Accessibility links

Жаңа жылды асыға күтетін сатушылар


Көк базардағы жаңа жылдық сауда. Алматы, 21 желтоқсан 2012 жыл.

Көк базардағы жаңа жылдық сауда. Алматы, 21 желтоқсан 2012 жыл.

Алматының орталық базарында жаңа жылдық базарлықтарды сатып алушылар тым сирек. Ал «Барахолкадағы» сауда керісінше қызып тұр.

Алматының қақ ортасында орналасқан Орталық (көк) базардың кіре берісіндегі бұрын көкөністер сатылатын аумаққа қазір жаңа жылдық шыршалар мен әртүрлі әшекей сатушылар орналасыпты.

ШЫРШАНЫҢ ҚҰНЫ 35 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН КЕТЕДІ

Осы базарда тұрғанына он жыл болғанын айтқан Бауыржан есімді сатушы:

– Жылда бір ай шырша сатамын. Күніне бар-жоғы екі-үш шырша ғана өтеді. Шырша сатып алушылар – негізінен орыс ұлтының өкілдері. Олар біз секілді емес, жыл сайын ауыстырып тұрады. «Былтыр мынадай шырша құрғанбыз, биыл ананы алайық» деп таңдау жасап жатады. Бағасына емес, көркемдігіне көп назар аударады, – дейді Бауыржан.

Бауыржаннан шыршаларының бағасын сұраған едік.

– Ең төменгі бағасы – мың теңге, ал жоғарғысы 35 мың тұрады, – деді ол.

«Қайсысы көп өтеді?» деген сауалымызға:

– 12-18 мың аралығындағы орташалары жақсы өтеді. Бірақ биыл мына тұрған 35 мыңдықты да алып жатыр. Өткен аптада бір ерлі-зайыпты орта жастағы адамдар келді. Сонда әйелі күйеуіне «Cенің өз шыршаң бар ғой. Маған мынау ұнап тұр» деп осы 35 мыңдықты алып кетті, – деді сатушы.

КҮДІК ПЕН ҮМІТ

Бауыржанның қарсысында орналасқан жаймада жаңа жылдық маскалардан бастап түрлі түсті Аяз ата бейнелі ойыншықтар сатып тұрған Әсем есімді сатушының да көңіл-күйі онша емес.

– Білмеймін, тауар биыл онша өтпей тұр ғой. Жылда бұл уақытта тәп-тәуір сауда Жаңа жылдық әшекейлер.

Жаңа жылдық әшекейлер.

болатын еді, енді қызбаса, – дейді Әсем тоңған аяғын бір-біріне соққылап.

Бұл жерде түрлі-түсті аңның бет-әлпетін бейнелейтін маскалар 500 теңгеден екен.

– «Дождиктер» 500 теңгеден – ұзын, екі метр. Анау Өрмекші адамның киімі мың жарым теңге, ал мынау спортшы Аяз атамыз 1 мың 800 теңге, – дейді сатушы жерде төбесімен шыр айналып билеп жатқан ойыншықты көрсетіп.

Әсем бұлардан басқа балаларға арналған базарлықтарды да сатып тұр. Ішіне арзан конфеттер толтырылған 900 грамдық қағаз қораптар 500 теңгеден болса, «Рахат» кондитерлік фабрикасының осы көлемдегі сыйлықтары 1 мың 500 теңгеден екен.

ҚАЛТАСЫ ҚАЛЫҢДАРҒА АРНАЛҒАН БАЗАР

Базар ішінде болған бір сағат мөлшерінде бірен-саран болмаса, көп сатып алушылар көзімізге түсе қоймады.

Өзінің аты-жөнін айтқысы келмеген бір базаршы «тек көріп кетуге келгенін» айтады.

– Бұл базар тым қымбат. Қалтасы қалыңдар болмаса, қарапайым жандарға Көк базардағы жаңа жылдық сауда. Алматы, 21 желтоқсан 2012 жыл.

Көк базардағы жаңа жылдық сауда. Алматы, 21 желтоқсан 2012 жыл.

арналмаған. Өтіп бара жатып, «шыршалардың бағасы қандай боп тұр екен» деп бұрыла салған едім, – деді ол.

Ал Сағым есімді әйел орташа көлемді шырша іздегенін, бірақ қымбат боп тұрғанын айтты.

– Үш балам бар. жеті-сегіз мыңның көлемінде болатын орташа шырша іздеп кеп едік. 12 мың деп тұр. Ал біздің іздеген бағамыздағы шыршалар кішкентай екен, – деді ол ренжіңкіреп.

«ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ – БАЗАР АЙЫ»

Алайда «Барахолка» аталатын базарда бұл көрініс басқаша. Ол базардың «Болашақ» аталатын бөліміндегі ойыншықтар сататын екі қатар қазіргі сәтте абыр-сабыр. Алушылардан аяқ алып жүре алмайсыз.

– Бір айдан бері саудамыз қызып тұр, – дейді Арман есімді сатушы жігіт.

Төрт жылдан бері тек қана ойыншық сатумен ғана айналысатын Арманның қолы Жаңа жылдық әшекейлер. Алматы, 21 желтоқсан 2012 жыл.

Жаңа жылдық әшекейлер. Алматы, 21 желтоқсан 2012 жыл.

жүретін тұс тек осы уақыт қана екен. Ол түс қайта барған Азаттық тілшісіне:

– Неге ертерек келмедіңіздер. Қазір сіздерге мойын бұруға бір минут та уақытымыз жоқ. Енді бір бес күн барынша жұмыс істеуіміз керек. Содан кейін демалыс, – деді.

Ал Ержан есімді сатушы тауарларын кезең-кезеңге сәйкестіріп сататынын айтты.

– Желтоқсан айынан бастап бір ай бойы тек жаңа жылдық тауарлар сатамын. Онан кейін басқасына ауысамын. Қыстың осы айы ғана біздің ұтып қалатын жеріміз, – дейді ол.

Ержанның айтуынша, базардағы сатушылар үшін қаңтар айы – «өлі кезең».

– Алдағы айда мүлдем сауда болмайды. Тек келіп кетіп қана жүреміз. Сондықтан қаңтардың шығынын осы айда жауып қалуға тырысамыз, жабамыз да, – дейді ол.

Орталық базармен салыстырғанда «Барахолкадағы» жаңа жылдық базарлықтардың бағасы әлдеқайда арзан. Мәселен, түрлі-түсті аңның бет-әлпеті бейнеленген маскалар бұл жерде 200 теңге, ал молынан алатындар үшін 100 теңгеден ғана. Орталық базардағы 200 теңгелік «дождиктер» мұнда 100 теңге тұрады.

«АЙНАЛАЙЫН «БАРАХОЛКА»

– Айналайын «Барахолка». Су тегін ғой, – дейді өзін «Аягөзден келдім» деп таныстырған сатып алушы.

Ол кісі «жаңа жылдың алдында осы жерден оптом алып кететінін» айтады.

– Осыдан екі апта бұрын бір рет келіп кеткенмін. Апарған тауарларым сатылып Алматыдағы базарлардың бірі. (Көрнекі сурет)

Алматыдағы базарлардың бірі. (Көрнекі сурет)

бітуге таяп қалды. Сосын тағы келдім. Осы жерден апарған заттарыма үстемелеп баға қосып сатамын, – деді аягөздік базаршы.

Азаттық тілшісі одан «Қанша қосып сатасыз?» деп сұраған еді.

– Әртүрлі. Тіпті кейбіреуіне еселеп қосамыз. Сонда да алып қояды, – деп күлді.

Атын айтқысы келмеген тағы бір сатып алушы:

– Жылда осы жерден аламын. Биыл мектептегі екі балама киетін жаңа жылдық костюм іздеп келіп едім. Былтырғыға қарағанда 500 теңгеге қымбаттапты, – деп қолындағы «Сұлтанның киімін» көрсетті.

Ол киімнің бағасы 2 мың 500 теңге екен. Былтыр 2 мың теңге болыпты.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG