Accessibility links

Ана мен баланы қорғау: Заң – жақсы, көмек – жарытымсыз


Солдан оңға: 8 жасар Диас, оның жалғызбасты анасы Элмира және Ұлтуар Анарбековтер. Шымкент, 29 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Солдан оңға: 8 жасар Диас, оның жалғызбасты анасы Элмира және Ұлтуар Анарбековтер. Шымкент, 29 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

«Қазақстан заңдары «Ана мен баланы қорғау туралы» халықаралық конвенцияға сәйкес келеді. Бірақ баланың көбеюіне заң кепілдік бола алмайды» дейді сарапшылар.


Әлия А. екі баласымен жесір қалған. Қазір ол асыраушысынан айырылығанына байланысты әлі кәмелетке толмаған екі баласына мемлекеттен 18 мың 890 теңге жәрдемақы алады. Бір ай бұрын ғана төрт жасар үлкен ұлын Алматыдағы SOS Kinderdorf балалар қалашығына орналастырды. Жұмыс табу қиын болғандықтан, кіші ұлымен үйде отыр .

Мемлекет тарапынан әр балаға берілетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тоғыз мың теңгеден сәл ғана асады. Әлияның айтуынша, «бұл - мүлдем жартымсыз көмек». Жалғызбасты аналар арнайы жәрдемақыны бала бір жасқа толғанға дейін ғана алады. Әлияның пікірінше, бұл – әділетсіз.

Оның ойынша, жалғызбасты аналардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайына қарамастан балаларға төленетін әлеуметтік жәрдемақының көлемі ұлғайтылуы тиіс. Екіншіден, мұндай аналардың бұрынғы жұмыс орындары сақталуы керек болмаса олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетілуі керек. Үшіншіден, мемлекет жалғызбасты аналардың баспана жағдайын жақсартуы қажет.

КОНВЕНЦИЯ ЖӘНЕ НАҚТЫ ІС

Қазақстан әйелдері республикалық кеңесінің басшысы Нина Каюпова «елдегі жалғызбасты аналардың жағдайын жалпылама немесе бір ғана мысал төңірегінде алып қарауға болмайды» дейді.

Оның айтуынша, Қазақстандағы жалғызбасты аналардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жасалған шаралар жеткілікті.

– Бірақ, соған қарамастан, үкімет пен парламент жалғызбасты аналардың Қазақстан әйелдері республикалық кеңесінің басшысы Нина Каюпова. Алматы, 17 қаңтар 2011 жыл.

Қазақстан әйелдері республикалық кеңесінің басшысы Нина Каюпова. Алматы, 17 қаңтар 2011 жыл.

әлеуметтік жағдайына қатысты әлі де көп нәрсеге көңіл аударуы қажет, – дейді ол.

Арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша, жалғызбасты аналардың арасында жұмыссыздар мен студенттер – 22 пайыз. Қазақстандағы ең ірі тоғыз университетте жүргізілген әлеуметтік зерттеу студент аналардың кем дегенде үш балалы болғысы келетіндігін анықтаған.

– 2030 жылы халықтың санын 25 миллионға жетеді деген болжам бар, сондықтан біз мұндай мақсатты қолдауымыз керек. Елдегі жалғызбасты аналар үшін лайықты әлеуметтік жағдай қалыптасу үшін мемлекет қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Бұл ретте Қазақстанда көп нәрсе жасалған, бірақ мұнан әрі де жетілдіре беруге болады, - дейді «Феминист лигасы» қоғамдық бірлестігінің президенті Евгения Козырева.

Оның пікірінше, Қазақстанның «Ана мен баланы қорғау туралы» халықаралық конвенцияны ратификациялағаны дұрыс. Бұл құжат мемлекетті жалғызбасты аналарға деген қарым-қатынас пен қамқорлықты арттыруға міндеттейді.

ТӨРТ БАЛАНЫҢ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ – АЛТЫ МЫҢ ТЕҢГЕ

Биыл қаңтар айында, Қазақстан қайта қаралған «Ана мен баланы қорғау туралы» халықаралық конвенцияны ратификациялады.

Бұл конвенцияны сенатта қарау кезінде және оны қабылдау барысында жұмысшы тобына жетекшілік еткен сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова «Қазақстандағы ана мен баланы қорғау туралы заңдар, толығымен халықаралық конвенцияға сай келеді» дейді.

Оның ойынша, тіпті, заңның кейбір баптары бұл халықаралық конвенциядан да озық тұр. Мәселен, жалғызбасты аналарға босанғанға дейін және босанғаннан Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова.

Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова.

кейін берілетін демалыс пен ақшалай төленетін жәрдемақының көлемі жағынан алғанда, Қазақстан көш ілгері.

Бірақ соған қарамастан, Светлана Жалмағамбетова Евгения Козырева айтқан пікірмен келіседі.

– Біз ана мен балаға деген қамқорлықты әлі де жетілдіруіміз керек. Айталық, Совет Одағы кезінде, жалғызбасты аналардың жағдайы бұдан жақсы болатын. Ол кезде балаларға арналған жәрдемақы бала үш жасқа келгенше төленетін. Қазір біз бала бір жасқа келгенше жәрдемақы төлетеміз. Оның көлемі де ұлғайды. Бұл өте жақсы жағдай, – дейді Светлана Жалмағамбетова.

Бірақ төрт баланың анасы, бесінші баласына аяғы ауыр алматылық Альбина И. әлеуметтік жәрдемақы көлеміне разы емес.

Ол төрт балаға айына бар-жоғы алты мың теңге алады. Ал отағасының айлығы – 70 мың теңге.

– Әр балаға төленетін жәрдемақы кем дегенде 10-15 мың теңгеден кем болмауы керек» дейді Альбина И.

Мемлекеттік емес «Аман-саулық» ұйымының басшысы Бақыт Түменова «Қазақстандағы аналарды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету жүйесі – «Аман-саулық» ұйымының басшысы Бақыт Түменова. Алматы, 10 қаңтар 2012 жыл.

«Аман-саулық» ұйымының басшысы Бақыт Түменова. Алматы, 10 қаңтар 2012 жыл.

сәбилердің дүниеге көптеп келуіне кепілдік бола алмайды» деген пікірде. Ол бұл сөзіне дәлел ретінде Альбинаның отбасын айтты.

– Төрт балаға алатын ай сайынғы 6 мың 300 теңгені, 70 мың 000 теңгеге қосып, оны алты адамға бөлгенде, адам басына 12 мың теңгеден келеді екен. 12 мың теңгеге бір адам бір ай өмір сүре ала ма? Осы қаржыға адам бір ай бойы тамақтанып, киініп, күнделікті жол ақысы мен коммуналдық-тұрмыстық төлемдерді өтей алады ма? – дейді Бақыт Түменова.

Оның пікірінше, мұндай отбасы кедей отбасы деп есептелуі тиіс. Бірақ ресми биліктің бұлай ойламайтыны оны таңғалдырады. «Мұның себебі – Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі жасанды түрде төмендетіліп отырғандығы» дейді Бақыт Түменова.

– Халықтың айлығы мен зейнетақысы, әлеуметтік жәрдемақы осы ең төменгі күнкөріс деңгейі негізінде құралады. Бұл көрсеткіштер елдің нақты күнкөрісі жағдайына сәйкес келмейді, – дейді ол.

Азаттық радиосының Қазақстандағы ана мен баланы қорғау мәселесі айтылған дөңгелек үстелін тыңдаңыз:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG