Accessibility links

Мұхтар Әблязовтың қайда жүргені белгісіз


Мұхтар Әблязов, қуғынға ұшыраған бизнесмен.

Мұхтар Әблязов, қуғынға ұшыраған бизнесмен.

Ұлыбританияның сот орындаушылары «сотқа құрмет көрсетпеді» деген айыппен 22 айға сотталған Мұхтар Әблязовты іздеп жатыр. Қазақстан президенті Назарбаевты сынаушы қуғындағы бизнесменнің қайда жүргені белгісіз.


Судья Найджел Тир 2012 жылы ақпанның 16-сы күні Лондон сотының 2009 жылғы шешімін – БТА банкі ісін тексеруге орай активтерін құрсаулау жайлы бұйрығын орындамағаны үшін Мұхтар Әблязовты айыпты деп тапты.

БТА банкінің қазіргі басшылары Әблязовты «Ұлыбританияға кетерден бұрын банктің бес миллиард долларын жымқырды» деп айыптаған еді.

ӘБЛЯЗОВТЫҢ ҚАЙДА ЖҮРГЕНІН «ӘЗІРШЕ ЕШКІМ БІЛМЕЙДІ»

Ұлыбритания жоғарғы сотының өкілі Шарлот Гудуиннің дүйсенбі, 20 ақпан күні Азаттық тілшісіне берген дерегіне қарағанда, сот орындаушылары Мұхтар Әблязовті іздестіріп жатыр.

– Оған тұтқындау жайлы ордер берілді ме, жоқ па – дәл қазір оны білмеймін. Қолымызда оған байланысты жаңа ақпарат жоқ. Бұйрықты сот орындаушылары іске асырып жатыр, – дейді Шарлот Гудуин.
БТА банкіне қатысты келесі сот отырыстары 2012 жылдың 13 маусымында, 2 және 25 қазанында өтеді.

Шарлот Гудуиннің айтуынша, БТА банкіне қатысты келесі сот отырыстары 2012 жылдың 13 маусымында, 2 және 25 қазанында өтеді.

Қазақстандағы оппозициялық «Республика» газетінің жазуынша, Мұхтар Әблязовтың қайда жүргенін «әзірше ешкім білмейді».

Азаттық тілшісі қуғындағы бизнесменнің серігі, саяси эмигрант Роман Солодченкоға хабарласып, Мұхтар Әблязовтың қайда екенін сұраған еді – ол да ештеңе білмейтінін айтты.

Ақпанның 16-сы күнгі сот отырысына қатыспаған Мұхтар Әблязов Ұлыбритания сотының шешіміне байланысты:

- Осы іс барысында маған тағылған айыптың саяси астары бар екенін, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мені саяси қарсылас ретінде құртуына байланысты екенін мәлімдегенмін. Оны айта да беремін, - деген еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG