Accessibility links

«Наурызға байланысты шаралар әлі бір жүйеге түсірілген жоқ»


Наурыз мерекесі болып жатқан Астана алаңында әжелер шашу шашты. Алматы, 21 наурыз 2011 жыл.

Наурыз мерекесі болып жатқан Астана алаңында әжелер шашу шашты. Алматы, 21 наурыз 2011 жыл.

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Қазақстан халқы бұл мерекені жыл сайын атап өтеді. «Бірақ қазір наурыздың сырт көрінісін ғана қуып кеттік, ұрпақ үшін тәрбиелік мәніне терең үңілуіміз керек» дейді этнограф мамандар.


Наурызнама тойына қатысты хабарды тыңдаңыз


Наурыз парсы тілінде «нау» жаңа, «руз» күн дегенді білдіреді. Яғни жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол - күнтізбелік жылдың үшінші айы, көктемнің басына келеді. Қазақтар оны Әз Наурыз мейрамы деп те атайды.

Наурыз мерекесі табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

Ежелгі халықтар негізінен жаңа жылды табиғат жаңаруымен, яғни жер ұйқыдан оянғаннан кейін, көктем келуіне байланысты атаған. Наурыз мерекесі ең көне мейрам, оның тойланып келе жатқанына 13 мың жыл болды дейді ғалымдар.

Көне деректер көзiне сүйенсек, наурыз тоғыз күн тойланады екен. Ол той «Наурызнама» деп аталады. Әдетте, наурызнаманы бай, ауқатты кiсiлер жасаған. Бiрақ әр шаңырақ өзiнше наурыз көже пiсiрiп, аққа толы аяғын босағадан аттағанның бәрiне ұсынған.

Ауыл ақсақалдары үй-үйден дәм татып, көршілеріне ыдыспен сыбаға тасып жүрген. Ол сыбаға iшiлместен бұрын қазанға құйылады. Бұл «дәм-тұзымыз араласқан тату болайық» дегеннiң белгiсi екен.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG