Accessibility links

АЭС салу-салмау – әлі белгісіз, бірақ орыны – белгілі


Ядролық полигондағы зиянды сәуле мөлшерден асып кеткен. Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов, 22 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ядролық полигондағы зиянды сәуле мөлшерден асып кеткен. Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов, 22 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ғалымдары АЭС (атом электр станциясы) салуға қолайлы аудандардың бірі ретінде Курчатов қаласын атады. Ал эколог-маман «атом-электр станциясынан да тиімді жобалар бар екенін» айтады.


Қазақстан билігі ядролық отынды сақтауға әзір екенін, тіпті, алдағы он жылда елде АЭС салынуы мүмкін екенін сөз ете бастады.

2011 жылы 12 қазанда Астанада ашылып, 13 қазанда Семейде аяқталған «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

- Қазақстан МАГАТЭ қамқорлығымен қызмет ететін ядролық отынның халықаралық банкі депозитариясы рөліне өзінің кандидатурасын ұсынды. Біз бұл мәселенің оң шешім табатынына сенеміз, - деді.

Қазақстан ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадыржанов Радиация деңгейін тексеріп жүрген маман. Семей, 13 қазан 2011 жыл.

Радиация деңгейін тексеріп жүрген маман. Семей, 13 қазан 2011 жыл.

жергілікті интернет басылымдарға берген сұхбатында АЭС салынуы керегін, «АЭС салынса, Алматы облысын да электр қуатымен қамтамасыз етуге болатынын» айтты.

Ал «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының вице-президенті Сергей Яшин:

– Атом энергиясын қолдану шараларын реттейтін нормативті заңнамаларға қатысты кешенді шараларды жүзеге асырып, атом станциясын салу ісіне қазақстандық компанияларды қатыстыру мүмкіндігін шешу қажет, – дейді.

«АЭС САЛУҒА ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ АУДАН – КУРЧАТОВ»

Қазақстанның ұлттық ядролық орталығы Курчатов қаласы АЭС салуға ең қолайлы аудан ретінде анықталғанын айтады.

– Қазақстан ұлттық ядролық орталығының мамандары Қазақстанда АЭС салу мәселесіне орай техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде Курчатов қаласының аумағы атом электр станциясын салуға ең қолайлы аудандардың бірі ретінде танылды, – деп жазады орталық Азаттық радиосына жолдаған жауабында.

Ұлттық ядролық орталық өкілдерінің жазуынша, «қазір бұл бағытта тек зерттеулер ғана жүргізілген. Курчатов қаласына қатысты техникалық сипаттамалар жазылған арнайы жоба жоқ».

Орталық мамандары Балқаш көлінің маңын, Ақтау, Қостанай мен Тараз қалаларын да АЭС салуға қолайлы аумақ ретінде таныған.

«АЭС-ТЕН ТИІМДІРЕК ЖОБАЛАР БАР»

Эколог-ғалым Еділ Жаңбыршин «Ұлттық ядролық орталық жүргізген техникалық-экономикалық зерттеулер нәтижесін көрмегендіктен бұл мәселеге орай нақты ештеңе айта алмаймын» деді.

Оның ойынша, билік «бұл аумақтарда АЭС салмаймын» деп кесіп айтпағанмен, Курчатов қаласын. 2009 жылдың тамызы.

Курчатов қаласын. 2009 жылдың тамызы.

«мұның бұлыңғыр тұстары көп, өте шикі жоба екені тағы бір дәлелденді».

– Бәлкім, билікке өткендегі Фукусимадағы жағдай әсер еткен шығар. Екіншіден, оның қаржылық мәселесі бар. Технологиялық жағынан да әлі шешімін таппаған мәселе. Ал қазіргі жобалар тексеруден өткен ғой, – дейді ғалым.

Еділ Жаңбыршиннің ойынша, қазіргі кезде үкіметтің назары Ақтауда бу-газ қондырғысын, Балқашта жылу электр станциясын салуға ауып отыр, бұл аймақтарда АЭС мәселесін салу жайлы жоспар жоқ: «өйткені бұл жобалар АЭС-тен әлдеқайда тиімді».

– Бізде газдың қоры бар. Бұрындары істеп тұрған станциялардың барлығы сол газбен жұмыс жасап тұр. Экологиялық жағынан таза деп айтуға болады. Оның құрылысы да арзан. Тез жасалынады. Сосын оны бір уақытта қосып, бір уақытта тоқтатуға болады, – дейді ғалым Ақтауда салынуы керек бу-газ қондырғысы туралы.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG