Accessibility links

«Мешіт атын өзгерту – ҚМДБ құзыретінде» деді дін істері агенттігі


Хазірет Сұлтан мешіті. Астана, 6 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Хазірет Сұлтан мешіті. Астана, 6 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

ҚМДБ мешітке ел мен ру атын қою «шариғатқа жанаспайтынын» жазады. Мешіт салған кейбір азаматтар оған «коммунист аталардың» емес, «тек ірі ғұламалардың аты берілуі тиіс» дейді.

Дүйсенбі күні кешке қарай дін істері агенттігі Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына (ҚМДБ) қарайтын бөлімшелерін (яғни мешіттерді – ред.) «агенттік қайта тіркеуден өткізбей қойды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Агенттік өкілінің сөзіне қарағанда, мешіттердің атауын өзгертуге қатысты талап болмаған.

– Мешіттердің атауын өзгерту мәселесіне тоқталар болсақ, бұл мәселе ҚМДБ құзыретіне кіретінін ерекше атап өткім келеді. Діни басқарманың мәліметі бойынша, жақында жаңадан ашылған Хазірет Сұлтан, Сәдуақас Ғылмани мешіті, Алматыда «Айша Бибі», «Аманкүл-Ата», «Бекет-Ата», «Мырзахмет» мешіті тіркеуден өткен, – деді Астанадағы брифингтен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.

Діни ұйымдарды тіркеу мерзімінің аяқталуына екі ай қалған кезде агенттік өкілі Астанада – төрт мешіт, Алматыда – 11 мешіттің қайта тіркеуден өтіп, арнайы куәлік алғанын, шамамен елу шақты мешіттің құжаттарын өткізіп қойғанын мәлімдеді.

Марат Әзілханов «діни ұйымдарды тіркеу дін істері агенттігінің заңнамалық тұрғыда қатысуынсыз өтіп жатқанын» айтты.

РУ МЕН ЕЛ ЖӘНЕ АДАМ АТЫ

Дүйсенбі күні таңертең жергілікті «Мегаполис» газеті дін істері агенттігінің «діни басқармаға қарайтын мешіттердің атауынан адам есімдерін алып тастауды талап Әбіш Ата мешіті. Астана, 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Әбіш Ата мешіті. Астана, 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

еткенін», «бұл талапты орындамаған мешіттерді жаңа дін туралы заңға сәйкес, қайта тіркемей отырғанын» жазған еді.

«...Мұның орнына агенттік Қазақстандағы мешіттерді Алланың 99 есімінің бірімен атауды ұсынып отыр. Агенттіктің аймақтағы қызметкерлері Астанадағы агенттік төрағасының ауызша бұйрығына сілтеме жасайды» деп жазды басылым.

Бұл мәселеге орай агенттіктің өзінен жауап ала алмадық. Ал ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы:

– Бұл мәселе жоғары жақтан шешілді... Тамыздың 20-сы күні Алматыда арнайы аймақтағы имамдарды шақырып, осы мәселеге байланысты үлкен кең ауқымда жиын өтеді. Онда сонымен бірге қай мешіттің тіркелмей жатқаны, не үшін тіркемей отырғаны туралы мәселе қозғалады. Бұл мәселені біржақты шешіп алмай, түсініктеме бере алмаймыз, – деп жауап берді.

Ал ҚМДБ ресми сайты: «Мешіт – Алланың үйі, оған рудың, елдің атын қою шариғатқа жанаспайды. Мұндай жағдайларда мешіт өзінің түпкі міндетінен Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті. Астана, 21 қаңтар 2011 жыл.

Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті. Астана, 21 қаңтар 2011 жыл.

айырылып, талас-тартыстың, жікке бөлінудің ордасына айналады. Сондықтан мешітке ат қою мәселесін жергілікті әкім, құрылысқа қаражат бөлген немесе тұрғызған азаматтар шешпейді. Бірақ Алланың үйі тұрғызылған елді мекенде өмір сүрген ислам дінін насихаттауда өзіндік үлесін қосқан азаматтар (Ақмола облысында 50-жылдары өмір сүрген Сәдуақас қажы Ғылмани) немесе жалпы Ислам тарихындағы діни қайраткерлердің (Әбу Бәкір Сыддық, хазрет Әли, Ахмет Иасауи, Имам Ағзам) атымен аталуына өтініш білдіріп, ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісіне хат жолдауына болады» деп жазып, әрі қарай керек құжаттар тізімін көрсеткен екен.

БАТЫР МЕН ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Қазақстанда белгілі бір тұлға құрметіне салынып, сол адамның атымен аталатын мешіттер көп. Сондықтан «мешіттердің атауын өзгерту» туралы ақпарат қоғамда әртүрлі пікір туғызып та үлгерді.

«Алаш» тарихи зерттеу орталығының президенті Қайролла Ғабжалилов өзі тұрғызған екі мешіт ірі тұлғалардың атымен аталатынын айтты.

– 2005 жылы Ақтөбеде салынған мешіт Хазірет Мұхамедқазы деген бабамыздың атымен аталады. Жер мен дін дауы бойынша ең алғаш рет петиция жазып, патшаға "Иманғали" мешіті. Атырау, 25 ақпан 2009 жыл (Көрнекі сурет)

"Иманғали" мешіті. Атырау, 25 ақпан 2009 жыл (Көрнекі сурет)

барған. Осы мәселеге өмір бойы өмірін арнаған. Ақырында сол үшін халық жауы ретінде 76 жасында атылған. Екіншісі – Алматы маңындағы Шамалған деген жерде салынған мешітке Есет батырдың аты берілген. 18-ғасырда Ақтабан шұбырынды кезінде қазақты жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалған үш адам бар болса, соның бірі – осы Есет батыр, – деді Қайролла Ғабжалилов.

Ол «Райымбек батыр, Қаракерей Қабанбай, т.б. тұлғалар секілді ел-жері үшін жанын пида еткен ірі тұлғалардың атын мешітке беріп, дәріптеу қажет екенін, бірақ шектен шығуға болмайтынын да» ескертеді.

– Қазіргі кезде бизнесмен балалар бар. Не өздері ислам дінін ұстанбайды. Баяғыда партия қызметкері болған әкесінің атын мешітке беріп жатыр. Бұл дұрыс емес қой, – дейді Қайролла Ғабжалилов.

Ол өзі тұрғызған екі мешітті де ҚМДБ-ға бергенін, сондықтан тіркеу мәселесінен хабары жоқ екенін айтты.

«ӨЗ ҚАРАЖАТЫ - ӨЗІНІҢ ҚОЙҒАН АТЫ»

Алматы маңындағы Райымбек ауылында мешіт ашқан Арыстан Шәдетұлының (ол кісі Түркияда емделіп жатыр екен – ред.) отбасы мүшесі Алтын Күмісбекқызы да мешіт ата-бабаларының атында екенін айтты.

– Әркім өз қаражатына салғаннан кейін оған ат беруді әркімнің өзіне қалдырған дұрыс шығар. Біздегі мешіттің орны кезінде иесіз клуб болған. Сол клубты сатып алып, бір жылдың ішінде мешіт салды. Мешіт бабамыз Зуқа батырдың есімімен аталады. 19-20 ғасырда өмір сүрген бұл кісіні Шыңжаң қазақтарының бәрі біледі. 1929 жылы қайтыс болған. Қытайда ұлт-азаттық күреске қатысқан. Қытайлар басын кесіп, көпірге іліп қойған. Кедей-кепшіктерді қолдаған кісі, – деді Алтын Күмісбекқызы.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG