Accessibility links

Қазақстан 2011 жылы қорғанысқа 1,74 миллиард доллар жұмсады


Қазақстан қарулы күштерінің жаттығуы. 16 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан қарулы күштерінің жаттығуы. 16 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

«Ресей мен Қытай әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан 2011 жылы қорғаныс шығынын арттырды» дейді Стокгольмде (Швеция) орналасқан халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты өзінің жылдық есебінде. Ал Қазақстан былтыр бұл мақсатқа 1,74 миллиард доллар бөлген.


2011 жылы Ресей әскери шығынын 162 миллиард АҚШ долларына жеткізген. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артық. Ресей Ұлыбритания мен Францияны басып озып, әлемде әскери мақсатқа қаржы көп жұмсайтын үшінші елге айналған.

«Қытай 2011 жылы қорғанысқа 143 миллиард АҚШ долларын жұмсады. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 6,7 пайыз көп» дейді ұйым.

Ұйымның дерегінше, АҚШ пен Еуропа елдері әскери мақсатқа кететін шығындарды қысқартқан. Бірақ АҚШ қорғаныс бюджетін азайтса да, оған жұмсалатын шығын жағынан алда келеді.

«ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ – МАҢЫЗДЫ»

Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты Орталық Азиядағы өзге мемлекеттердің де қарулы күштерге бөлген қаржысын есептеген. 2011 жылы Қазақстан қорғаныс саласына – 1,74 миллиард доллар, Өзбекстан – 1,4 миллиард доллар, Тәжікстан – 72 миллион доллар, Қырғызстан 33 миллион доллар қаражат бөлген.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2012 жылдың 14 ақпанында 20 жылдығын Тәжік әскерлерінің жаттығуы. Тәжікстан, 3 сәуір 2000 жыл. (Көрнекі сурет)

Тәжік әскерлерінің жаттығуы. Тәжікстан, 3 сәуір 2000 жыл. (Көрнекі сурет)

атап өткен өзбек қарулы күштеріне «үлкен сенім артатынын» айтып, «Өзбекстан армиясының әскери дайындығының жоғары болуы - маңызды іс» деген еді.

Соңғы бес жылда Өзбекстан қорғаныс саласына көбірек қаржы бөліп, барлық деңгейдегі әскери қызметкерлердің айлық жалақысын шамамен 3 есе, шұғыл әскери қызмет саласына берілетін өтемақыларды 8 есе өсірді.

30 миллионға жуық халқы бар Өзбекстан 2011 жылы қорғаныс саласына ел бюджетінің оннан бірін жұмсаған.

«Жалпы, Орталық Азия мен әлемдегі қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік және әскери жағдай қауіптің күшейе түскенін көрсетіп отыр» дейді Ислам Каримов.

Ал Қырғызстан «2011 жылы қорғаныс саласына қанша қаржы бөлінгені – құпия Қырғыз әскері. 18 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғыз әскері. 18 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

мәлімет» деп, айтпады. Бірақ қырғыз қорғаныс министрі Таалайбек Өміралиев Азаттық тілшісіне берген сұқбатында «ел бюджетінен сұралған қаражаттың шамамен тек 50 пайызын ғана алып отырмыз» деді.

Қырғызстан қорғаныс министрдің айтуынша, бұл ел «Ресей, Қытай және Түркия сияқты елдермен әскери ынтымақтастық аясында біраз қаржылай көмектер алып келеді».

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ МЫҚТЫ ӘСКЕР»

«Қазір әлемде әскери қақтығыстар көбейіп тұрған тұста Ресей мен Қытайдың әскерін күшейтіп жатқаны – заңды. НАТО-ның бірқатар елдердегі жағдайға араласуы бұл екі елді қорғаныс саласына көбірек назар аударуға мәжбүр етті» дейді Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрі Айтқали Есенғұлов.

Ұжымдық қауіпсіздік шарттары ұйымына мүше Қазақстанның «Ресей мен Қытай Генерал-майор Айтқали Есенғұлов.

Генерал-майор Айтқали Есенғұлов.

сияқты қорғаныс саласына бөлінетін қаржысын көбейтпегенін, тек армиясының әскери дайындығын күшейткенін» айтқан генерал-майор Айтқали Есенғұлов:

– Каспий теңізі аумағындағы, Кавказ бен Орталық Азиядағы жағдай ушығып тұрған сәтте Қазақстан өз мүддесін қорғайтын әскерінің дайындығын жақсартып жатыр. Қазақстанда қандай да бір агрессиялық мақсаттар жоқ, – дейді.

Генерал-майордың пікірінше, «биыл 7 мамырда 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан қарулы күштері – Орталық Азиядағы ең мықты әскер».

Ал ресейлік әскери сарапшы Владимир Мухин Азаттыққа берген сұқбатында «Қазақстан қорғаныс саласына айтарлықтай ақша салып отырған жоқ, тек жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бір пайызын жұмсап отыр» деді.

– Қазақстан қорғаныс саласындағы шығындарын көбейткен жоқ. Осыған дейінгі Әскери жаттығуға қатысып жүрген "Mи-17" тікұшағы. Алматы маңы, 24 тамыз 2010 жыл.

Әскери жаттығуға қатысып жүрген "Mи-17" тікұшағы. Алматы маңы, 24 тамыз 2010 жыл.

​ЖІӨ-нің сол бір пайызын жұмсап келеді. Қазақстанда ЖІӨ өскендіктен әскери шығын да өсті, - дейді сарапшы.

Оның ойынша, «Шағын ғана әскері бар Қазақстанның қорғаныс саласына шамамен 1,5 миллиард АҚШ доллары жетіп жатқан сияқты».

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің сайтындағы дерекке қарағанда, 2009 жылы әскери қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға, 2010 жылы 1 сәуірден бастап 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға өскен.

Қазақстан қорғаныс министрлігінің веб-сайтында қарулы күштер қатарындағы қызметі бес жылдан асқан «лейтенант» шеніндегі взвод командирінің айлығы 590 АҚШ доллары екені, ал взвод командирлерінің «Ресей Федерациясында – 550 доллар, Өзбекстанда – 360 доллар, Беларусь – 300 доллар, Украина – 260 доллар, Тәжікстанда – 103 доллар» алатыны жазылған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG