Accessibility links

Туристік ассоциация басшысының онлайн-конференциясы


Қазақстан туристік ассоциациясының президенті Рашида Шайкенова. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

Қазақстан туристік ассоциациясының президенті Рашида Шайкенова. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

Азаттық шілденің 4-і күні Қазақстан туристік ассоциациясының директоры Рашида Шайкеновамен онлайн-конференция өткізді.

Орынбор (Ресей) педагогикалық институты филология факультетінің түлегі Рашида Шайкенова еңбек жолын орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастаған.

Бірнеше жыл журналистика саласында да еңбек етті: «Утро Бишкека» газетінің меншікті тілшісі; «Турне» журналы бас редакторының орынбасары болды; «Зеркало», «Сезон», «Казахстан», «Женщины Восток-Запад» журналдарына мақала жазды.

2001 жылдан бері Қазақстанның туристік ассоциациясын басқарып келеді. 2009 жылдан бастап Қазақстан қонақүйлері мен мейрамханалары ассоциациясының директоры.

Рашида Шайкенова - «Атамекен» ұлттық палатасының басқарма мүшесі. Туризм саласындағы эксперт, осы кәсіппен айналысатын мамандарды дайындау мәселесі бойынша құрылған ұлттық кеңестің мүшесі.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG