Accessibility links

Алматыдағы «Қарсылық жиынын» «жол полициясы» бақылады


Сәуірдің 28-і Алматыда оппозиция ұйымдастырған "Қарсылық жиынына" бірнеше жүз адам қатысты. Митинг басталар алдында Ермек Нарымбаевты полиция ұстап әкеткен. Шара соңында кезекті "Қарсылық жиыны" маусымның 2-сіне белгіленді. Митингілер Астана, Шымкент, Талдықорған, Семей қалаларында да өтті.


«Қарсылық жиынында» азаматтық қоғам белсенділері аз болды. Митингіге дейін олардың біразына прокуратура ескерту жасап, кейбірін тұтқындаған еді. Жиын басталар сәтте полиция Ермек Нарымбаевты ұстады, жиынға келмек болған Жасарал Қуанышәлинді де ішкі істер бөліміне алып кеткені белгілі болды.

"ЖАҢАӨЗЕН СОТЫ ТОҚТАСЫН"

Митингіні арқасына "Жол полициясы" деп жазылған киімдер киген, қолдарына инспектор таяқтарын ұстаған полиция қызметкерлері бақылады. Жиын басталар кезде прокуратура қызметкерлері дауыс зорайтқышпен митингінің заңсыз екенін "Қарсылық жиыны" алдында Абай ескерткішін жуып жатқан жұмыскер. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

"Қарсылық жиыны" алдында Абай ескерткішін жуып жатқан жұмыскер. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

айтып, тарауды талап етті. Наразы жұрт прокуратура өкілдерінің сөзі естілмейтіндей айғайлап кетті. Олар шегініп, митингіні сырттай бақылауға көшті. Жиылған халықтың арасында азаматтық киіммен жүрген қауіпсіздік қызметкерлері де байқалды.

Жиын алдында Абай ескерткіші жуылып, Республика сарайының алдында жөндеу жұмыстары жұргізіліп жатты. Ескерткіш маңындағы алаң бұл жолы да темір шарбақтармен қоршалып, полиция күзетіп тұрды.

Жиында қарапайым тұрғындар, аймақтан келген азаматтар сөйледі. Олар "кедейлік пен әділетсіздікке, коррупцияға қарсы шығып, саяси тұтқындарды босатуды, Жаңаөзен сотын тоқтатуды, Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықтың әділ зерттелуін" талап етті.

«БАЙ ЖЕРДЕ ХАЛЫҚТЫҢ КЕДЕЙ ӨМІР СҮРГЕНІН ҚАЛАМАЙМЫЗ!»

"Қарсылық жиынында" сөз алғандар көбінесе қарапайым азаматтар болғандықтан, көбінше әлеуметтік мәселелерді айтты. Алматы тұрғыны Валентина Семенова "Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған зейнеткер Валентина Семенова. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

"Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған зейнеткер Валентина Семенова. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

«Халық жер байлығының қызығын көрген жоқ. Бай жерде халықтың кедей болғанын қаламаймыз. Халық кедейленіп барады» деп билікті кінәлады.

Алматы қаласының Мұхтар атты тұрғыны (фамилиясын атамады - ред.) митингіге келе жатқан жерінен ОМОН жасақтарының ұрғанын айтып, соққының ізін көрсетті.

Шымкенттен келген Қыздығой Ажарқұлова банктердің қарапайым тұрғындардың жалғыз баспанасын тартып алып жатқанын, соны қоғамға жеткізуге келгенін білдіріп:

- Азық-түлік, коммуналдық (төлемдер) қымбаттап барады. Жер байлығының бәрі қайда кетіп жатыр? Қарапайым халық қай жаққа барып күн көруі керек!? - деді.

«Баспананы халыққа қалдырайық!» ұйымының белсендісі Хорлан Қуатбекова «кедейдің онан сайын кедейленіп, байлардың онан сайын байып бара жатқанын» айтып:

- Жаңалықтарды көрген кезде - бәрі жақсы, бәрі тамаша, өндіріс өсіп жатыр. Шын мәнінде байлардың қалтасы қалыңдап, кедейлер онан сайын кедейленіп барады. Кәдімгі малға айналдық. Билік не істегесі келсе, соны жасайтын болды, - деді.

«СОТ РЕПОРТАЖДАРЫН ОҚУДЫҢ ӨЗІ ҚОРҚЫНЫШТЫ»

Митингте Жаңаөзен мәселесі де көп айтылды. Бұл тақырып айтылған кезде митингке қатысушылар «мұнайшылар босатылсын!» деп ұрандатты.

- Біз сот шешімдерінің кері қайтарылуын талап етуіміз керек - алынған жауаптар күшпен, қысыммен алынған. Соттың репортаждарын оқудың өзі қорқынышты. Зорлық-зомбылықты айтқанда ер адамдардың көзінен жас шығып жатыр, - деді азаматтық қоғам белсендісі Георгий Архангельский.
"Қарсылық жиынына" келгендер шар ұшырды. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

"Қарсылық жиынына" келгендер шар ұшырды. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.


Қарағандыдан келген Айтқожа Фазылов өзінің Қарағандының техникалық университетінің ректоры болғанын, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына кіргені үшін қызметтен қуылғанын айта келіп:

- Қай елде прокурор айыпталушыға «Әй, жүр шығайық!» деп айтады. Қай елде адамды қойша атады? - деп сұрақ қоя сөйледі.

Митингіге «Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі Серікжан Мәмбеталин Лондоннан келіп қатысты.

- Маңғыстау облысындағы жағдай қарапайым еңбек дауының қантөгіске айналғанын көрсетті. Үкімет қарапайым дауларды шеше алмады, - деді ол.

Серікжан Мәмбетәлин "Қарсылық жиынына" Лонданнан ұшып келгенін айтты. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

Серікжан Мәмбетәлин "Қарсылық жиынына" Лонданнан ұшып келгенін айтты. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

Алматыдағы бүгінгі жиынның соңына қарай митингі резолюциясы қабылданды. Онда билікке бірнеше талап қойылған: қамауға алынған жаңаөзендік және шетпелік тұтқындарды азаттыққа шығару; саяси қуғынды тоқтату; Жезқазған жұмысшыларының мәселесін шешу. Келесі "қарсылық митингісі" маусымның 2-сіне белгіленді.

Жұрт тарай бастағаннан кейін жиынды сырттан бақылап тұрған полицейлер «Қарсылық жиынында» сөз сөйлеген адамдарды біртіндеп ұстай бастады. Соңғы мәлімет бойынша, шамамен 10 адам ұсталған. Олардың арасында азаматтық қоғам белсенділері Айгүл Кохаева, Қанат Ибрагимов, Жанар Балғабаева бар. «Ар.Рух.Хақ» қорының төрайымы Бақытжан Төреғожина митингке қатыспаса да, түстен кейін оны полиция басқармасына алып кеткені белгілі болды.​

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРНЕШЕ ҚАЛАСЫНДА "ҚАРСЫЛЫҚ ЖИЫНЫ" ӨТТІ

Астанада бүгін сағат 11-де мемлекеттік рәміздер алаңына қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен жалпы саны отыз шақты адам келіп, Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасының құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қойды. Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар Жаңаөзенде қайтыс болған адамдардың тізімі жазылған қара тақта ала келіпті.

Олар «Мрамордан жасалған бұл қара тақта еліміздегі саяси қуғын сүргіннің соңғы белгісі болсын - осымен бітсін, қаралы ақтаңдақтар тастай қатсын» деген пікір білдірді. Белсенділер қара тақтаны Астана қаласынан алпыс шақырым жердегі Алжир саяси қуғын сүргін мұражайына қоюға алып барды. Бірақ Азаттық тілшісі мұражай қызметкерлері "мекемеде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын" айтып, ескерткіш тақтаны кіргізбей қойғанын хабарлады.

Астанадағы наразылық шаралары туралы мына жерден көре аласыз:

Сервердегі ақау

Oops, as you can see, this is not what we wanted to show you!

This URL has been sent to our support web team to look into it immediately. Our apologies.

Please use Search above to see if you can find it elsewhere


Шымкентте полиция "Қарсылық жиынына" кедергі жасап, келген адамдарды таратып жіберді. Бұл жөнінде Азаттық тілшісіне шымкенттік тұрғын хабарлады.
Оның айтуынша, сағат 11 шамасында қалалық ипподромға жұрт жиналып жатқанда 50-ге тарта полицей келіп, оларды қумақ болған. "Бірақ арамызда жасы 80-нен асқан ақсақал бар еді. Сол кісі Жаңаөзенде кісі өліп, елді қымбатшылық жайлап бара жатқанын айтып, полицейлердің өздерін ұрсып, басып тастады" дейді. "Полицейлер аудандық прокурорды шақырды. Бір сағаттың ішінде тарқадық" дейді тұрғын.

Семейде де сенбі күнгі өткен "Қарсылық жиынында" полиция жасағы жиынға Полиция қызметкерлері жиналғандардың плакаттарын алуға әрекеттеніп жатыр. Семей, 28 сәуір 2012 год.

Полиция қызметкерлері жиналғандардың плакаттарын алуға әрекеттеніп жатыр. Семей, 28 сәуір 2012 год.

келгендерді қуып, плакаттарын тартып алған. Бұл туралы осы аймақтағы Азаттық тілшісі хабарлады. Оның айтуына қарағанда, митингіге 15-тей адам қатысқан.

Талдықорғанда да 28 сәуірде ардагерлер паркінде "Қарсылық жиыны" өтті. Жиынға қатысқан Райхан Досқожанованың айтуынша, митингіге 30-40 адам келген. Жиналғандар сот жүйесі және құқық қорғау органдарындағы коррупция жайлы, тұрғын үй мәселесі мен зейнетақының аздығы туралы айтқан.

Жиынның соңында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық прокуратура қызметкерлері келіп, оларды әкімнің қабылдауына шақырған.

Талдықорғандағы "Қарсылық жиынына" қатысқан тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері Баниамин Файзуллин мен Олег Малиновскийге қарсы әкімшілік іс қозғалды деп хабарлады Азаттық радиосына партияның баспасөз қызметі.

"ҚАРСЫЛЫҚ ЖИЫНЫ" ҚАРСАҢЫНДА ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАДЫ

Оппозиция белсендісі Ермұрат Бәпидің айтуынша, "кешелі-бүгін интернетте оның атынан "наразылық митингісі болмайды" деген жалған ақпарат тараған".

- Менің аккаунтым емес, менің атымнан біреулер ақпарат таратып отыр. Өз болжамым - ұлттық "Қарсылық жиынын" бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

"Қарсылық жиынын" бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

қауіпсіздік комитеті (ҰҚК), - деді.

Мұның алдындағы "Қарсылық жиыны" наурыздың 24-і Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігіне орай жеті қалада: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Орал, Шымкентте ұйымдастырылды.

Ақпанның соңғы сенбісінде өткен шерулерде де үкіметке наразы пікірлер мен "Назарбаев, кет" деген сөздер айтылды. Белсенділер әкімшілік жазаға тартылды.

Алғаш қаңтардың 28-інде өткен "Қарсылық жиынын" 2012 жылғы қаңтардың 15-інде өткен парламент сайлауының нәтижесіне наразылық танытқан "Азат" ЖСДП ұйымдастырды. Онда да белсенділерге әкімшілік жаза берілген еді. Қазақстанның ірі қалаларында әр айдың соңғы сенбісінде митингілер мен наразылық акциялары өтіп келеді.

Азаттық радиосы Алматыда өткен бүгінгі митингіден тікелей твиттер-трансляция жүргізіп отырады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG