Accessibility links

Физик-композитор тарихты музыкамен жазды


«Қазақ елі» музыкалық трилогиясының авторы Сайраш. Алматы, 23 сәуір 2014 жыл.
«Қазақ елі» музыкалық трилогиясының авторы Сайраш. Алматы, 23 сәуір 2014 жыл.

Кәсіби білімі жоқ композитор Сайрамбек Жексенбі (Сайраш) қазақ халқының тарихы туралы музыкалық трилогияның бірінші бөлімімен таныстырды. Алғашқы тыңдаушылар оның еңбегін жақсы бағалады.

Жуырда Алматы қаласында бірінші бөлімі таныстырылған «Қазақ елі» музыкалық трилогиясы авторының композитор болғанына үш жыл ғана болған. Мамандығы – физик композитордың ғылым кандидаты деген атағы да бар. Ол «физикадан басқа бірдеңемен айналысу қажет екенін түсінуге физика көмектесті» деп әзілдейді.

Жергілікті музыкатанушылар оның трилогиясын бірден жақсы бағалады. Скептиктер жоба атауы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды «Қазақ елі» деп атау туралы идеясымен үндес екенін ескертеді. Оппозиционерлер «Ресей аяқ астынан Қырымды бөліп алған соң президенттің бастамасы кейінге қалып, билік Кремльдің шамына тимес үшін ұлтшылдық риторикасын дереу бәсеңдетуге бұйрық берді» деп жориды. Бірақ жұртқа негізінен «Сайраш» деген лақап атпен белгілі Сайрамбек Жексенбі өз жобасын баяғыда бастағанын, билікті насихаттауға оның ешқандай қатысы жоғын айтады.

– Жоба атауы әлгі идеядан бұрын туған. Егер елдің атауын өзгертсе, меніңше, көпке дейін бәрібір Қазақстан деп атайтын болады. Ал Моңғолияның жетістігінің «стан» жалғауына еш қатысы жоқ. Ол нақты демократия мен шетелдіктермен шарт жасасуда ашық процедураны ұстануға байланысты, – дейді Сайраш.

Сайраш «жобамның идеясы – қазақ халқының өткені мен бүгінін музыка арқылы зерделеу» дейді. Трилогияның бірінші бөлімі ежелгі және орта ғасыр тарихын қамтыған. Екінші бөлімі Ресей империясына кіру мен СССР кезеңіне, ал үшінші бөлімі Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіне арналады.

«СТУДЕНТ ШАҚТА ГИТАРАДАН БАСТАДЫМ»

Қазір «Қазақ елі» музыкалық трилогиясының бірінші бөлімінің тұсаукесері өтіп, жұрт дискіні тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Дискіге қазақ тарихының ғұндар мен сақтар дәуірінен бастап Кенесары ханға дейінгі тарихының елеулі кезеңдеріне
Сайраштың «Қазақ елі» музыкалық трилогиясының бірінші бөлімі жазылған диск.
Сайраштың «Қазақ елі» музыкалық трилогиясының бірінші бөлімі жазылған диск.
арналған шағын 11 музыкалық пьеса кірген. Бұл екі кезеңнен бөлек Ұлы Түркі қағанаты, Шыңғысханның жаңа тайпалары, Ұлы Жібек жолы, Алтын Орда, Жәнібек пен Керей хандар, Ұлы дала, үш жүз, Аңырақай шайқасына да көңіл бөлінген.

Тарихшы әрі мәдениеттанушы Әлжан Шомаевтың пікірінше, бұл шығарма – тарихқа субъективті көзқарас, бірақ сонысымен құнды. «Автор музыканы тапсырыс бойынша емес, адал көңілімен жазған. Альбомды тыңдаған кезде көптеген сәтті жайттарға қайран қалдым. Тарихымызды музыка тұрғысынан зерделеуді бұрын ешқашан көрмеппін. Бұл – алғашқы талпыныс. Бұл музыка өз орнын тапса деп тілеймін» дейді ол.

Мамандығы физик, ғылым кандидаты Сайраштың музыкалық білімі жоқ. Студент шағында гитарада аздап ойнағаны бар. Соңғы екі-үш жыл ішінде клавишті аспапта ойнауды біраз меңгерген. Сайраштың сайтына қарағанда, оның өндіріп жазатын композитор екенін көруге болады. Сайтта «Қазақ елі» трилогиясының бірінші бөлімінен бөлек тағы 17 диск бар.
Жобамен жұмыс істеген жарты жылда қазақ тарихын мектепте оқыған жылдардан да көп таныдым.
Альбомға аранжировка жасаған Александр Шевченко.


Сайраш шығармаларының аранжировкасын жасауға және орындауға көптеген қазақстандық музыканттар көмектескен. Олардың арасында Еділ Құсайынов, Виктор Хоменков, Далер Халилов, Александр Шевченко бар. «Қазақ елі» трилогиясының продюсері ғана емес, композициялық аранжировкасын да жасаған Александр Шевченко: «Жобамен жұмыс істеген жарты жылда қазақ тарихын мектепте оқыған жылдардан да көп таныдым. Егер мына музыканы Ұлы дала немесе Шыңғысхан туралы фильмдерде пайдаланса, мақсатымыз орындалар еді» дейді.

Сайраштың айтуынша, «Қазақ еліндегі» музыканы кино немесе телевизияда, тарих пәні сабақтарында көрсетуге болатын клип түсіруде пайдалануға болады.

Сыннан қорықпайтынын айтқан Сайраш «Сын – назар аударудың бір формасы. Сондықтан сынай берсін» дейді.

«ҚАЗІРГІ ЗАМАН САРЫНЫ БАР»

Музыка саласы өкілдері – музыкатанушы Юрий Аравин мен әнші Нұрлан Албан трилогияның бірінші бөлімі туралы жағымды пікірлер айтты. Юрий Аравинның айтуынша, қазіргі кезде сонаталық немесе симфониялық формадан гөрі ашық,
Музыкатанушы Юрий Аравин. Алматы, 23 сәуір 2014 жыл.
Музыкатанушы Юрий Аравин. Алматы, 23 сәуір 2014 жыл.
тұйық емес, үдемелі формадағы шығармаларға сұраныс көп. Бұл шығарма клип, перфоманс, сахналық қойылым, көркем және деректі фильмдерді дыбыстау үшін қажет материалға айнала алады.

– Бұл тұрғыдан «Қазақ елі» – кәдеге асатын материал. Бұл шығарма тыңдаушыны музыкалық ойға, тарихты шығармашылықпен зерделеуге жетелейді, – дейді Юрий Аравин.

Оның айтуынша, академизм тұрғысынан алғанда, Сайраштың музыкасынан сәйкессіздік те, қателік те табуға болады. «Кәсіби композиторлар «сонаталық форма жоқ» деп сынауы мүмкін» деген сыншы тіпті олардың қандай өң-реңмен не дейтінін де бейнелеп көрсетті. Бірақ Юрий Аравиннің айтуынша, Сайраштың музыкасы – мүлде басқа бағыттағы музыка.

Юрий Аравиннің айтуынша, «Қазақ елінен» өткенге көзқарас қана емес, қазіргі заманмен де байланыс байқалады.

– Мен тіпті «Бригада» триллерінің сарынын естігендей болдым. Қазіргі заман атмосферасымен нәзік әрі үндес байланыс бары жақсы, – дейді музыкатанушы.

Бірақ ол «көне заманнан белгі беретін аллюзиялық үндерді көбірек қосса, жақсы болар еді» дейді.

Әнші Нұрлан Албанның айтуынша, стереотипке сәйкес келмесе де, альбомдағы музыка – қазақ музыкасы.

– Жұрттың ойында қазақ музыкасы міндетті түрде желіс ырғақты әуен, кванттан квинтке ауысып отыруы тиіс деген стереотип орныққан. Ал бұл қалыптан сәл шығып кетсе болды, «мынау қазақтың музыкасы емес қой» деп шыға келеді. Шын мәнінде қазақтың музыкасы бай. Ол диатонды болып келеді әрі еуропалық музыкадан онша өзгешелігі жоқ, – дейді әнші.

«Қазақ елінің» бірінші бөлімі 1 мың дана шағын тиражбен шықты. Бірақ оны Сайраштың сайтынан толық тыңдауға болады. Автор трилогия дайын болған соң жинақ үлкен тиражбен, әрі тарту етуге болатын нұсқада шығады деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG