Accessibility links

Ипотекалық борышкерлер банктерге алданып қалғанын айтады


«Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының белсенділері «БТА ипотека» компаниясы алдында наразылық акциясында тұр. Алматы, 11 ақпан 2011 жыл.

«Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының белсенділері «БТА ипотека» компаниясы алдында наразылық акциясында тұр. Алматы, 11 ақпан 2011 жыл.

Қазақстан банктерінен ипотекалық несие алған адамдар банкпен жасаған келісімдердің шарттары заңға сай келмейді деп отыр. Қоғамдық бірлестікке біріккен олар енді құқық органдарына жүгінбек.

Борышкерлер келісім-шарттарда заңсыздық болғанын тек заңгерлер көмегіне жүгінгенде ғана білгендерін айтады.

"Банктер қарызды қайтаруда ешқандай жеңілдіктер жасамай отыр және ипотекаға несие алған адамдардың құқығын қорғау мақсатында құрылған ұйымдар да ешқандай көмек көрсете алмайды" дейді борышкерлер.

Банктен несие алып, борышқа батқандар көптеген қоғамдық ұйымдардан қайыр болмағандықтан енді «Әліп би» аналар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігіне мүшелікке өткендерін айтты. Ал бірлестік төрайымы Шолпан Ризабекова келісім-шарттағы заңсыздықтарды анықтаған соң қаржы полициясына арызданбақшы.

Борышкерлер мәселесіне арналған хабарды тыңдаңыз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG