Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Біржан мен Жансая


Айтыскер ақын Біржан Байтуов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Айтыскер ақын Біржан Байтуов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкент қаласында республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл айтыс биыл Төле бидің 350 жылдығына, Абылай ханның 300 жылдығына арналды.

Алғашқы күннің соңына қарай Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Біржан Байтуов пен оралдық ақын Жансая Мусина айтысты.

Бірінші болып сөз алған Біржан Байтуов қазақтың өткен заманғы «елге қамқор болған билері» мен кейінгі «бисымақтарды» салыстырды:

– Кешегі тау тұлғалы Төле қайда,
Бүгінгінің шалдары неге майда?
Төлелер қиналғанға қамқор болып,
Қысылғанда табушы еді шебер айла.
Ал енді бұл күндегі бисымақтар
Ел үшін берілмейді терең ойға.

Ақын бұдан әрі "бұл күндегі бисымақтарға" өзінің қателігін көрер айна ойлап табу керек шығар деген пікір айтты.

«Ер азса, ел азады» деген мақал,
Еріксіз осындайда келеді ойға» деп түйіндеді Біржан Байтуов бұл ойын.

Ақын Жансая Мусина. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Ақын Жансая Мусина. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Ал Жансая Мусина тақырыпқа арқау болған Абылай мен Төле биді былайша суреттеді:

– Тарихта өткен бұрын шалдар қандай,
Әрқайсысы өз алдына заңғарлардай.
Шалдардың шаң жуымас қасиеті,
Төле би бабама да тән болған ғой.
Тәукенің дәуірінен басталатын,
Ғұмыры қазақ үшін арналғандай.

...Абыздың ақылын тыңдап өскен жандар,
Далада қалмай бәрі зор болған ғой.
Тентекті текті қылып жіберетін
Қасиеті бабамыздың зор болған ғой.
Ақылын тыңдап жүріп Төле бидің,
Түйесін баққан құл да хан болған ғой.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG