Accessibility links

Әбдіуақап Қара: Мұстафа Шоқай мұралары толық насихатталмай жатыр


Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қара. Алматы, 5 қараша 2008 жыл. (Кейіпкердің өз қорынан алынған сурет)

Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қара. Алматы, 5 қараша 2008 жыл. (Кейіпкердің өз қорынан алынған сурет)

Желтоқсанның 27-сінде Мұстафа Шоқайдың өмірден өткеніне 69 жыл толды. Азаттық радиосы осыған орай Мұстафа Шоқай еңбектерін зерттеп жүрген ғалым, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры, «Мұстафа Шоқай» кітабының ауторы Әбдіуақап Қарамен сұхбаттасты.

Ғалым Мұстафа Шоқай мұраларын кино өнері мен әдеби шығармалар арқылы насихаттау қажет дегенді алға тартты. «Өйткені ғалымдардың еңбегі санаулы адамдардың қолында ғана қалады» деді. Әбдіуақап мырза Шоқай тұлғасын танытатын әдеби шығармалар мен кино туындылар көбірек болса дейді.

Ол алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың «Яш Түркістан» журналы толығымен қазақ тіліне аударылса екен деген ойын айтады.

– Мұстафа Шоқайдың ең үлкен еңбегі бірі, менің ойымша, «Яш Түркістан» журналы. 1929 жылдан 1939 жылға дейін бұл журналдың 117 саны шыққан еді. Бірақ бәрі толық аударылып, қазақ тіліне аударылған жоқ. Тек сол журналдағы Мұстафа Шоқайдың белгілі мақалалары ғана екі том болып жарық көрген еді. Бірақ ол жеткілікті емес. Барлығы толық аударылып, жастарға таныстырылуы тиіс, – дейді ғалым.

Сұхбаттың аудио нұсқасы

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG