Accessibility links

Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру ұсынысы Брежневті еске салды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл.

Қазақстан сенаты «Халық қаһарманы» деген мемлекеттік жоғары атақты Назарбаевқа оның келісімінсіз-ақ табыстау туралы қаулы шығарды.


Ресми түрде Назарбаев өзін-өзі марапаттай алмайды, бірақ марапаттау туралы жарлыққа Қазақстан президентінің өзі қол қояды.

1 желтоқсан күні парламент сенаты «Ұлт лидері – Қазақстанның тұңғыш президенті туралы конституциялық заңға қосымша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірауыздан қабылдады. Бұл заң жобасы бойынша Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы, оған қоса «Отан» ордені мен «Алтын жұлдыз» ерекше белгісі қоса беріледі.

ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТАРИХИ РОЛІ»

Сенат отырысында Қазақстанның әділет министрі Рашид Түсіпбеков сөз сөйледі. Ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы үшін Назарбаевтың қандай тарихи роль атқарғаны туралы айтты. Сенат құжатында Назарбаевтың «жаңа тәуелсіз елдің негізін салушы, конституцияны қорғаушы, елдің бірлігін, азаматтардың еркіндігі мен құқығының сақталуын қамтамасыз еткен адам екені» жазылған.

Ал әділет министрінің айтуынша, «Халық қаһарманының» «Алтын жұлдызы» мен «Отан» орденін табыстау салтанатының еш қиындығы жоқ.

Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныстар бұған дейін де талай айтылған. Бірақ оны жүзеге асырудың заңдық тетігі болмаған, оның үстіне президенттің өзі мұндай ұсыныстан жария түрде Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Санкт-Петербург, 19 қазан 2011 жыл.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Санкт-Петербург, 19 қазан 2011 жыл.

бас тартып келді. Бірақ кейінгі кезде елде Назарбаевтың атымен аталатын нысандар саны көбейіп, оған тіпті ескерткіш те қойылды. Енді билік президентті осы жоғары атақпен марапаттаудың «заңды жолын» тапты.

Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру жайлы ұсынысты бұл жолы Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов айтқан еді. Оның пікірінше, Қазақстан республикасының тәуелсіздігі – 16 желтоқсан күні президент «Халық қаһарманы» болуы керек. Бұл – президентке «Алтын жұлдыз» айырықша белгісі мен «Отан» орденін қоса табыстау керек деген сөз.

Мұндай дәстүр Совет одағы кезінде болған. Әдетте Совет одағының батыры атағымен бірге Ленин ордені қоса табыс етілетін.

«БІЗДІҢ ХАЛЫҚТЫҢ МІНЕЗІ»

Сенат бұл ұсынысқа байланысты Назарбаевтың не айтарынан хабарсыз. Президенттің жақын досы, «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев Азаттық радиосына берген сұхбатында президенттің «сыйлық атаулыға салқын қарайтынын» айтты. Оның пікірінше, президенттікке сайлаған халықтың жоғары сенімі – Назарбаев үшін ең жоғары марапат.

Мақсұт Нәрікбаев «Қазақстан президенті Назарбаевтың дұрыс ұстанымы мен дұрыс саясатының нәтижесінде Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев.

«Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев.

айтарлықтай жетістікке жетіп отыр» дейді.

– Президент мұндай құрметке лайық. Ол тәуелсіз Қазақстанды бірінші күннен басқарып келеді. Бірақ бұл мәселенің өзге, моральдық жағы да бар. Президенттің өзі «Халық қаһарманы» деген атақты алудан үнемі бас тартып келді. Мұның бәріне қарамастан, біз, тіпті, өз бетімізше оған ескерткіш те орнатып қойдық. Ол ескерткіш қоюға да қарсы болған. Бірақ мұны ешкім тыңдап жатқан жоқ. Біздің халықтың мінезі сондай ғой, – дейді Мақсұт Нәрікбаев.

НАЗАРБАЕВ ПЕН БРЕЖНЕВ

Елдегі оппозиция Назарбаевтың жеке басына табынушылықтың жаңаша өрбуіне қатысты ашық түрде ешнәрсе деген жоқ. Бұл марапат сөз болған күндері саяси партия атаулы сайлау алдындағы құрылтайларын өткізіп, депутаттыққа кандидаттарын тіркеп жатты. Бірде-бір құрылтайда Назарбаевқа берілмек жоғары марапат туралы ешкім тіс жарған жоқ.

Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының төрағасы Владимир Козлов Азаттыққа берген сұхбатында президенттің мұндай жоғары атаққа лайық емес екенін айтады. Оның пікірінше, былтыры берілген «Ұлт Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының төрағасы Владимир Козлов. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.

Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының төрағасы Владимир Козлов. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.

көшбасшысы» деген атақ та Назарбаевқа лайық емес. Козлов бүгінгі Қазақстанды Брежневтің тұсындағы «дамыған социализм дәуірімен» салыстырады.

– Біраз өмірім Совет одағы тұсында өтті. Мен Брежнев дәуірінің күні қалай батқанын көрген адаммын. Брежневке елде бар жоғары атақ атаулыны түр-түрімен табыстап, марапат пен шектен шыққан мадақтаулардың бәрін айтып, екіжүзділік пен жағымпаздықтың түр-түрін танытқан болатынбыз. Бүгін дәл осындай көріністің Қазақстанда қайталанып жатқанын байқауға болады. Меніңше, мұның бәрі Назарбаев дәуірінің күні таяғанын білдіретін болса керек. Мен бұған қатты қуанамын, – дейді Владимир Козлов.

Оның айтуынша, Қазақстан президентінің есіміндегі «Нұр» деген сөзді кез-келген нәрсеге тіркеп, кез-келген жерде қолданып, қадірін кетіру де «қалыптасқан дәстүрге» айналып кеткен.

Желтоқсанның 1-і күні Алматы қаласында өткен ғалымдар форумында медицина мен химия саласындағы жоғары технология үшін аса қажет жаңа минерал ашылғаны мәлім болды. Ғалымдар жаңа минералды «Нұрназен» деп атауға шешім қабылдады.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG