Accessibility links

Астанада ядролық отын банкін "қауіпсіз" көреді


Үлбі металлургиялық зауытындағы радиоактивті зат салынған бөшке. Көрнекі сурет.

Үлбі металлургиялық зауытындағы радиоактивті зат салынған бөшке. Көрнекі сурет.

Астанада жергілікті сарапшылар Қазақстанда салынатын «халықаралық ядролық отын банкі қауіпсіз» деп мәлімдейді.

Бүгін Астанада Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің (МАГАТЭ) аз байытылған уран банкін Қазақстан жерінде орналастыру тақырыбына арналған брифингте сарапшылар ядролық отынды сақтау кепілдіктері мен аз байытылған уранды сақтау қауіпсіздігін талқылады.


Жергілікті сарапшылардың мәлімдеуінше, Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытында салынады деп жоспарланған аз байытылған уранның халықаралық банкін Қазақстанда орналастырудан аймақ экологиясы мен халқына қауіп төнбейді. Атом электр станцияларына арналған отын өндіру үшін бұл банкте аз байытылған уранның белгілі бір қоры сақталады деп жоспарланған.

Аз байытылған уран - радиоактивті қалдық емес, оны тиісті технология, инфрақұрылым және арнайы байытусыз ядролық қару жасауға да пайдалана алмайтындықтан, оның террористерге де керегі жоқ.


Қазақстан сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов «МАГАТЭ және Қазақстан сарапшыларының бағалауынша, Өскеменде орналастырылатын банктен аймақ экологиясы мен халқына еш қауіп жоқ. Аз байытылған уран - радиоактивті қалдық емес, оны тиісті технология, инфрақұрылым және арнайы байытусыз ядролық қару жасауға да пайдалана алмайтындықтан, оның террористерге де керегі жоқ» деп мәлімдеді.


Садықов ядролық материалды сақтау шығынын Қазақстан өтейтінін де айтты. Ол «Қазақстан ядролық материалды сақтауға ғана шығынданады, қанша қаржы жұмсалатыны әлі есептелген жоқ, бірақ бұған онша көп ақша кетпейді, бұл - көбінесе материалдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сақтайтын қызмет орындарын қорғау, нығайтуға жұмсалатын шығындар» дейді.


Аз байытылған уран қоры сақталады деп жоспарланған «Үлбі металлургиялық зауыты» кәсіпорнының өнім өткізу жөніндегі директоры Александр Ходанов «барынша аз шығын жұмсалады» деп мәлімдеді. «Нысанды қорғау шараларын жетілдіруді толықтай МАГАТЭ қаржыландырады. Ал біз уран қоры сақталатын қойманы жарақтандырып, электр энергиясы және жылумен қамтамасыз етеміз. Жылына он мың доллар шамасында ғана шығындаламыз» дейді Ходанов.

біз уран қоры сақталатын қойманы жарақтандырып, электр энергиясы және жылумен қамтамасыз етеміз. Жылына он мың доллар шамасында ғана шығындаламыз.


Ұлттық ядролық орталыққа қарасты радиациялық қауіпсіздік және экология институты директоры Сергей Лукашенконың пікірінше, Қазақстанда ядролық отын қоймасын орналастыруға қатысты қауіптенуге негіз жоқ.


Астанадағы брифингте Сергей Лукашенко «Тарай қоюы екіталай. Бірақ кенет бірдеңе болған күннің өзінде әрі радиациялық қауіп тұрғысынан алғанда, бұл – байытылған, яғни аз байытылған уран екенін түсіндіргім келеді. Бірақ ол радиациялық сипаттамасы жағынан,қауіптілік деңгейі жағынан бізде өндіріліп жатқан ураннан еш өзгешелігі жоқ. Біздің елде жылына шамамен 20 мың тоннаға дейін уран өндіріледі. Сондықтан 60-80 тоннаны қосымша сақтаудан көп қатер төне қоймас, бұл - кез келген кеніштегі қойма сияқты орын» деп мәлімдеді.


Аз байытылған уранның халықаралық банкін құру туралы Қазақстан мен МАГАТЭ келісіміне 2015 жылдың тамызында қол қою жоспарланған. 11 маусымда МАГАТЭ кеңесі үлкен бір қаланы үш жыл бойы электр қуатымен қамтамасыз етуге жететін көлемде - 90 тоннаға дейін аз байытылған уран қорын Қазақстанда құруды мақұлдады. МАГАТЭ басшысы Юкия Аманоның мәлімдеуінше, атом электр станцияларына арналған таблетка түріндегі отынды өндірумен айналысатын әрі ұлттық «Қазатомпром» компаниясының құрамына кіретін Үлбі металлургиялық зауыты территориясында салынатын ядролық отын банкі екі жылдан соң пайдалануға беріледі.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG