Accessibility links

Назарбаев тәуелсіздік шежіресін наурыздың тарихынан таратады


Қазақтың ұлттық киімін киген әйел наурыз мейрамы кезінде. Астана, 22 наурыз 2011 жыл.

Қазақтың ұлттық киімін киген әйел наурыз мейрамы кезінде. Астана, 22 наурыз 2011 жыл.

Астана қаласында наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шаралар қаланың ескі бөлігіндегі бұрынғы парламент ғимараты мен сол жағалаудағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтті.


Мерекеге жиналған жұрттың алдына шыққан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді наурыз мерекесімен құттықтады. «Наурыз жер шарындағы ең көне мейрамның бірі екенін, бес мың жылдан бері тойланатынын» айтқан Қазақстан президенті:

– Қайта оралған наурыздың тарихы – тәуелсіздігіміздің тарихы. Бұл күні еліміз түгел жаңарады. Бар күшімізді, бар ниетіміз бен ісімізді Қазақстанның гүлденуіне арнаймыз, – деді.

Президент Назарбаевтың құттықтауы аяқталған соң алаңда театрландырылған көріністер қойылды.

Бүгін Астананың кейбір жолдары жабылды. Қалалық жол полициясы басқармасы бұған дейін жеке көліктеріңді мінбей қоя тұрыңдар деп ескерту
Қаланың орталық алаңындағы наурыз мейрамы. Астана, 22 наурыз 2011 жыл.
айтқан еді.

– Көршілес аумақтағы көлік тұрақтарының аздығын ескере отырып, оған қоса көліктің көп жиналып қалмауы үшін қоғамдық көлікке мінуді ұсынамыз, - деп хабарлады Астана қалалық жол полициясы басқармасының бастығы Бақыткелді Айқымбеков.

Қала басшылығының сөзіне сенсек, Астанада арнайы бағыттағы автобустар жүргізіледі. Астананың басты мерекелік орталықтарына апаратын көлік таңғы 11-ден кешкі 11-ге дейін жүруі керек.

Қала тұрғындарының айтуынша, биылғы наурыз мейрамы өте ауқымды өтіп жатыр.

– Бұл мерекені асыға күтеміз, – дейді астаналық Жәзира Төлеубекова Азаттық радиосына. – Жаңа жылда елімізде, отбасымызда жақсылық болады деп сенеміз. Бұл мейрам қазақ үшін – достық пен махаббаттың баламасы.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG