Accessibility links

«Нұр» атауы жағымпаздық құралына айналды» дейді саясаткер


Қазақстан мен "Нұр Отан". Сәбиттің карикатурасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан мен "Нұр Отан". Сәбиттің карикатурасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда «Нұр» және «Астана» сөздерін қосарлаған атаулар көбейіп барады. Бірақ аты «нұрдан» басталатын бір мекеме басшысы бұл сөздің «сәттілік әкелгенін» айтады.

Елде «Нұр» сөзінен басталатын компания, банк, агенттік, т.б. мекемелер көп. Мемлекет «Нұрлы көш» атты бағдарлама да қабылдаған.

2004 жылы Шымкентте «Нұрсәт» шағын ауданы салынды. 2012 жылы маусым айының басында Алматы облысында Нұркент атты ауыл ашылды. Бұл кентте Мойнақ су электр станциясында қызмет жасайтын, теміржол төсейтін жұмысшылар тұрады.

Биыл 20 мамырда Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығы төрағасы Жұмабек Ашуұлының бастамасымен «бір топ зиялы қауым» өкілдері мәжіліске, президент аппаратының басшысына, премьер-министрге, «Нұр Отан» партиясына, Қазақстан халқы ассамблеясына, Павлодар облысының әкіміне хат жазды.

– Республикалық саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының атынан ұлт көшбасшысының құрметіне Павлодар қаласының атауын Нұркент қаласы, ал Сарыарқа атырабының кіндігі болған Павлодар облысын Нұрарқа облысы деп өзгертуді ұсынамыз, – деген өтініш айтқан хат авторлары.

Бірақ бұл хат жауапсыз қалды.

«НҰР-ДАСТАРҚАН, НҰР-ТАМАҚ, НҰР-ШАЙ...»

– «Нұр» атауы қазір сәнге айналды. 1992-93 жылдары мұндай жайтты естімейтінбіз. «Нұр» қазір жағымпаздықтың басты құралына айналып кетті, – дейді саясаткер Дос Көшім .

Дос Көшім «нұр» сөзіне байланысты бір әзіл айтты: «Тракторшы үйіне келіп, "Әділ-Нұр" дүкені. Ақтөбе, 5 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

"Әділ-Нұр" дүкені. Ақтөбе, 5 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

жарына «нұр-дастарханыңа нұр-тамағың мен нұр-шайыңды алып кел» деген екен».

– Бұл әзіл халыққа танымал. Демек, «нұр» атауы қазір мазаққа айналып бара жатыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ыңғайсыз жағдай. Президенттің атын шаштаразға, дүкенге жазып қою – әбестік, – деді Дос Көшім.

Ал саясаттанушы Расул Жұмалы «соңғы жеті-сегіз жылда танымал болған мұндай атауларда саяси астар жатқанын» айтты.

– Кәсіпкерлер, шенеуніктер, компания басшылары өз мекемелерінің атын «нұрдан» бастаса «жұмысым оңға басады, бизнесім жеңіл жүреді» деп ырымдайды. Тіпті «тексерістен оңай өтіп кетемін, мемлекеттен көп тапсырыс аламын» деген ойлармен де «нұр» атауларын қояды, – дейді ол.

Саясаттанушының ойынша, «нұр» сөзін мекеме атына қосу жайын заңмен реттеу керек.

– Әлемдік тәжірибеде мұндай атауларды қолдану бар. Бірақ жаппай қолдануға тыйым салынған. Атаулар заңмен беріліп, заңмен қорғалады. Ал бізде «нұр» "Нұрбанктің" жарнамалық тақтасы. Алматы, желтоқсан, 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

"Нұрбанктің" жарнамалық тақтасы. Алматы, желтоқсан, 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

атауына заң жүрмейді. Ауыл-аймаққа барып қалсақ, аялдама, дүкен, сауда орындары «нұрланып» кетті. Бұл билікке кері әсер етеді. Сондықтан кейін «нұр-базар» мен «нұр-дәретхана» ашылып кетпес үшін бұл атауларды қолдануды заңмен реттеу керек, – дейді Расул Жұмалы.

Бірақ Алматыдағы «Нұр-қазына» деп аталатын оқу орталығының басшысы Күлкен Ибраева «бұл атау – компаниямның бойтұмары» дейді.

– «Нұр» деген өзіміздің президентіміздің есімі ғой. Сол кісіні жақсы көргендіктен компанияның атын осылай қойдық. «Нұр» деген атаулардың жұмысы жүріп жатыр. Бізге де бұл атау сәттілік алып келді, – дейді Күлкен Ибраева.

«АСТАНАНЫҢ» «ДҰРЫСЫ» МЕН «БҰРЫСЫ»

Қазақстанда «Астана» сөзін қосарлаған атаулар да бар. Бұл әсіресе спорт саласында көп қойылады. 2006 жылы «Астана» велокомандасы, кейін «Астана» "Астана" велокомандасының мүшесі Альберто Контадор (ортада). Франция, 25 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

"Астана" велокомандасының мүшесі Альберто Контадор (ортада). Франция, 25 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

баскетбол, футбол, су добы, авто командалары құрылды. Ал Өскемен, Шымкент, Алматы қалаларының бас алаңдарына «Астана» атауы берілген.

Спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы «Астана» деген атау әлемге танымал болған велоклубқа, баскетбол командасына, автокомандаға қойылғаны – дұрыс, басқасы – дұрыс емес» дейді.

– Кейінгі кезде еліміздің ішіндегі жарыстарға қатысатын ортаңқол командалар да осы атауды жаппай иелене бастады. Мысалы, Алматыда «Астана» деген су добы командасы бар. Алматының өз командасын «Алматы» деп атауы керек емес пе? Аудандарда «Астана» деген спорт клубтары мен аула клубтары ашылып жатыр. Бұл – жөнсіз әрекет, – деді журналист.

Саясаткер Дос Көшімнің ойынша, «Астана» атауын да барлық жерге жапсыра беру – жағымпаздық».

– Себебі Астананы «салған» президент ғой. Демек, «Астана» атауы арқылы елбасыға жақындағысы келетіндер көбейді. Бірақ бұл атаулардың қойылуына президенттің қатысы шамалы. Бұл идеяның авторлары – «Назарбаевқа қалай жағамын» деп жүрген жанындағы адамдар, – дейді Дос Көшім.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG