Accessibility links

Назарбаев «Жас Отанның» сьезінде хиджаб туралы да айтты


"Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының 2-съезі. Астана, 16 қараша 2012 жыл.

"Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының 2-съезі. Астана, 16 қараша 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Жас Отанның" сьезінде елдің "қос ғасырға бергісіз табыстары" туралы айтып, жастарды "араб киімін кимеуге", "қазақша сөйлеп әрі үш тілді білуге", техникалық мамандықтарды меңгеруге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының сьезінде 2012 жылы 161 мың жас мектеп бітіріп, оның 43 мыңы кәсіптік колледжге, 93 мыңы жоғары оқу орнына түскенін, 28 мыңы ешқандай оқуға түспей қалғанын айтты.

- Қазір бізде жұмысшы мамандар, инженерлер, техниктер жетіспейді. Қазір астанада құрылысшылар жоқ, келгендері адам айтқысыз көп ақша сұрайды. Жастар мұнда айына 500 долларға, 300 долларға бастық болып жұмыс істеуге болар еді - олар мың сұрайды. Ақылмен істесе, бәсекелестік туғызып, жұмыс табуға болады. Бірақ әуелі мамандық алу керек. Мемлекет осыған көмектесу керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті жұрттың бәрі жоғары білім алуға ұмтылмағаны жөн болатынын, "экономикаға техникалық қызметкерлер, слесарь, электрик, механик, жүргізуші, дәнекерлеуші, аспаз сияқты мамандар да керек" екенін айтты.

- Қазір Жезқазғаннан Каспий теңізіне дейін 1200 шақырымдық жол салынып жатыр. Бұл деген - қаншама жұмыс орыны, қаншама ақша! 2700 шақырымдық Батыс Қытай - Батыс Еуропа жолы салынып жатыр. Жастарды соған жұмылдыру керек. Бұл тарихи іс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ХИДЖАБ ЖӘНЕ «ҚОС ҒАСЫРЛЫҚ ТАБЫС»

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан "Жас Отанның" сьезінде дін мәселесін де айтты.

- Біз - мұсылманбыз. Бірақ исламда түрлі ағымдар бар. Және сендер - "жас отандықтар" осы ағымдарға кірген жастарды жаман нәрселерден тежеуге "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының 2-съезі. Астана, 16 қараша 2012 жыл.

"Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының 2-съезі. Астана, 16 қараша 2012 жыл.

тиіссіңдер. Оларды тәрбиелеулерің керек. Біз өзімізді мұсылманбыз дегенде халықты орта ғасырға қарай тартпауымыз керек. Бізге әр адамның пікірі маңызды. Бірақ біздің қыздарымыз бен әйелдер киіп жүрген араб киімі хиджаб біздің жол емес. Қазақ көшпенді халық болған, біздің ертеден келе жатқан өз жолымыз бар, - деді.

Назарбаев қазақтардың исламдағы суннит бағытын ұстанатынын, басқа елдердің мұсылмандарына еліктемеу қажет екенін айтты.

Қазақстан президенті бұған қоса "шетелде малай болып, еңбек іздеп жүрген бір де бір қазақ жоқ" деп мәлімдеді.

- Шет елдерде кімнің жастары оқиды? Қазақтың жастары оқиды. Шет елдердің курорттарында кімдер демалады? Қазақтар демалады. Ешкімге малай болып, еңбек іздеп жүрген дүниеде ешбір қазақ жоқ - бәрі өзімізде. Соның өзі неге тұрады? - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Назарбаев Қазақстан халқы "татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналғанын", "бір буын ауыспай-ақ мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болғанын", "қазір күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекет" екенін де айтты.

Назарбаев мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола қоймағанын ескерте келе:

- 20 жылда екі ғасырға татитын еңбек сіңіргеннен кейін ғана Қазақстан қос ғасырға бергісіз табысқа жетіп отыр, - деді.

Қазақстан президенті сьезге жиналған жастарға қарата қазақша сөйлеп, оларға осыны үлгі етіп көрсетті.

СЪЕЗГЕ КЕЛГЕН ЖАС ҰСТАЗ

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақша сөйлеу туралы сөзін мақұлдаған Жас ұстаз Қарлығаш Бұғыбай "Жас Отанның" сьезінде. Астана, 16 қараша 2012 жыл.

Жас ұстаз Қарлығаш Бұғыбай "Жас Отанның" сьезінде. Астана, 16 қараша 2012 жыл.

жастардың бірі - "Жас Отанның" 2-сьезіне Ақмола облысындағы Астраханка ауылынан келген жас мұғалім Қарлығаш Бұғыбай.

- Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жастардың қазақша еркін сөйлесуін қолдайтынын айтты, - дейді Қарлығаш Бұғыбай.

Ол Астанадағы гуманитарлық колледжді бітірген соң өз ауылына барып, былтырдан бері орыс мектебінде қазақ тілін оқытып жүр екен.

Қарлығаш Бұғыбай ауылға мұғалім болып барғаны үшін мемлекеттен көмек көрген, енді өзі несие алмақ. Бесінші сыныпқа жетекшілік етіп, 24 сағат дәріс беретін жас ұстаз айлығына (70 мың теңге) разы екенін, мектептегі жұмысын жалғастыра беретінін айтты.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG