Accessibility links

Назарбаевтың мерейтойын дабыра-даңғазасыз атап өтуді қалайтынына сарапшылар сеніңкіремейді


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ватиканда. 6 қараша, 2009 жыл

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ватиканда. 6 қараша, 2009 жыл

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлауға тиым салды, құлақ аспағандарды орынан алып тастайтындығын айтты. Азаттықтың өткізген дөңгелек үстелінің қонақтары, президент сөздерінің шынайылығы жайында пікір алмасты.

Наурыздың 12-сі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2014 жылға дейінгі серпінді индустрия-инновациялық даму бағдарламасының мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдерімен кеңес өтті.

Кеңесте президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин сөз сөйлеп, алдағы мерекелердің тойлану барысына тоқталған еді. Оның ішінде Нұрсұлтан назарбаевтың 70 жылдық мерей тойына баса назар аударылды.

«Биылғы жыл – Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 70 жылдың мерейтойы. Осыған байланысты еңбек ұжымдарынан, алыс-жақын шет елдердегі саяси және қоғамдық қайраткерлерден, бұл атаулы датаны тиісті деңгейде атап өту туралы өтініштер түсіп жатыр. Себебі бұл тек біздің ел үшін ғана елеулі күн емес»,- деді өзі сөзінед Аслан Мусин.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Нұрсұлтан Назарбаев Шымбұлақ шатқалында серуенде. 8 қаңтар, 2001 жыл


Дәл осы сәтте, Аслан Мусиннің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев кенеттен бөліп, ешқандай мерейтойдың болмайтындығын айтты. Сондай-ақ, мерейтойды думандатып тойлауды көздеген шенеуніктерді орнынан алып тастайтындығын ескертті.

"Президенттің ешқандай да мерейтойы болмайды", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев. "Егер әлдекім 70 жылдыққа орай 70 іс дайындай бастайтын болса, онда оны жұмыстан алатын боламын", - деді ол.

"Ешбір дайындық болмасын, бұл - қарапайым күн, қала күні. Оның орнына Қазақстанның 20 жылдық мерейтойына дайындалыңыздар. Маған арнап өндірістік анау-мынау дегендей тарту-таралғы дайындалмайтын болсын", - деді президент.

Мемлекет басшысы атап өткендей, оның мерейтойына басты сыйлық - " Серпінді индустрия-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру болмақ".

"Арнайы ештеңе дайындаудың қажеті жоқ, бұл - менің бүкіл елге берген тапсырмам",- деп атап өтті президент.

Осы ретте Азаттық радиосы «Қазақстан жетекшісі өз сөзінде қаншалықты шынайы және Орта Азия елдерінің басшылары одан үлгі алуы мүмкін бе?» - деген тақырыпта дөңгелек үстелін өткізген еді, сол талқылаудың ықшамдалған нұсқасын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Дөңгелек үстелге: "Азат Еуропа/ Азаттық радиосы" өзбек редакциясының директоры - Әлішер Сидиков, "Азат Еуропа/ Азаттық радиосы" тәжік редакциясының веб-редакторы Рахаткарим Давлатов, "Азат Еуропа/ Азаттық радиосы" қырғыз редакциясының қызметкері -Амирбек Усманов, сондай-ақ «"Азат Еуропа/ Азаттық радиосы" түркмен редакциясының қызметкері - Алламурад Рахимов қатысты.

ТҮРКМЕНБАШИЗМ КӨШІРМЕСІ
Кімнің сағаты мықты екен көрейік қане! Ашхабад әуежайында.


Әлішер Сидиков:

- Меніңше, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ресмилерін ескертуінде рас айтып отыр. Өздеріңізге белгілі, Каримов Қазқстандағы әріптесінен екі жас үлкен. Меніңше Нұрсұлтан Назарбаев Каримовтен үлгі алып отырған сияқты. Өйткені, Каримов ешқашан туған күнін тойламайды.

70 жас – бұл күнінің өтіп бара жатқандығын еске түсіретін, кәрілік пен демалысқа шығу керектігін еске түсіретін жас. Ислам Каримов бұған өте мұқият әрі ешқашан өз туған күнін атап өткен емес. 70 жас дегеніміз – 50 емес, 30 да емес, тіпті 40 жас емес. Сондықтан Назарбаевтың туған күнін өзінің жақтастары емес, оппозиция тойлауы мүмкін.

Рахметкарим Давлатов:

- Мен, 70 жас – қуаныш емес деген, әріптесімнің пікірімен келісемін. Дегенмен, бұл тұтас Орта Азия мемлекеттеріне тән құбылыс. Тәжікстанда «Дәстүр мен ұлттық салттарды реттеу туралы» заңға сәйкес, туған күндерді атап өтуге тиым салынған.

Дегенмен, Тәжікстанның президентінің туған күні – 5 қазан, жыл сайын аталып өтіледі. Мәселен, өткен жылы президенттің туған күні аталып өтілмеді, дегенмен қазанның 5-6-сы күндері имам Абу Ханифаны еске алатын халықаралық симпозиум өтті.

Бұл жерде қорқынышты ешнәрсе жоқ. Қалай болғанда да президенттер туған күндерін тойлайды. Ол қалыпты да. Мәселен, Тәжікстан президенті өткен жылдың мамыр айында, өзінің портретін ілмеу туралы үш рет тапсырма берді.

Осы күндері Тәжікстанда республиканың басты басылымы болып табылатын - «Джумхуриет» газетінің 75 жылдығы өтті. Осыған орай мақала жазған тәжік сайттарының бірінің оқырманы: «Өкінішке қарай «Джумхуриет» газеті президент Рахмонның отбасылық альбомы болып кетті» деген пікір келген.

Алламурад Рахимов:

- Назарбаев сөздерінің қаншалықты шын екендігін айта алмаймын. Дегенмен, бұл тұста Орта Азияда Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың үлгісін атап өту керек. Өздеріңізге белгілі, Сапармұрат Ниязовтың туған күні ұлттық мереке болып кеткен еді.

Ресми түрде әрине, Ниязовтың туған күні – ұттық мереке деп аталған жоқ. Дегенмен, Ниязовтың жағымпаздары оған жақсыаттану үшін, ақпанның 19-ы күні - мемлекеттік рәміз - ту күнін енгізді. Бұл күні – Сапармұрат Ниязовтың туған күні.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол) пен профессор Закратдин Байдосов. Ақтөбе, 10 қыркүйек 2009 жыл. Ақтөбелік «Диапазон» газетінің сайтындағы сурет.


Мемлекеттік ту күні жақындаған кезде, неліктен екендігі белгісіз елдің барлығы мемлекеттік туды ұмытып, Ниязовтың туған күні аталып өтіледі. Оған барлық мақтаулар мен мадақтаулар айталады. Сондықтан, түркменстандықтардың жағдайы Қазақстанда қайталанбауы маңызды. Бірақ бұл қайталануы мүмкін.

Сапармұрат Ниязовта ара-тұра шенеуніктерімен қарапайым тұрғындарды өзін ұлықтамау туралы айтатын. Дегенмен, оның дәл осы өтініші орындалмаған күйі қалды.

Әмирбек Усманов:

- Назарбаев сөздерінің шынайылығына келер болсақ, мен Алламурадтың сөздеріне қосыламын. Сонымен бірге атап өтер жайт, 70 жылдықты тойлауға келсек Назарбаевтың Каримовке қарағанда себебі мен жетістігі көп.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстан экономикалық стагнацияда. Ал Каримовтің автотаризмі, экономикалық автаркия – мұның барлығы неге алып келгендігін біз білеміз.

Менің ойымша, Назарбаев, Лион Фейхтвангертің «Лже-Нерон» романынан үлгі алған сияқты. Онда Нерон өзінің көзі тірі кезінде тиындар шығарып, өзіне ескертіш қоуған болатын, алайда ол өлгенен кейін оның барлығы құрыды. Назарбаев осыны ескерген болуы керек.

Екінші жағынан меніңше Назарбаев 21 жыл билікте отырғандығына ұялуы мүмкін.

Оны халық та түсінеді. Әсіресе, Барак Обама әлемдік саясатқа жаңа серпіліс беріп, саясаткерлер жастармен ауысу керек деп мәлімдегеннен кейін, Назарбаев осындай айлаға барып отыр.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG