Accessibility links

Мәжілістің 99 депутаты халықтың атынан сөйлеп, Назарбаевқа "ұлт көшбасшысы" атағын алып берді


Қазақстан парламентіндегі дауыс берулердің нәтижесін көрсетіп тұрған электронды тақта. Астана, 12 мамыр, 2010 жыл.

Қазақстан парламентіндегі дауыс берулердің нәтижесін көрсетіп тұрған электронды тақта. Астана, 12 мамыр, 2010 жыл.

Сәрсенбілік жалпы отырыста депутаттар Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт көсемі мәртебесін және басқа да жеңілдіктерді қарастыратын заң жобаларын бірауыздан мақұлдады. Ұлт көшбасшысына қастандық жасалса оны террорлық акт деп тану жөнінде де ұсыныс айтылды.


Ұлт көшбасшысы мәртебесін заңдастыру туралы бастаманы осыдан тура бір апта бұрын мәжіліс депутаттары - Розақұл Халмұрадов, Светлана Ферхо және Әмзебек Жолшыбеков көтерген еді. Депутаттар ұлт көшбасшысы мәрбетесін заңдастыру үшін Конституцияға, қылмыстық кодекске, тұңғыш президент туралы, Қазақстан халқы ассамблеясы туралы және басқа да заңдарға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Сол жолы депутаттар бастамасын бірауыздан мақұлдаған төменгі палата жобаларға қатысты қорытындыны 25 маусымға дейін дайындауды жоспарлаған еді. Дегенмен де депутаттар асқан жылдамдықпен, бір аптаның ішінде заң жобасын дайындап үлгеріп, оны бүгін әріптестеріне депутат Розақұл Халмұрадов пен Рахмет Мұқашев таныстырды.

ПРЕЗИДЕНТТІ КӨЗІ ТІРІСІНДЕ
Қазақстан парламентінің депутаты Розақұл Халмұрадов мінберде. Астана, 12 мамыр, 2010 жыл
ҚҰРМЕТТЕУ


Олардың айтуынша, бұл құжат Назарбаев биліктен кеткеннен кейін де мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қатысты бастамаларға оның келісімін алуды, президент қызметін атқару кезеңінде және одан кейінгі мерзімде жасаған іс-әрекеттері үшін жауапқа тартпауды қарастырады.

- Еліміздің тұңғыш президенті – елбасына ешкімнің тиіспеушілік мәртебесін нақты регламенттеу мақсатында, Қазақстанның президенті өкілеттілігін орындау кезінде, одан кейін тұңғыш президент – елбасы мәртебесінің жүзеге асырылуына байланысты, жасаған іс-әрекеті үшін оны жауапқа тартуға, ұстауға, қамауға алуға, жеке басын тексеруге болмайтындығын айқындау ұсынылады, - деді Розақұл Халмұрадов.

Бұған қоса, заң жобасы Назарбаевтың және оның отбасының мүліктерінің бүтіндігіне кепілдік береді. Депутаттар Назарбаевтың өміріне қастандық іс-әрекетін террорлық қылмыс санатына жатқызуды ұсынып отыр.

Мәжіліс депуттары Астанада алғашқы президенттің бюстін орнатып, президент мұражайын Назарбаевқа беруді қалайды. Заң жобасы Назарбаевтың суретін бүлдірген кісіні қылмыстық жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық кодексе ұсынылған толықтырулар Қазақстанның тұңғыш президентінің суретін бүлдіруге, көпшілік алдында қорлауға және оның абыройы мен қадір-қасиетіне тіл тигізуге, оның өмірбаян фактілерін қаралауға жол берілмеуін қарастырады.

"ДЕПУТАТТЫҢ МІНДЕТІ"

Халмұрадов пен Мұқашевтің баяндамаларынан соң депутаттар ұсынысты талқылауға кірісті. Пікірталас ұзаққа созылған жоқ. Негізінен төменгі палатадағылар ұлт көшбасшысы ұсынысын қолдайтындықтарын ашық білдіре отырып, Назарбаевқа қатысты мақтау-мадақтау сөздерін аяған жоқ. Депутаттар екі сөздің бірінде Назарбаевты «тұңғыш президент - елбасы» деп марапаттаудан жаңылған жоқ.

Мәселен, депутат Кенжеғали Сағадиев халық Назарбаевты өзінің көшбасшысы деп таниды, енді соны заңдастырса жетіп жатыр деп мәлімдеді.

- Бұл біздің күнделікті айтып жүрген мемлекеттің басшысы, елбасымыз, лидеріміз. Оны біз ауылға барғанда, қалада жүргенде де естиміз. Оны барлығымыз мойындаймыз, - деп атап көрсетті Сағадиев.

Қайсыбір депутаттар пікірталасқа алдын ала дайындалып келген екен. Сағадиевтан басқа да пікірталасқа қатысқан депутаттардың барлығы да өз ойларын жазып алып келген қағаздарына қарап оқып берді. Солардың бірі Людмила Хочиева бұл заңды қабылдау депутаттардың міндеті деп мәлімдеді.
Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов дауыс беру барысын қадағалап отыр, Астана, 12 мамыр, 2010 жыл.


- Елдің аузындағысын еселеп, оны төбедегі төртеудей түгел етіп отырған тұңғыш президент – елбасының мәртебесін заң арқылы мақұлдау – бүгінгі парламент депутаттарының міндеті деп ойлаймын, - дейді Хочиева.

Пікірталасқа қатысқандардың бәрі депутаттарды заң жобасын қолдауға шақырды. Мұнда ұлт көсемі жобасына қатысты бірде-бір қарсы пікір айтылған жоқ. Керісінше заң жобасын бірауыздан мақұлдау туралы ұсыныс түсірді. Сөйтіп депутаттар бірауыздан жақтап шықты.

Айта кетерлік жайт, депутаттар «ұлт көшбасшысы» ұсынысын өмірлік президент ұғымымен шатастырмауды сұрайды. Парламент 2007 жылы Назарбаевқа, Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде, мемлекет басшысы қызметіне шектеусіз мәрте сайлауға түсіуге мүмкіндік алып берген еді.

Биыл 6-шы шілдеде Назарбаев 70 жасқа толады. Оның қазіргі президенттік өкілеті, заң бойынша, 2012 жылы аяқталуы тиіс,

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG