Accessibility links

Қазақстандық дәрігерлер есірткіге тәуелді жандарды метадонмен емдеуге қарсылық танытып отыр. Олар ел аумағына бұл препаратты кіргізуге тыйым салуды сұрап ел президентіне хат жолдады.




Есірткіге тәуелділерді емдеуге неге метадон қолданылады?

Қазақстандық дәрігерлер екі жыл бойына тек жоба түрінде ғана қолданысқа түскен метадонның құрамын зерттей келе, оның есірткіден еш айырмашылығы жоқ деп тауып отыр.

Нарколог мамандар адам ағзасын улайтын метадонның дәрі ретінде ешқандай әсері жоқтығын және Қазақстанға әкелінген дәрі-дәрмектер қатарына тіркелмегенін айтады. Мамандар бұл жөнінде қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесіп өткізген дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Дәрігерлердің айтуынша, метадон - есірткінің бір түрі. Ғаламдық қордың қаржыландырумен сатып алынған метадон Қазақстанда 2008-2010 жылдар аралығында бастапқы жоба бойынша есірткіге тәуелді жандарды емдеуге пайдаланылған.

Қазақстанның Павлодар мен Теміртау қалаларында есірткі тұтынушылар көп болғандықтан метадон осы екі қаладағы орталықта таратылған.

Нарколог және психолог мамандар есірткіге тәуелді адамдарды заңды түрде метадонға тәуелді етіп қою мәселені шешпейтінін алға тартып отыр. БҰҰ жанындағы есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарманың жоспарына сәйкес, Қазақстанға метадонды 2014 жылға дейін енгізу қарастырылған. Мамандардың айтуынша, метадонды пайдаланушылар санын 10 мыңнан 51 мың 600 адамға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Метадонды басқа мемлекеттер 1 доллардан сатып алса, Қазақстан қазір оның бір құтысын 5 доллардан сатып алады дейді Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры Әлия Сәлкенова. Оның айтуынша, метадонды сатып алу құнына оны жеткізу мен дәрігерлердің қызметі қосып кіреді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG