Accessibility links

Киоскіде өтпейтін газеттің жазылушысы көп


Газет сатып тұрған адам. Астана, 20 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Газет сатып тұрған адам. Астана, 20 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Мемлекеттік қызметкерлер «мемлекеттік газетке жазылмасақ, жұмыстан шығарып тастайды» деп қорқады. Ал газет таратушылар «қарапайым халық тәуелсіз газеттерге жазылып жатқанын» айтады.

Алматылық зейнеткер Қасымхан Айтбаев Қазақстанда шығатын газеттердің барлығын оқуға тырысатынын айтады.

– Айына 23 мың теңге зейнетақы аламын. Оның төрт-бес мыңы газет алуға кетеді. «Нұр Отанның» газеттерінен бастап, оппозициялық газеттердің бәрін оқуға тырысамын. Ішінен өзіме керегін аламын, керексізі газет бетінде қала береді, – дейді зейнеткер.

Оқырман ақсақалдың айтуынша, әр газеттің өз ерекшелігі бар.

– «Егемен Қазақстандағы» тарихи-танымдық материалдары жақсы. «Жас Алаштың» сыни мақалаларын жиі оқимын. «Айқынның» апталық санындағы ғылымға, дінге қатысты дүниелері ұнайды. «Дала мен қала» газетіндегі сұхбаттар ерекше. Ал «Алаш айнасында» көп ақпарат қамтылады, – деді Қасымхан Айтбаев.

Зейнеткер газет дүңгіршектеріне күн сайын келіп газет алуы қиындаған соң 2013 жылға барлық газеттерге жазылғанын айтты.

– Немерем биыл оқуға түсіп, Астанаға кетті. Енді күнде газет алып келетін ешкім жоқ. Сондықтан қазақша газеттерге алты айға жазылып қойдым. Енді үйге келеді, – деді сұхбаттасымыз.

«ҮЙГЕ БІР ГАЗЕТТІҢ ЕКІ ДАНАСЫ КЕЛЕДІ»

Қазір Қазақстанда газетке жазылу науқаны жүріп жатыр. Қараша айында басталған баспасөзге жазылу шарасы 15 желтоқсан күні аяқталады.

Өскемендегі мектептердің бірінде математикадан сабақ беретін мұғалім Гүлмира Асқарова биылғы науқанда сегіз мың теңгенің газетіне жазылғанын айтты.

– Мемлекеттік газеттерге жазылу – міндетіміз. «Егемен Қазақстанға», облыстық газеттерге жазылмасақ та, үстімізден жазып жібереді де, айлығымыздан ұстап
Әскерилердің газетке жазылғаны туралы мақала. "Егемен Қазақстан" газетінен көшірме. 27 қараша 2012 жыл.

Әскерилердің газетке жазылғаны туралы мақала. "Егемен Қазақстан" газетінен көшірме. 27 қараша 2012 жыл.

қалады. Бұған қоса өз мамандығымызға керек газет-журналдарға да жазыламыз. Ал жолдасым әкімдікте жұмыс жасайды. Ол да облыстық газетке жазылған. Сонда біздің үйге облыстық газеттің екі данасы келеді, – дейді мұғалім.

Ал Алматы облысындағы аудандардың біріндегі әкімдікте істейтін Қайырбек Хамитов «мемлекеттік газетке жазылмасаң, жұмыстан шығарып тастауы мүмкін» екенін айтты.

– Облыс әкімдігінен бұйрық келеді. Еден жуушыдан бастап басшылыққа дейін мемлекеттік газеттер мен облыстық газетке жазылуды талап етеді. Жазылмасаң, жұмыстан айырыласың. Ал біз «нан тауып отырған жұмысымыз ғой» деп келісеміз, – деді ол.

«ДӘСТҮР»

Қазір мемлекеттік басылымдардың қызметкерлері де облыстар мен аудандарға іс-сапарларға шығып, газет-журналға жазылуды насихаттау науқанында жүр.

Мәселен, «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайтын «Жас Алаш» басылымы редакциясында әзірленіп жатқан газеттің мерейтойлық санының макеті. Алматы, 17 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

«Жас Алаш» басылымы редакциясында әзірленіп жатқан газеттің мерейтойлық санының макеті. Алматы, 17 наурыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

басылымдардың тілшілері мен қызметкерлері Қазақстанның біраз аймағын аралап қайтқаны мекеменің сайтында жазылған.

Ал мемлекеттік газеттердің бірінде жұмыс істейтін, аты-жөнін жариялауды қаламаған журналист те «жыл сайын облыстарға шығып, үгіт-насихат жүргізіп, халықпен кездесіп қайтатынын» айтты.

– Ол енді дәстүрге айналған ғой. Әкімдермен кездесеміз. Әкімдер де түсініп алған. Біздің барғандағы мақсатымызды айтпай-ақ түсініп, барлығын орындап береді. Ал олар көп адамды жаздырып берсе, біз де газет бетінде олардың жұмыстарын жыл бойы жақсылап жазамыз, – деді журналист.

«ДҮҢГІРШЕКТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСЫЛЫМДАР ӨТПЕЙДІ»

Алматы қаласындағы «Қазпресс» дүңгіршектерінің (киоскілерінің) біріндегі Айман есімді сатушының айтуынша, қазақ тілді мемлекеттік газеттерге сұраныс аз.

– Газет сатып жүргеніме біраз болды. «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттеріне сұраныс аз. Өтпейді, қайтарамыз. Қазақша газеттерден «Алаш айнасы», «Жас АҚШ президенті Обамаға Қазақстан президенті Назарбаевтың тұмардың суретін сыйлап тұрған сәті. Aikyn.kz сайтынан алынған скриншот. 8 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті Обамаға Қазақстан президенті Назарбаевтың тұмардың суретін сыйлап тұрған сәті. Aikyn.kz сайтынан алынған скриншот. 8 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Алаш» және жұлдыздардың өміріне арналған журналдар жақсы өтеді, – деді ол.

«Дауыс» дүңгіршегінде газет сататын Айсұлу есімді сатушы мемлекеттік газеттердің бірді-екілі данасы ғана өтетінін айтты.

– «Түркістан», «Айқын», «Экономика» деген газеттерден он дана келсе, оның тек үш-төртеуі сатылады, – дейді сатушы.

Ал «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибрайым өз газетінің өтімді екенін айтты.

– «Ана тілі» дүңгіршекте жақсы өтеді. Бізге қайтып келмейді. Тіпті «Ана тілін» редакцияға іздеп келіп, алып кетеді, – деді редактор.

«Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Самат Мұса:

- «Егемен Қазақстан» дүңгіршектерге көп түспейді. Бізде жазылушылардың саны көп, – деп қысқа қайырды.

«Дауыс» газет тарату бөлімшесінің маманы Сара Кубанованың сөзіне қарағанда, «мемлекеттік газеттер дүңгіршекте өтпегенімен, жазылу науқанында – жақсы».
Мемлекеттік басылымдарға мемлекеттік қызметкерлер жазылады. Ал қарапайым халық тәуелсіз газеттерге жазылып жатыр.

– Жазылу науқаны жақсы жүріп жатыр. Мұғалімдер, дәрігерлер, әкімдіктегілер, заң органдарының қызметкерлері «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алматы ақшамына» жақсы жазылды. «Дала мен қала» газетіне де жазылушылар көп. Жалпы, мемлекеттік басылымдарға мемлекеттік қызметкерлер жазылады. Ал қарапайым халық тәуелсіз газеттерге жазылып жатыр, – деді газет тарату мекемесінің маманы Сара Кубанова.

«Дауыс» газет тарату бөлімшесінің дерегіне сүйенсек, «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Жас Алаш» газеттеріне жазылушылардың үлесі көп.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG