Accessibility links

Моңғолиялық оралман Қазақстанда қалай түрмеге түсті?


Нұрбек Әбдікерімнің сотталғанға дейінгі суреті. Теміртау, 2008 ж.
Нұрбек Әбдікерімнің сотталғанға дейінгі суреті. Теміртау, 2008 ж.

Моңғолиядан келген Әбдікерімнің отбасына Қазақстандағы жағдайға үйренуі үшін біраз уақыт кетті. Олар бұл жаққа тұрақты, жақсы өмір сүреміз бе деген үмітпен келген, бірақ әділетсіздікке тап болды.


Отағасы Моңғолияда имам болған екен. Оның кіші ұлы Нұрбекті «лаңкестікті насихаттағаны үшін» үш жылға түрмеге отырғызып қойған.

"БАРЛЫҒЫН ТАСТАП КЕЛГЕН ЕДІК"

Жәке Әбдікерім мен Райхан Замерхан Моңғолияның Қобда кентінде 1955 жылы үйленген. Ол жақта жүріп он балалы болады. Райхан Замерхан көп балалы ана ретінде медаль да алады. Ол жақтағы өмірлері жаман емес болатын, тіпті біраз мал-жаны болғандықтан байлардың қатарында саналып қалып жүрді. Жәке Әбдікерім Қобда кентінде ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Сол жақта жүріп олар зейнет демалысына шыққан.

Райхан Замерханның айтуынша, ол жақта балаларының барлығы да жоғары білім алған. Кейбір ұл-қыздары тек Моңғолия ғана емес, Украинада, Өзбекстанда және Ресейде оқыпты. Үлкен ұлдары Ташкентте жоғары оқу орнын бітіріп, өндірісте шебер болып жұмыс істеген, ал оның келіншегі мейірбике болған.

Екінші ұлы Ұлан-Батырда колледж бітіріп, ал оның әйелі орта кәсіптік білім алған соң акушер-гинеколог болып жұмыс істеген. Ортаншы ұлы Донецкіде оқу бітірген соң түсті металдар саласында инженер болып еңбек етсе, ал әйелі наубайханада жұмыс істеген. Тағы бір ұлы Ресейдің Бийск қаласында технолог мамандығына оқыса, оның әйелі Қырғызстанда оқу бітіріп, тігінші болып істеген дейді жетпіс төрт жастағы Райхан Замерхан.

Отағасы Жәке Әбдікерім діндар адам болған. Оның әйелі 1991 жылға дейін Моңғолияда дінге тиым салынған болатын дейді.

– Бірақ ол сонда да намазын оқып, оразасын ұстап жүрді. Оның Құран оқитынын барлығы да білетін. Жәкеңнің 10-15 шәкірті болды, олар біздің
Нұрбек Әбдікерімнің анасы Райхан Замерхан. Теміртау, 14 тамыз 2011 ж.

үйде дайындалатын. Бірақ сол үшін Моңғолияда ешкім менің күйеуіме тиіскен емес, ол жақта еркіндік болатын. 1991жылы дінге еркіндік берілген соң күйеуім Меккеге барып қажылық парызын өтеп қайтты, – дейді Азаттық радиосына Райхан Замерхан.

Қажылықтан келген соң Жәке Әбдікерім ауылда тұрғындардың жиған қаржысына мешіт салып, сонда имам болды. Бұл жерде ол бір жылдай жұмыс істеді. 1992 жылы тарихи отанымыз Қазақстанға қайтып оралу жөнінде шақырулар түсе бастады дейді Райхан Замерхан.

Райхан Замерханның қызы Нұрзия сол кездері квота және көшіп келгендерге көмек көрсету туралы әңгіме қозғала бастағанын айтады.

–Біз Қазақстанға ата-анамыздан бір жыл бұрын көшіп келіп, Қарағанды облысының Шет ауданына қоныс тептік. Отбасымызда үш адам болатын. Әрқайсымызға бес мың сомнан жәрдем берілді. Менің әпкем күйеуімен екеуі бізбен бірге көшіп келді, – дейді Нұрзия.

Кейін 1993 жылы Қазақстанға отбасының қалған мүшелері – ата-анасы мен сегіз ұлы көшкен. Алдымен олар Талдықорғанға көшіп келген. Олар елге оралғанда мемлекет тарапынан қаржылай көмек беріледі деп ойлаған болатын. Бірақ олар мұндай көмекті ақыры ала алмады.

ҚАРАУСЫЗ ҮЙДЕГІ ТЫНЫМСЫЗ ӨМІР

Талдықорғанға келген соң Әбдікерімнің отбасы қараусыз қалған ескі үйде тұрды. Үйдің бұрыш-бұрышында тышқандар жүгіріп жүретін. Бұл елге оралғаннан кейінгі алғашқы сынақ болатын. Жұмыс болмаған соң олар мал ұстамаққа әрекеттенеді. Келіндері сиыр сауатын болды. Райхан Замерханның айтуынша, бұл жағдай олардың көңіліне тиген. Өйткені, Моңғолияда олардың барлығының тәп-тәуір жұмыстары болған еді.

– Қазақстанға келген соң ештеңесіз қалдық. Неге екені белгісіз, оралмандардың қайда, қалай тұрып жатқанына, олардың немен айналысып жатқанына үкімет назар аударған да жоқ. Бұл бізге өте ауыр тиді. Баспананың жоқтығы жанымызға қатты батты және біздің мал баққымыз келмеді. Өйткені біз мұнда мал бағу үшін келген жоқпыз ғой. Сондықтан өзіміздің таныстарымыздан қай жаққа барып тұрғанымыз дұрыс болар екен деп сұрай бастадық. Үлкен ұлымыз Теміртауға барып, сонда жаңа таныстар тапты. Сөйтіп Теміртауға көшпек болдық. Ол кездері Теміртауда жұмыс бар болатын. Біз күйеуіміз екеуіміз бұл кезде зейнет демалысына шыққан болатынбыз. Алғашында зейнетақыма алпыс теңге алдым. Өмір сүру өте қиын болып кетті, –деп еске алады Райхан Замерхан Азаттық радиосының тілшісіне.

Олар Теміртауға 1994 жылы көшіп келген. Жаңа таныстары көмектесіп, көшуге жүк машинасын берген. Ата анасы мен сегіз ұлы бірдей келген.

– Біз орыс тілін білмегендіктен алғашқыда қиындау болды. Бірақ жергілікті қазақтармен тез тіл табысып кеттік. Олар бізді жақсы қарсы алды. Жергілікті тұрғындармен түсінісіп кеттік, ал бірақ шенеуніктермен тіл табысу қиындау болды, олар бізді ықыласпен қабылдай қойған жоқ, – дейді Райхан Замерханның қызы Нұрзия.

Ол кездері Теміртауда пәтер алу қиын болатын, сондықтан олардың отбасын қараусыз қалған балабақшаға орналастырады (қазір бұл жерде мешіт орналасқан).

– Дәл сол 1994 жылы Қазақстанда жағдай қиын болатын. Жарық, су, жылу жоқ еді. Далаға от жағып, тамақты сонда пісіретінбіз. Бұл кезде
Жергілікті тұрғындармен түсінісіп кеттік, ал бірақ шенеуніктермен тіл табысу қиындау болды, олар бізді ықыласпен қабылдай қойған жоқ.

комбинатты Митталға беріп жатқан. Сол себепті комбинат жұмысы тоқтап қалып, күйеуім жұмыссыз қалды. Мен аздап жұмыс істеп, жеті мың теңге жалақы алатынмын. Жағдайымыз өте ауыр болды. Балам жиі ауыратындықтан жұмыстан кетуіме тура келді. Бұдан соң ұзақ уақыт жұмыс таппай жүрдім, – дейді Райхан Замерханның қызы Нұрзия.

Көп ұзамай он баланың барлығы Теміртауға көшіп келді. 1996 жылы отағасы Жәке Әбдікерім жол апатынан қайтыс болды. Ұлдары анасына көмектесіп тұрды, бірақ оларға өз отбасыларын да асырауы керек болатын. Ұлдарының біріне 18 жасында комбинатқа жұмысқа тұруына мүмкіндік болды. Қалған ұлдары да біртіндеп аяқтарына тұра бастады.

– Содан соң оралмандарды Теміртаудағы жатақханалардың біріне орналастырды. Өзгелермен бірге біз де сол жерден баспана алдық. Екі жылдан соң бізді жылу жүйесінен кесіп тастады, балалар тоңды.

Әкімдікке барып едік, "үй алудың кезегіне тұрыңдар" деді. Содан соң әлдебір таныстарымыз ақысын алып, үйлеріне пәтерге жіберді. Бірақ біз пәтер берулерін сұрап әкімдікке баруымызды тоқтатпадық. Біз барлығына өзіміздің білімімізбен, күшімізбен және бірбеткейлігімізбен қол жеткіздік, –дейді Райхан Замерхан.

Көп балалы отбасы жатақханада алты жыл тұрған. Райхан Замерханның қазіргі тұрып жатқан пәтері де үлкен айғай-шумен келген. Зейнеткер әйелдің айтуынша, ол өзінің өсіп келе жатқан балаларымен бірге тұрғын үйдің кезегіне тұрғанда биліктегілер оған есік-терезесі жоқ қараусыз қалған үйлерді ал деп ұсынған. Бірақ бұл ұсыныс көп балалы ананың көңілінен шықпаған. Арада біраз уақыт өткен соң шенеуніктер әйелге өзге бір пәтердің кілтін беріп, ордерді кейін береміз, әзірге жөндей беріңіз деген. Бұрындары нашақорлардың ордасы болған пәтерді ең соңғы ақшамызды жұмсап ретке келтірдік, дейді көп балалы ана. Бірақ шенеуніктер үнемі әлдебір сылтаулар айтып, ордер беруді созбаққа салды, дейді Райхан Замерхан.

– Арада тағы бірнеше ай өткен соң әкімдікке барсақ, ондағылар "бұл пәтердің иесі бар" деді. Сонда "біз не істейміз" дедік біз. Әкімнің қабылдауына жазылдық. Ал біз келгенде "әкім бүгін ешкімді қабылдамайды" деп жауап берді. Біз оған кірмек болып бірнеше мәрте әрекет жасадық. Бірақ онымыздан нәтиже шықпады. Содан соң біз әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің осы пәтерге көзі түскенін анықтадық. Ордерді бермей созбаққа салып жүргені де содан болса керек. Біз оларды "журналистерді шақырамыз" деп қорқыттық. Тек содан кейін ғана олар "бұл іске журналистерді араластырмай ақ қойыңыздар" деп, мәселені шешуге уәде берді, – дейді көп балалы ана.

Оралмандардың әурешілігі осымен біте қойған жоқ. Көп ұзамай осы пәтердің бұрынғы иелері пайда болып, оларды "шық та шықтың" астына алып, тіпті қорқыта бастаған. Содан соң әлдебір таныс заңгер тап болып, оларға өз құқықтарының бұзылып жатқаны жайында прокуратураға шағымдануға кеңес береді.

– Арада біраз уақыт өткен соң прокурордың көмекшісі бізді өзіне шақырып алды. Біздің қолымызда бір құжат бар болатын. Егер ол құжаттан айырылсақ, онда бұл пәтерді мүлдем алмайтынымыз анық еді. Прокуратура қызметкері бізден осы құжатты сұрап, оны өзінің жәшігіне салып қоймақшы болды. Содан соң мен «біз одан әрі ізденбесін деп отырсыз ба?» деп сұрадым. Содан соң барып ол біздің ісімізге кедергі
Нұрбек Әбдікерім тұтқындалғанға дейін осы үйде тұрды. Теміртау, 27 маусым 2011 ж.

жасар болса, үлкен айғай-шудың туатынын түсініп, бізді әкімдікке жіберді. Осыдан кейін шамамен үш апта өткен соң ғана барып пәтердің ордерін алдық, – дейді Райхан Замерханның балалары.

Бұл 2003 жыл болатын. Біртіндеп көп балалы оралман әулетінің барлық балалары баспаналы болып, жұмысқа тұрды.

– Әжеміз өзінің 33 мың теңге зейнетақысына өмір сүріп жатыр. Оның ішінде тоғыз мыңы көп балалы ана болғаны үшін қосылған. Біз оған шын ықыласымызбен көмектесер едік, бірақ өз жағдайымыз да жетісіп тұрған жоқ, балаларды көтеруіміз керек, –дейді Райхан Замерханның балалары.

Оның балаларының тағдырлары әртүрлі қалыптасты. Олардың отбасылары Моңғолиядан Қазақстанға толық көшіп келген соң, осыдан бірнеше жыл бұрын екі ұлы қайғылы қазаға ұшырады. Тағы бір ұлы Теміртауға көшіп келген соң ауруға ды.

– Ол үлкен жол апатына түсіп, өлім аузынан қалды. Қазір мүгедек. Бірақ ол бәрібір жұмыс істеп жүр, өзінің мәшинесімен адам тасиды. Біздің барлығымыз да еңбекқормыз, өйткені ата-анамыз осылай тәрбиелеген, –дейді қыздарының бірі.

«ЛАҢКЕСТІКТІ НАСИХАТТАҒАНЫ ҮШІН» АЙЫПТАЛҒАН

Теміртаулық оралмандар Қазақстанға ең бір ауыр кезеңдерде келіп, үлкен проблемаларға кезіккенімен, қаншама әділетсіздіктерді көргенімен Моңғолияға қайтып барғысы жоқ. Олардың кіші ұлдары Нұрбек Әбдікерім Аллаға сенгені үшін құрбан болып, әділетсіздікпен тұтқынға алынды деп есептейді олар. Туыстары оған қарсы қылмыстық іс өзімен бірге жүрген мұсылман қауымының үстінен сөз тасымағаны үшін қолдан ұйымдастырылды деп есептейді.

"Нұрбек бес жасынан мешітке бара бастады" дейді анасы Райхан. Нұрбектің әкесі Жәке Әбдікерім Моңғолияда өте қадірлі адам болған көрінеді. Ол өзінің ұлдарының жарқын болашағы үшін Қазақстанға келген. Туыстары Нұрбекті өте ұстамды жігіт деп сипаттайды. Нұрбек оныншы сыныпты бітірген соң Теміртаудағы политехникалық колледжге оқуға түскен. Бірақ оқуды бітірместен жұмысқа шығып кеткен. Ол үйленбеген, бойдақ жігіт. "Нұрбек араб тілін біледі, жергілікті мешітке барып тұратын" дейді анасы.

32 жастағы Нұрбекпен бірге лаңкестікті насихаттағаны және жиһад идеясын таратқаны үшін тағы үш жігіт айыпкер орындығына отырған. Сот оны "жергілікті түрмедегі тұтқын мұсылмандарға лаңкестікті насихаттайтын дискілерді бергені үшін" айыптап отыр. Қылмыстық істе ол "өз үйінде тапанша сақтады" деген де айыптау бар. Бірақ Нұрбек тапаншаны "арнайы қызметтің адамдары әдейілеп тастаған" деп отыр.

Сот оны үш жылға түрмеге кесті. Сот үкімінде Нұрбек пен оның сыбайластары «исламның жиһадтық-салафилік бағытындағы дәстүрлі емес бағытын ұстанады» деп жазылған.

Туыстарының айтуынша, 2008 жылы Нұрбек дәл осыған ұқсас істе куәгер болған. Туыстары Нұрбектің ҰҚК назарына сол кезде іліккеніне сенімді. Туыстарының айтуларынша, осыдан бір жылдай бұрын Нұрбек оларға ҰҚК қызметкерлері мазасын алып жүргенін айтып қалған. Олар Нұрбекке мешітте не болып жатқанын хабарлап тұр деп талап еткен. Бірақ Нұрбек бұдан бас тартқан.

– Ол енді ғана аяғына тұрып келе жатқан еді, бірақ оған еш жерде жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Содан соң ол бульдозершінің оқуын оқыды. Бірақ екі айдай жұмыс істегені сол еді - қайтадан ҰҚК қызметкерлері мазасын алып, тергеуге шақыра бастады, –дейді атын атағысы келмеген Нұрбектің ағасы.

Нұрбек Әбдікерім сотта дінсіздермен соғыс жүргізу жөніндегі конспектілерді жазып, принтерден шығарғаны, экстремистік көзқарасты
Ол енді ғана аяғына тұрып келе жатқан еді, бірақ оған еш жерде жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді.

ұстанатындығы жөніндегі куәліктерді тергеу барысында ҰҚК қызметкерлерінің қысым жасауымен бергенін және оны растамайтынын айтты. "Тергеу хаттамалары даярланып қойған, мен тек оларға қол қойып бердім" деді Нұрбек Әбдікерім сотта.

Алайда арнайы қызмет өкілдері сотта оның айтқан сөздерін жоққа шығарды. Ақырында сот Нұрбек Әбдікерімді "лаңкестікті насихаттағаны үшін" кінәлі деп тауып, түрмеге жапты.

Нұрбек Әбдікерім 2010 жылдың 24 маусымынан бері тұтқында. Әзірге ол Қарағандыдағы тергеу абақтысында жатыр. Туыстарының айтуынша, олардың Нұрбекті көрмегеніне төрт ай болған. Онымен еш кездесе алмай отырған көрінеді. Тек сәлемдемелер беруге ғана мүмкіндік алған.

Облыстық соттың апелляциялық сатысы бастапқы айыптау қорытындысын қолдаған соң Нұрбектің қарт анасы Астанаға екі рет барып, бас прокуратураға, әділет министрлігіне, президенттік «Нұр Отан» партиясына хат жазды. "Хаттарды тексеру үшін қайтадан Қарағандыға жібереді" дейді Нұрбектің туыстары. Райхан Замерханның айтуынша, адвокат шағым жазуы керек болатын. Бірақ ол өзіне қарағанда тәжірибелі адвокат табуларын айтып, шағым жазудан бас тартқан.

Сотталған Нұрбек Әбдікерімнің анасы теміртаулық адвокатқа өзінің жиған-терген 400 мың теңгесін бергенін айтады. Бірақ облыстық сотта апелляциялық шағымды қараған кезде оған мемлекеттік адвокат қатысқан.

– Жоғарғы сотқа дейін барғым келіп еді, бірақ енді адвокатқа беретін ақшам жоқ және көптеген адвокаттардың бұл іске араласқысы келмейді, -дейді сотталушы жас жігіттің анасы Райхан Замерхан.
XS
SM
MD
LG