратты. Депутаттардың айтуынша, кейбір жарияланған пікірден соң адамдар күйзеліске түсіп, өліп қалуы да мүмкін екен.

Баспасөзді қорғаушылар мен журналистердің көбі Қазақстандағы журналистік зерттеу жанры түрмеден бір-ақ шығаруы мүмкін екенін айтады. Қазір тілшілер дәлелсіз ақпаратты таратқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылып, бірнеше миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін, тіпті басылымды жауып тастауы да ғажап емес.

Парламенттегі жиыннан шыққан журналистер министрліктің мемлекеттік БАҚ-ты журналистік зерттеу жасауға қалай ынталандыратынын білгісі келді. Министрдің сөзінше, журналистік зерттеуді «Казахстанская правда» газеті базасында жүргізуге және ол жерден осы аттас айдар ашуға болады.

Министр Абаев ғайбатты қылмыс деп танымауға қатысты сұраққа «осы бағытта келе жатырмыз» деді, бірақ қалай және қайда бара жатқанын айтпады. Ол журналистерге бұл туралы басқа жиында сөйлесуді ұсынды.

Астанадағы құқықтық медиа орталық заңгері Гүлмира Біржанова қазіргі кезде заңдағы барлық ережелер БАҚ-ты бақылауды күшейтуге арналғанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда журналистік зерттеумен айналысу қауіпті.

Астанадағы құқықтық медиа орталық заңгері Гүлмира Біржанова.
Астанадағы құқықтық медиа орталық заңгері Гүлмира Біржанова.

– Ғайбат пен қорлау бар, он жылдан астам уақыт бойы оны қылмыс деп танымау қажет екенін айтып келеміз, тым құрыса азаматтық тұрғыда алып тастау керек. Оған қоса «жалған ақпаратты әдейі тарату», «жеке өмірге араласу» және қазіргі кезде «алауыздық тудыру» деген баптар күшейіп тұр дейді, – дейді Гүлмира Біржанова.

Ақпарат және коммуникация министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 3 мыңға жуық БАҚ тіркелген. Оқырмандар сұранысының азайғанына қарамастан, газеттер мен журналдар (84 пайыз) медиа құрылымды толтырып тұр.

Соңғы жылдары Қазақстан билігі ондаған БАҚ-ты жауып тастады. Олардың кейбірі «экстремизмге» бола, енді біреулері шығыс деректері қате болғаны үшін жабылды.

Мақаланы орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG