Accessibility links

Нұржан Өркешбаев: Ауылымды сағындым


Нұржан Өркешбаевтың пластикалық операциядан кейінгі әлпеті. Алматы, 27 желтоқсан 2011 ж.

Нұржан Өркешбаевтың пластикалық операциядан кейінгі әлпеті. Алматы, 27 желтоқсан 2011 ж.

Атырау облысының 20 жастағы тұрғыны, ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаевтың беті мен мойнына операция жасалды. Операциядан кейін алғаш рет журналистерге көрінген Нұржан оның нәтижесіне көңілі толатынын айтты.


Сейсенбі, желтоқсанның 27-сі күні Алматы қаласындағы «Ниссамед» емханасында Нұржан Өркешбаев пластикалық операциядан кейін алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне көрінді. Нұржан өзіне қолдау көрсеткен азаматтар мен баспасөз құралдарына алғыс айтып, алда не істейтінін әлі жоспарлап үлгермегенін, тезірек ауылға жетуге асығып отырғанын жеткізді.

– Қазір операциядан шыққаннан кейін ойыма ешнәрсе келіп тұрған жоқ. Тек қана ауылымды сағындым. Ауылыма барғым келіп тұр, – деді Нұржан Өркешбаев.

«30 ЖАСҚА ЖАСАРДЫ»

Дәрігерлердің айтуынша, операция әлі толығымен аяқталмапты. Тек негізгі бөлігі бітіпті. Мамандар алғашқы екі кезеңде Нұржанның беті, мойны, ерні мен Нұржан Өркешбаев (сол жақта) пен хирург Болат Баиров. Алматы, 27 желтоқсан 2011 ж.

Нұржан Өркешбаев (сол жақта) пен хирург Болат Баиров. Алматы, 27 желтоқсан 2011 ж.

қабақтарына операция жасалса, екі айдан кейін үшінші кезеңде бетті түзеу, тегістеу жоспарланып отырғанынан хабардар етті.

– Қазір Нұржан екі кезеңнен кейінгі реабилитациялық сәтті өткеріп жатыр. Әлі де бетінің ісініп тұрғанын, қызарып тұрғанын көріп тұрсыздар. Бұл амбулаториялық жағдайда емделетіндіктен біз пациентті үйіне жібереміз. Осыдан кейін ол екі айдан кейін қайта келуі керек. Сөйтіп, біз үшінші кезеңге көшеміз. Бұл операция емес – манипуляция. Яғни, әжімдерді, сызықтарды тегістеу үшін сәулемен өңделіп, бет пішіні бойынша пластика жасалады, – деді операцияны жасаған дәрігер Болат Баиров.

Дәрігерлер сонымен бірге әу бастан-ақ Нұржанның бетін әдемілендіруді мақсат тұтпағанын, тек оның сыртқы келбетін жақсартуды көздегенін ескертіп айтты. Нұржанның әкесінің пікірінше, Нұржан 30 жасқа жасарған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл пластикалық операцияның мерзімі әдеттегідей, 5 жылдан артық уақытқа жарамды.

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ДЕРТ

Нұржанға бес жасында дәрігерлер «прогерия», яғни терінің ерте қартаюы дертіне шалдыққаны туралы диагноз қойған еді. Әлемде мұндай дерт тек 80 адамда кездесіпті. Нұржан – Қазақстанда осы ауруға шалдыққан бірден бір адам.

Нұржан Өркешбаевтың пластикалық операциядан кейінгі әлпеті. Алматыдағы «Ниссамед» емханасынан алынған фото.

Нұржан Өркешбаевтың пластикалық операциядан кейінгі әлпеті. Алматыдағы «Ниссамед» емханасынан алынған фото.

Операцияға дейінгі алдындағы алдын ала зерттеу нәтижесіне сүйеніп кеңес өткізген дәрігерлер Нұржанның денсаулығы пластикалық операция жасауға болатындай қалыпты жағдайда деп бағалады.

2012 жылы наурызда «Ниссамед» емханасының мамандары Нұржанның денсаулық жағдайын зерттеп қосымша тексеру өткізбекші, бұл оны ары қарай қалай емдеу керектігін анықтау үшін қажет. Осы кезеңдегі нәтижелер бойынша дәрігерлер операция Нұржанның денсаулығына қалай әсер еткеніне түбегейлі көз жеткізуді мақсат етіп отыр, себебі, олардың айтуынша, мұндай операциядан соң ағза жасушалары мен тыртықтардың толық жазылып біту әдетте бірнеше айдан бір жылға дейін уақыт алады.

«Ниссамед» емханасының бас директоры Гаухар Жансейітованың айтуынша, Нұржан Өркешбаевтың пластикалық операцияға дейінгі бейнесі. Алматыдағы «Ниссамед» емханасынан алынған фото.

Нұржан Өркешбаевтың пластикалық операцияға дейінгі бейнесі. Алматыдағы «Ниссамед» емханасынан алынған фото.

алғашқы екі кезеңде жалпы сомасы 1 миллион 200 мың теңгенің хирургиялық операциялары жасалған. Қалған шығынды Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Емдеу-диагностикалық орталығы» мемлекеттік кәсіпорны көтеріп алған.

Өз кезегінде емхананың бас директоры Гаухар Жансейітова өзі басқарып отырған мекеменің Нұржан Өркешбаевқа көмегі осымен бітпейтінін айтады.

– Бұл ерекше емделушіміз алдағы уақытта да назарымызда болады. Нұржанның тағдырына бей-жай қарамай, қолынан келгенше үлес қосқан баршаға алғыс білдіреміз.

Нұржан Өркешбаевтың операциядан кейінгі бейнесі:

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG