Accessibility links

Гастарбайтер туралы ресми баяндамада 2005 жылдың мысалы бар


Қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп жатқан адамдар. 23 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп жатқан адамдар. 23 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

ҮЕҰ белсенділері Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның Астанада таныстырылған еңбек мигранттары туралы баяндамасына сенбестік танытты.

Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасындағы мигранттар құқығының ахуалы туралы» арнайы баяндамасында «Қазақстандағы еңбек мигранттары құқын бұзуға өздері жол береді. Қазақстанға көші-қон заңдарын бұзып келетін олардың қолында еңбек шарттары жоқ, көбі мұнда мәртебесі реттелмеген мигрант ретінде жүр. 19 қыркүйекте Астанада таныстырылған баяндама «ақыры олардың бір бөлігі еңбек құлдығына тап болады» деп түйіндейді.

Еңбек мигранттарын, яғни гастарбайтерлерді ресми тілде «мәртебесі реттелмеген мигранттар» деп атайды.

ҮЙ ОРНЫНА – КОНТЕЙНЕР

Алматы мен Қазақстанның басқа да ірі қалаларының базарларында жұмыс істейтін мигранттар 5, 10 және 20 тонналық темір контейнерлерде тұрады. Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген мигранттар оларды жұмыс орны, баспана, тауар мен заттарын сақтайтын қойма ретінде пайдаланады. Қазақстан президенті жанындағы комиссияның арнайы баяндамасында «олар контейнерде өз еркімен тұрады» деп жазылған.

Кейбір мигранттардың тапқан табысы жөні түзу баспана жалдауға жетпейтіні құпия емес. Олар ақша үнемдеу мақсатында жұмыс берушінің территориясында тұрады, ал жұмыс берушілер мұны теріс пайдаланып, мигранттарға қиянат жасайды.

– Олар еңбекақысын төлер сәт келгенде көші-қон полициясын шақырып, қуып
«Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық ұйымының президенті Айна Шорманбаева. Астана, 19 қыркүйек 2013 жыл.
«Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық ұйымының президенті Айна Шорманбаева. Астана, 19 қыркүйек 2013 жыл.
шығады. Құқық қорғау органдары да адам сату әрекеттерінің сыбайласы болып алған. Мен мұны адам сатудың бір түрі – еңбекті қанау деп есептеймін, – дейді Азаттық тілшісіне «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық ұйымының президенті Айна Шорманбаева.

Оның айтуынша, әлемдік қаржы дағдарысы кесірінен Қазақстандағы мигранттардың құқық ахуалы нашарлап кеткен. Жұмыс берушілер шеттен келгендердің, әсіресе маусымдық жұмысшылардың еңбекақысын төлегісі келмейді. Еңбек мигранттары мардымсыз жалақысына бола қазақстандықтар барғысы келмейтін ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында еңбек етеді.

Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның арнайы баяндамасымен танысқан Айна Шорманбаева «мигранттардың құқы бұзылатыны туралы айтылғанымен, бұл құжатта негізінен мемлекеттің ұстанымы көрсетілген» дейді. Үкіметтік емес ұйымның (ҮЕҰ) бұл мәселеге қатысты өз пікірі бар.

– Мемлекет жағдайды жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Мүмкін аз-кем жағымды тұстары бар да шығар. Олар ішкі істер министрлігі статистикасын
Құрылысшы өзбек мигранты. Алматы облысы Талғар ауданы, 2008 жылдың қыркүйегі.
Құрылысшы өзбек мигранты. Алматы облысы Талғар ауданы, 2008 жылдың қыркүйегі.
келтіреді. Ал біз адамдармен жұмыс істейміз ғой, мәселені басқа қырынан көреміз, – дейді Айна Шорманбаева.

Оның айтуынша, Қазақстанда әсіресе түрлі себеппен құжаттарын жоғалтқандардың жағдайы тым ауыр. Өз елдерінің елшіліктері көмек көрсетуге асықпайды. Халі мүшкіл жандар жұмыс берушіге кіріптар болып қалады.

Арнайы баяндамаға сәйкес, еңбек мигранттары түскі асқа үзіліссіз, демалыссыз, еңбек демалысынсыз күніне 12 сағат жұмыс істейді. Еңбегінің ақысын төлемей қоятын жағдайлар да жиі кездеседі. Олар антисанитарлық жағдайда тұрады.

ҚИЫН ТҰРМЫС

Қазақстанның көп аймағында гастарбайтерлермен қоғамдық ұйымдар жұмыс жүргізеді. Биылғы ақпан айынан бастап Қарағандыда Қызыл Жарты Ай қоғамының мигранттарға көмек көрсететін жобасы жүзеге асырылуда. Еріктілер шеттен келгендерге заңдық, медициналық, кейде заттарды тегін таратып, гуманитарлық көмек көрсетеді.

Қызыл Жарты Ай қоғамы Қарағанды филиалының төрайымы Татьяна
Еріктілер мигранттармен сөйлесіп тұр. Қарағанды, 28 наурыз 2013 жыл.
Еріктілер мигранттармен сөйлесіп тұр. Қарағанды, 28 наурыз 2013 жыл.
Абрамованың айтуынша, басында адамдар депортациялаудан қорқып, волонтерлерден қашқақтағанымен, қазір көмек сұрап келетіндер өте көп,

Татьяна Абрамованың айтуынша, мигранттардың көпшілігі, әсіресе Қырғызстан мен Тәжікстаннан келгендер Қазақстанда тұрып қалғысы келіп, осында отбасын құрады. Бірақ көбі ел аумағына заң талаптарын бұзып кіреді.

– Олар «қонаққа келдім» деп жазады да, осында қалып жұмыс істегісі келеді. Заңды білмеудің салдарынан олардың бір бөлігін кері қайтарады, депортациялайды. Қиындықтардың бірі – барлық мигранттар тіркелген орны бойынша тұрмай, Қазақстанның заңдарын бұзады. Бұл үшін айыппұл салу қарастырылған, – дейді Татьяна Абрамова.

Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов арнайы баяндаманың презентациясында «Қазақстанға өткен жылы бұрынғы советтік республикалар мен алыс шетелдерден 23 мың азамат келді» деп мәлімдеді. Бұл – ресми статистика.

Презентацияға қатысқан парламент депутаттары, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпустың
Темекі алқабында жұмыс істеп жүрген қырғыз бала. Қазақстан.
Темекі алқабында жұмыс істеп жүрген қырғыз бала. Қазақстан.
басшылары Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның атқарған жұмысын мақтаумен болды. Бірақ олар құжаттың кейбір тұстарын талқыға салмады.

Кейбір азаматтық белсенділердің айтуынша, Қазақстандағы еңбек мигранттарының құқығын бұзу туралы жекелеген фактілер баяндамада 2005 жылдан келтірілген. Мигранттардың шешілмеген мәселесі әлі де көп болғандықтан, азаматтық белсенділер мұны орынсыз деп бағалайды.

Бірақ ресми баяндамада еңбек мигранттарының еңбек ету жағдайлары халықаралық стандарт талаптарына сай, ал олардың құқы қазақстандық жұмысшылардың құқымен тең делінген.

Еңбек мигранттары туралы «Көбінің орта білімі бар, сондықтан біліктілік талап етілмейтін саладан жұмыс табады» деп жазылған. Бұл жағдайда Қазақстан заңы бойынша жұмысқа тұрып, заңды табыс табуына рұқсат беретін карта қарастырылған.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG