Accessibility links

«Ауруға кінәлі – сауатсыздық» дейді онколог


Науқас Күләш Өтеулиева ауруханада жатыр. Алматы, 19 сәуір 2012 жыл.
Науқас Күләш Өтеулиева ауруханада жатыр. Алматы, 19 сәуір 2012 жыл.

Республикалық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты маманының айтуынша, Қазақстанда онкологиялық ауру түрлеріне байланысты 148 мың науқас тіркеуге алынған. 2011 жылы осы науқастардың 30 мыңнан астамы қатерлі ісікке шалдыққан.


Қазақстанда 2001 жылдан бастап әйелдердің сүт безінің қатерлі ісігі ең көп тараған онкологиялық ауру атанды. Одан кейінгі орындарда өкпенің, терінің және асқазанның қатерлі ісігі дерттері тұр.

«ДӘРІГЕРЛЕР ӨМІРІҢДІ ҚЫСҚАРТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ»

Азаттық тілшісіне өзін Дархан деп таныстырған азамат өткен жылы жақын жамағайынының асқазан қатерлі ісігінен өмірден өткенін айтты.

– Туысқан ағам осы Алматыдағы онкологиялық аурулар ауруханасында жатып ем қабылдады. Асқазанына операция жасатты. Дәрігерлер операцияның сәтті өткенін айтып, «Енді он жылға дейін қыңқ етпей өмір сүресіз» деген. Алайды ол кісі бір жылға да жеткен жоқ, – дейді Дархан.

Дарханның айтуынша, «Дәрігерлер науқастың көңілін демеп, уақытша болса да алдайды немесе онсыз да қысқа өмірін одан әрі қысқартуға көмектеседі».

– Қайтыс болған туысқанымның асқазаны біраздан бері ауыратын. Бірақ соншалықты тез кетіп қалады деп ойлаған жоқпыз. Операциядан кейін бірден түсіп
Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институты. Алматы, 19 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институты. Алматы, 19 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
кетті. Егер дәрігерге бармай, халық емшісіне қаралғанда немесе үндемей жүре бергенде тағы да бірнеше жыл өмір сүрер ме еді, кім білсін, – дейді Дархан.

Алматылық Жанар «Қатерлі ісікке шалдыққан жанның операциядан кейін бір жола құлан-таза сауығып кетіпті дегенін естіген жоқпын» дейді.

– Қиналғаннан кейін үзілмес үмітпен дәрігерге барасың. Олар сенің жаныңды қинап кеседі, тіледі, күйдіреді. «Ойбай, бәрі сәтті болды – енді жазыласың» дейді. Мен екі адамды білемін. Осы Алматыдағы онкологиялық институтта операция жасатты. Бірақ екеуі де ауруханадан шыққаннан кейін көп жүрген жоқ, – дейді қала тұрғыны.

Қайрат есімді азаматтың ойынша, науқастың жазылуы – «Алланың қолындағы нәрсе».

– Операциядан кейін тәуір болған сияқты болады. Бірақ кейін қайтадан шығады. Осы аурудан жазылып кетеді дегенге сенбеймін, – дейді Қайрат.

«БАРЛЫҚ КІНӘНІ ДӘРІГЕРДЕН КӨРЕДІ»

Республикалық онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Мақсат Қарасаев «ауруға шалдыққан науқастардың өздері кінәлі» екенін айтты.

– Науқасқа шалдыққан жанның туған-туысқандары барлық кінәні дәрігерден көреді. Шын мәнінде, өздерінің сауатсыздығынан. Себебі ауру белгісі пайда болған күннен
Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының қызметкері, хирург Мақсат Қарасаев. Алматы, 19 сәуір 2012 жыл.
Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының қызметкері, хирург Мақсат Қарасаев. Алматы, 19 сәуір 2012 жыл.
бастап дәрігерге келіп қаралу керек. Ондай жағдайда ол адамның өмірін 100 пайыз сақтап қала аламыз, – дейді ғылыми қызметкер.

Мақсат Қарасаевтың айтуынша, ауруға ұшыраған жандар «Қайтеді дейсің» деп, «Біреу естіп-біліп қойса, ұят болады» деп, жалған намысқа тырысып жүре береді де дерті әбден ушыққанда келеді».

– Ол кезде бәрі кеш. Егер бізге келген науқастың дерті қаншалықты деңгейде болса, өмір сүруі мүмкіндігі де соған байланысты болмақ. Сондықтан науқастың кейінгі тағдырына қатысты «бес ай немесе бес жыл өмір сүресің» деп кесіп айта алмаймыз. Бәрі де ауруының деңгейіне және одан кейінгі жасалатын емдеу тәсіліне организмінің төтеп беруіне байланысты, – дейді Мақсат Қарасаев.

Ол «қандай жағдайда да операцияны сәтті өткізуге тырысатындарын», «бірақ ауруын асқындырып алған жанның организмі операциядан кейінгі химиялық терапияны, сәулені қалай қабылдайды - науқастың өмір сүру қабілеті осыған байланысты» екенін айтты.

«АУРУДЫҢ АТЫНАН ҚОРҚЫП, ДОҒДЫРҒА БАРМАЙ ЖҮРДІМ»

Республикалық онкология және радиология ғылыми зерттеу институтына Алматы маңындағы Ұзынағаштан келіп ем қабылдап жатқан Патшайым Ермұханова ауырғанына бір жылдай болғанын айтады.

– Соңғы екі айда тамағымнан су да өтпей қалды. Сосын осы жерге келіп ем қабылдадым. Қазір, құдая тәуба, жақсымын. Сәулемен емдеп жатыр. Ауруханаға
Институт ауруханасында емделіп жатқан науқас Патшайым Ермұханова. Алматы, 19 сәуір 2012 жыл.
Институт ауруханасында емделіп жатқан науқас Патшайым Ермұханова. Алматы, 19 сәуір 2012 жыл.
дейін осы қаладағы диагностикалық орталыққа көрінген едім. Олардың жазып берген дәрісін ішіп жүргенде ауруым ұлғайып кетіпті, – дейді Патшайым Ермұханова.

Ал Күләш есімді науқас Қызылорда облысы Тасбөгет кентінен келгенін, ауырғанына алты ай болғанын айтады.

– Басында аурудың атынан қорқып, доғдырға көрінбедім. Арасында бірнеше рет алтын инеге түстім. Сосын тамақ іше алмай қалдым. Осы жерде кішкентай қызым істейтін еді, сол екі күннің ішінде квота дайындап, алып келді. Қазір тоқ алып жатырмын, – дейді Күләш апа.

«АПТАСЫНА 60 АДАМҒА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ»

Республикалық онкология және радиология ғылыми зерттеу институты қызметкері Мақсат Қарасаевтың айтуынша, бұл институтта күніне 17-25 науқасқа, аптасына орта есеппен 60 адамға операция жасалады.

Азаттық тілшісі одан «Өткен бір жыл ішінде институтта операция жасалған науқастардың кейінгі тағдырынан хабарыңыз бар ма?» деп сұрады.

– Осында келген әрбір науқас есепке алынып, кейін облыс орталықтарындағы онкологиялық орталықтарға тіркеуге тұрады. Олар науқасты үнемі бақылауда ұстайды. Бірақ дәл қазіргі сәтте нақты мәліметті білмеймін, – деп жауап берді Мақсат Қарасаев.

Осы деректі білу үшін институттың статистикалық бөліміне де қоңырау шалған еді. Бөлім жетекшісі Ғазиза Жұмагелдіқызы «Мен сізге ондай ақпар бере алмаймын. Оған құзіретім жоқ. Әрі менде қазір жиналыс болып жатыр» деген жауап айтты.
XS
SM
MD
LG