Accessibility links

«Нұрсұлтанның тәбеті жақсы болғанын» айтады Мотя тәтейдің қызы


Матрёна Кузнецова балаларымен бірге. (Үш баланың ортасындағы - қызы Галина). Алматы облысы, 1946 жылдың мамыры.

Матрёна Кузнецова балаларымен бірге. (Үш баланың ортасындағы - қызы Галина). Алматы облысы, 1946 жылдың мамыры.

«Нәресте кезімде мені Мотя Кузнецова есімді орыс әйел емізген екен…» деді бірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін Азаттыққа Мотя тәтейдің қызы айтты.

Президенттің 2005 жылы шілде айында мемлекеттік телеарнадан айтқан бұл сөзін Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласының тұрғыны Галина Черемнова да естіп отырған еді.

Нұрсұлтан Назарбаевты емізген Мотя Кузнецованың қызы, қазір 77-ге келген Галина Черемнова ол оқиғаны былай баяндады:

– Назарбаевтың өз аузынан анам туралы естіген кезде бір орында тұра алмадым. Ас үйге барып, жүректің дәрісін іздедім, еңіреп жылап алдым. Қызым да көз жасына ерік берді. Ол алғашқы демалысында үйге қонаққа келген еді.

Галина Черемнованың айтуынша, қызы Назарбаевқа хат жазуға кеңес берген. Ол хатқа медбикенің аз ғана зейнетақысына күн көрудің қиындығын, тіпті, Ресейдің Нижневартовск аймағына көшіп кеткен қызы да өз отбасымен зорға күнелтіп жүргенін, туған анасына ақшалай көмектесе алмағанына қатты қиналып жүргенін жазады.

– Қолыма қызымның мектеп дәптерін алып, алғашқы бетінен соңғы парағына дейін толтырып жаздым. Онда Назарбаевқа анам туралы бар есімде қалғанын, бүгінгі тұрмысым туралы тізіп шықтым, – деді Галина Черемнова Азаттық тілшісіне.

ТОСЫН СЫЙЛЫҚ

– Хатты салып жібергеннен кейін шамамен екі ай өткенде, 2005 жылы қыркүйектің 5-інде таңертең үйге әлеуметтік сала қызметкері келді де, ешқайда кетпеуімді сұрады. Себебі қалалық әкімшілік өкілдері маған сыйлық әкеледі екен. Маған аса таңданбау керегін, қатты қобалжымау керегін айтты, – дейді Галина Черемнова,

Галины Черемнованың айтуынша, сол күні түс ауа үйіне Зырян ауданының әкімі А.Барбашова, аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Денисова және облыстық Галина Черемнова әкімшілік сыйға әкелген теледидардың алдында отыр. Зырян, 2005 жылдың қыркүйегі. (Сурет «Рудный Алтай» газетінде жарияланған).

Галина Черемнова әкімшілік сыйға әкелген теледидардың алдында отыр. Зырян, 2005 жылдың қыркүйегі. (Сурет «Рудный Алтай» газетінде жарияланған).

«Рудный Алтай» газетінің тілшісі келіпті. Ол оқиға сол газеттің 2005 жылғы желтоқсанның 15-індегі нөмірінде баяндалған.

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан», Шығыс Қазақстан облысының сол кездегі әкімі «Виктор Храпуновтың тапсырмасы бойынша келген» өкілдер бір құшақ гүл мен кір жуғыш машина, түрлі-түсті теледидар тарту етіпті.

Галина Черемнованың айтуынша, әкімшілік өкілдері бірден оның жағдайын, көңіл-күйін сұраған екен. Денсаулығына байланысты көмектесу үшін бекітілген әлеуметтік көмекшінің жұмысына көңілі толар-толмасын сұрапты. «Қонақтар жұмыстың қауырт екенін айтып, шай ішпей кетіп қалды» деп еске алады кейіпкеріміз. Ол қонақтардың соңынан ұзақ қарап тұрыпты.

Галина Черемнова бұл оқиғаға сенер-сенбесін білмей абдырап тұрғанда көршілері жүгіріп келіпті. Олар «Галина кеше ғана бізбен бірге бір шаңсорғышпен кезектесіп пәтер тазалайтын еді, бүгін аяқ астынан бәрімізден де бай болып шыға келді» деп әзілдепті.

– Мен оларға бұл байлықтың бәрі анамның арқасында деп түсіндіруге тырысып бақтым. Ол кісі соғыстан кейінгі алғашқы жылдары-ақ жоқшылық пен кедейліктен көз жұмған еді, – дейді Галина Черемнова.

2005 жылдың желтоқсан айының соңында осы оқиға жаңа деректермен толығып, республикалық «Литер» газетіне басылып шықты.

ДӨҢГЕЛЕК ЖҮЗДІ НҰРСҰЛТАН

Бес жасар кезінде оқиғалар Галина Черемнованың есінде өте жақсы сақталған екен.

Оның айтуынша, отбасылары 1939 жылы Қаскелеңнен жеті шақырым жердегі Шамалған ауылына көшіп барған. Әкесі жергілікті автомектепке жұмысқа орналасып, көлік жүргізуден дәріс берді. Ал анасы үйде отырған. 1940 жылдың наурызында Галинаның анасы Мотя Кузнецова босанып, Володя деген ұл туыпты.

– Осы кезде бізден екі үй әрі тұратын қазақ көршілер де ұлды болды, – дейді Галина Черемнова.

1940 жылы шілденің 6-сында Нұрсұлтан атты ұлдары дүниеге келген үй Назарбаевтардың еді.

Бірде үйлеріне көршілері Әлжан Назарбаева жылап келіпті. Кешелі бері омырауынан сүт шықпай, баласының қарны ашып, түнімен жылап шыққан екен.

– Ол анамыздан артық сүті қалса, Нұрсұлтанды емізуін өтінді. Анамыз бірден Нұрсұлтан Назарбаев туыстарымен бірге. Солдан оңға: бірінші қатарда – інісі Қайрат Сатыбалды, қарындасы Әнипа; екінші қатарда - Нұрсұлтан Назарбаев, анасы Әлжан, әкесі Әбіш; үшінші қатарда - інісі Болат Назарбаев пен нағашыларының қызы.

Нұрсұлтан Назарбаев туыстарымен бірге. Солдан оңға: бірінші қатарда – інісі Қайрат Сатыбалды, қарындасы Әнипа; екінші қатарда - Нұрсұлтан Назарбаев, анасы Әлжан, әкесі Әбіш; үшінші қатарда - інісі Болат Назарбаев пен нағашыларының қызы.

келісті. Көп ұзамай анамыздың алдында дөңгелек жүзді нәресте жатты. Өзі ешқашан жылап, мазасызданбайтын – құшырлана еметін. Әкеміз: «Біздің Нұрсұлтан мұндай тәбетпен нағыз сұлтан болады, әйгілі болады» деп қалжыңдайтын... Әкемнің сол сөзі кейін расымен шынға айналатынын ол кезде кім біліпті, – деп таңданады Галина Черемнова.

Галина Черемнованың отбасы соғыс басталардан бұрын, 1941 жылы Қаскелеңнің маңындағы басқа ауылға көшіпті.

– Әкеміз сол жерде көлік жүргізді. 1946 жылы соғыстан кейін Алматыға жақын жердегі Боралдайға қоныс аудардық. Сол жерде Илья Кузнецов Матрёна Артемьевнасын жер қойнына тапсырды, – дейді Галина Черемнова.

Бұл отбасы бірнеше жылдан кейін Шығыс Қазақстанның Зырян қаласындағы туыстарының шақырумен сонда көшіп барыпты. Галина Черемнова Өскемен қаласындағы медициналық училищеде оқыпты. Оқудын аяқтаған соң Зырянға келіп, зейнет демалысына шыққанша жергілікті ауруханада медбике болыпты.

«МЕН СИЯҚТЫЛАР ҚАНШАМА»

Қазір 77 жастағы Галина Черемнова жалғыз тұрады. Күйеуінің дүние салғанына да біраз болған. Оның айтуынша, қызы Татьяна өзін анасының қандай қиындықпен өсіргенін көріп, Ресейдің Нижневартовск қаласына жұмысқа кеткен.

Галина Черемноваға әкімшіліктің сыйлық тапсырғанынан бері де жеті жыл өтті.

– Бар қызығым – алыстан басқарылатын түрлі-түсті теледидар. Диваннан тұрудың Галина Черемнова. Зырян, 2006 жылдың шілдесі.

Галина Черемнова. Зырян, 2006 жылдың шілдесі.

да керегі жоқ. Әлі күнге дейін тамаша көрсетіп тұр. Кір жуғыш машина да жақсы жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін бұзылған жоқ, – дейді ол.

Галина Черемнова өзінің тұрмысын «жайлы» деп бағалайды. Алайда, екінші топтағы мүгедек ретінде 35 мың зейнетақы алып отырған әжейдің айтуынша, диагнозы бойынша толықтай емдеу курсынан өтуіне жағдайы жоқ.

– Қазір дәрігерлер жазып беретін дәрілер – өте қымбат. Аурудың бетін қайтару үшін бас-аяғы бес мың теңгенің дәрілерін алуға тура келеді, – дейді бұрынғы медицина қызметкері Галина Черемнова. – Ал профилактикалық заттар тым қымбат болғандықтан ақша жетпейді.

«Санаулы маманның бірі невропатолог дәрігерге көріну үшін қалтаң қалың болу керек» дейді Галина Черемнова. Оның айтуынша, керек дәрілерді азғана зейнетақыға алу мүмкін емес. Ал дәрі сатып алса, аш қалып, пәтерақыны төлей алмауы мүмкін.

– Анама рахмет, – деп қалжыңдайды Галина Черемнова. – Ол сол кезде президент отбасына жақсылық жасамағанда, маған қазір журналистер хабарласар ма еді? Мен сияқтылар қаншама – олардың мұңын айтар адамдары да жоқ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG