Accessibility links

Назарбаевтың «қазақ мемлекеті болған жоқ» деген сөзін сарапшылар әрқилы жориды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті (ортада) малды ауылды аралап жүр. Алматы облысы, 27 шілде 2011 жыл
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті (ортада) малды ауылды аралап жүр. Алматы облысы, 27 шілде 2011 жыл

Қазақстан президенті Назарбаев 27 шілде күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Талғар ауданы малшыларының слетінде «тұңғыш рет қазақтың шекарасын шегелеп, БҰҰ-ға жеткіздік» дегенді айтты.


Сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл пікірі осыған дейін де айтылған еді дейді. Кейбір тарихшы ғалымдар «мемлекет басшысының олай деуі мүмкін емес» десе, енді бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін дұрыс деп санайтынын жеткізді.

ПЕРСОНА НОН ГРАТА

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарыдағы пікіріне ұқсас ойды 1990 жылы Ресей жазушысы Александр Солженицын де, 2005 жылы Ресей мемлекетттік думасының депутаты Владимир Жириновский де айтқан еді.

Кезінде Қазақстан қоғамында бұл екеуіне де қарсы пікірлер қалыптасты. Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы Ресей бас прокуратурасына наразылық хатын жолдап, мемлекетттік дума депутатына шара қолдануды талап еткен болатын.

Соның ізінше Қазақстан сыртқы істер министрлігі Владимир Жириновскийді «персона нон грата» деп жариялады. Алайда осындай тыйымға қарамастан Жириновский одан кейін де Қазақстанға түрлі мақсаттармен бірнеше мәрте келіп кеткен еді.

«ОЛ КІСІНІҢ ОЛАЙ ДЕУІ МҮМКІН ЕМЕС»

Азаттық радиосының тілшілері Қазақстан президентінің Еңбекшіқазақ және Талғар ауданының малшылар слетінде айтқан сөздері жөнінде саясаткерлер мен тарихшы ғалымдардың пікірлерін білмек болды.

Әуелі 2010 жылдың желтоқсан айында Қазақстан президентінің өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту мақсатында жалпыхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі, тарих ғылымының докторы Ерлан Сыдықовқа хабарластық.

Ерлан Сыдықовтың пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Жүктеп алу


Алайда таяуда ғана Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректорлығы қызметіне Қазақстан президенті Назарбаевтың өкімімен
Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректоры Ерлан Сыдықов президент Назарбаевтың өкілетін ұзарту науқаны кезінде. Астана, 12 қаңтар 2011 жыл.

тағайындалған Ерлан Сыдықов президенттің малшылар слетінде сөйлеген сөзінен бейхабар болып шықты.

Азаттық радиосының тілшісі президент Назарбаевтың сөздерін қайталап айтып берген соң: «Тура солай деді ме? Ол кісінің олай деуі мүмкін емес» деп таңданды Ерлан Сыдықов.

– Өйткені ол кісі «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» секілді қаншама тарихи кітаптар жазды. Өзінің жазғандарына кереғар пікір айтуы мүмкін емес. Мүмкін, бір контексте айтылған болар. Мемлекет басшысы ондай сөзді айтуы мүмкін емес. Қазақ хандығы, қазақ мемлекеті болды, – дейді Ерлан Сыдықов.

«ӘЛЕМДІК АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ»

Осыдан бірер ай бұрын Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры қызметіне сайланған тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Әбжанов «мемлекет басшысының пікіріне қарсы еместігін» білдірді.

Хангелді Әбжановтың пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00
Жүктеп алу


– Қазақстан республикасының тура бүгінгі өлшемі, бүгінгі биігіндей мемлекет болмағаны рас, – дейді ол. – Осы тұрғыдан келгенде елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын-соңды мұндай мемлекет болған жоқ дегеніне мен қосыламын.

Профессордың айтуына қарағанда, «Қазақстан республикасы – саяси ұйымдасуы, әлеуметтік-экономикалық негізі, құқықтық құндылықтары,
Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов.

халықаралық қатынастағы орны жағынан Қазақ хандығынан тұрпаты бөлек мемлекет».

– Ал соңғы үш ғасырдағы қазақтың астанасын Мәскеу анықтап отырды. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана астанамыз орналасатын жерді дәл таптық. Сіз айтып отырған Солженицын, Жириновскийлер бізді халық, мемлекет ретінде мойындамайды. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі – бүгінгі мемлекет туралы әлемдік ақыл-ойдың тұжырымдамасынан туған пайым, – деп сөзін қорытты Хангелді Әбжанов.

Ол «Нұрекең қазақ тарихында мемлекет болған жоқ деп айтқан емес. Олай болса кітаптарында жазар еді» дегенді қосып қойды.

«ӨЗІН-ӨЗІ «ҰЛЫ» СЕЗІНУ ДЕРТІ»

«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі, саясаткер Дос Көшімнің пікірінше, «президент мұндай сөзді бұрын да айтқан: оның ойына қарағанда, мүмкін, шекараның қазіргідей ала бағандары болмаған шығар».

Дос Көшімнің пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:37 0:00
Жүктеп алу


Бірақ заманынан сай шекарасы анықталғаны анық. «Барлығы менің арқамда жасалды» деп, ішкі мақтаныш сезімімен президенттің артық
«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім. Астана, 29 сәуір 2010 жыл.

сөйлеп қоятыны бұрыннан белгілі» дейді саясаткер.

– Менің ойымша, бұл мәселеге тарихшылар жауап бергені дұрыс сияқты. Бірақ біздің тарихшыларымыз да саясаттың қолбаласына айналып кетті. Кім билікте болса, еліміздің тарихын соғай ыңғайлап бұрмалап жаза салатын болды. Жириновскийлер мұндай пікірлерді қазақ халқын төмендету үшін айтса, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі дәріптеу үшін айтып жүр, – дейді Дос Көшім.

2005 жылы «қазақта мемлекет, шекара болмаған» дегені үшін Қазақстан президентін сотқа беріп, ақыры Нұрсұлтан Назарбаевтың «ар-ожданына тіл тигізгені үшін» екі жылға сотталған Жасарал Қуанышәлин: «Қазақтың ата-бабаларының астанасын сырттан келіп біреу таңдап беріп пе?» деген қарсы сауал қойды.

Жасарал Қуанышәлиннің пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00
Жүктеп алу


– Өзі басқарып отырған ел жөнінде осындай әңгіме айтқан басқа мемлекет басшысы болған емес. Бұл – ақылға сыймайтын жағдай. Қазақ ХV ғасырдан бері өз атымен мемлекет құрды. Оның арғы жағындағы түркі мемлекеттерінің мұрагерлерінің бірі де – біз. Мемлекет болды деген сөз – шекара да болды деген сөз. Бұл екеуі болса, астанасы неге болмайды?
Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл.

Осындай қарапайым нәрселерді елбасы айтқанда жағаңды ұстайсың. Назарбаев «маған дейін ештеңе болмаған» деп тұр ғой. Бұл «өзін-өзі ұлы сезіну дерті» ғой, – дейді Жасарал Қуанышәлин.

Азаттық радиосы Қазақстан республикасының бас прокуратурасына хабарласып, Владимир Жириновскийдің 2005 жылғы сөзінен кейін осы мекеменің Ресейге наразылық хат жолдағандарын естеріне салды.

Қазір тағы да осы тектес пікірлер айтқан адамға бас прокуратураның қандай шара қолданатынын білмек болды.

Алайда баспасөз қызметінің жетекшісі Әділбек Қабаев «мұның саяси мәселе екенін» алға тартып, тиісті жауап алу үшін бас прокурордың атына арнайы хат жолдау керек екенін хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың малшылар слетіндегі сөзі
please wait

No media source currently available

0:00 0:20:19 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG