Accessibility links

Ресейдің «Мой мир» әлеуметтік желісі өз интерфейсін қазақ тіліне аударды. Қазақстанда бұл жобаны пайдаланатын 3 миллион адамның ана тілі – қазақ тілі.

«Мой мир» редакциясы мәлімдемесінде: «Соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілді аудиторияның саны өскені байқалады. Іскерлік салада да, тұрмыста да, оның ішінде әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас тілі ретінде қазақ тілінің рөлі артып келеді» деп жазылған.

«Мой мир» – Қазақстанда ең көп тараған әлеуметтік желілердің бірі. Қазақша нұсқаға өту үшін баптаудағы тілді өзгерту жеткілікті.

Қазақстандық интернет шолушы, блогер Ғалым Ағелеуовтің Азаттық тілшісіне айтуынша, «Мой мир» әлеуметтік желісін қазақстандықтардың көбі пайдаланады. Оның сөзінше, «жоба авторлары қазақ тілді контингентке үлкен платформа ұсынып отыр».

"Мой мирдің" қосымшаларының бірінде бұрын қазақ әріптері оқылмайтын. 15 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

"Мой мирдің" қосымшаларының бірінде бұрын қазақ әріптері оқылмайтын. 15 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

– Жобаны ұсынушылар қазақ тілді аудиторияның санының аздығына көңілдері толмауы мүмкін. Пайдаланушылар қатары көбею үшін уақыт керек. Меніңше, бұл қазақ тілді пайдаланушылар үшін ыңғайлы алаң болады. Ресейлік әлеуметтік желіні интернационалдық тұрғыдан қолдау бұл мәселенің саяси қырын көрсетеді. Facebook желісін де қазақшаласа дұрыс болар еді, – дейді Ғалым Ағелеуов.

Қазір «Мой мир» желісінің сол жақ (негізгі) бөлігі мен қосымша мәзірі, жобалар мен футер бөлігі аударылған. Бұл – 3 мың 500 сөз немесе 27 мың 500 таңба. Әлеуметтік желінің атауы қазақ тілінде «Менің әлемім» деп аталады. Оның үстіне «Мой мирдің» Android жүйесіне арналған қосымшасы да бөлек шығарылған. Желі жуырда өзге де кең тараған ұялы платформаларға арналған қосымшалардың қазақ тіліндегі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр.

  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG