Accessibility links

Болат Атабаевтың онлайн-конференциясы


Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция беріп отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.

Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция беріп отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.

Азаттық радиосы маусымның 13-і күні театр режиссері, оппозициялық саясаткер Болат Атабаевпен онлайн-конференция өткізді.

Болат Атабаевқа 2012 жылы ақпанның 3-інде қылмыстық кодекстің 164-бабының 3-тармағы бойынша "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып тағылды.

Режиссер мамырдың 23-інде Жаңаөзенге тергеуге шақырылды. Ол маусымның 5-і күні Facebook әлеуметтік желісінде "Лас қолдарыңызды бос қойдым - мені сотсыз, 1937 жылдағыдай сыртымнан соттап жібере аласыздар! Сотсымақтарыңызға қатысып, оны заңды процесс етіп көрсетуге құлқым жоқ" деп, тергеуге өз еркімен бармайтынын мәлімдемеді.

Болат Атабаев 1952 жылы дүниеге келді. 1974 жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтын ("неміс тілі пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша), 1983 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітірді. 1990 жылы Мюнхен (Германия) ұлттық театрында стажировкадан өтті.

Атабаев режиссерлік жолын Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында спектакльдер (Шиллердің "Зұлымдық пен махаббаты" т.б.) қоюмен бастады. Одан кейін Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында Римованың "Қос мұңлық", Мақатаевтың "Қош, махаббат", Чеховтың "Шағала", Метерлинктің "Соқырлар", Брехтің "Тоғышардың тойы" сияқты көптеген спектакльдер қойды.

Республикалық неміс театрында жұмыс істеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазір «Ақсарай» театрын басқарады.

2012 жылы ақпанда режиссерді Германияның мәдениет институты Гете медалімен марапаттады. Болат Атабаев - 1954 жылдан бері танымал тұлғаларға берілетін бұл сыйлыққа Қазақстаннан тұңғыш ие болған адам.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG